29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға
қарсы іс-қимыл күні
деп жариялау туралы ұсынысымды қолдады.
Осының барлығы - жаһандық саясаттағы біздің рөлімізді тану.
Осындай жауапты саясатының арқасында Қазақстан ядролық қаруды таратпау режімінің көшбасшысы, басқа
мемлекеттер үшін үлгі болып танылды.
8. "Қазақстан
-
2030" Стратегиясы. Негізгі қорытындылар
«Қазақстан
–
2030» Стратегиясында біз еліміздің табысын жоспарладық
Біз алға қойған мақсаттарға дәйекті де табанды түрде қадам басып келеміз. 2008-2009 жылдардағы жаһандық
дағдарыстың өзінде ұлттық экономикамыз өсуін жалғастырды.
Достарыңызбен бөлісу: |