Бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған. Азаматтары еркін және тең құқықты, ал билігі әділ. Онда заң
үстемдік етеді.
Мен біздің дұрыс бағытпен ілгерілеп бара жатқанымызға сенемін және бізді ештеңе де түзу жолдан тайдыра
алмайды.
Егер біз күшті болсақ, бізбен санасатын болады.
Егер біз таңғажайыпқа сенсек немесе басқаларға иек артсақ, қол жеткізген жетістіктерімізді
жоғалтып аламыз.
Бүгін біз ең дұрыс таңдау жасауға тиіспіз.
***
Қымбатты отандастар!
«Қазақстан 2050»
Жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыруда бізге – қазақ халқына айрықша
жауапкершілік жүктеледі.
Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан
алқынбай асамыз.
Достарыңызбен бөлісу: