5. МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ ОДАН ӘРІ НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫ ДАМЫТУ Біздің мақсатымыз – мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру. Ол
қоғамға қызмет ету мен
мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс.
Бірінші. Бізге Мемлекеттік жоспарлау және болжау жүйесін одан әрі жетілдіре түсу керек. Қойылатын мақсат – жоспарлар мен бағдарламалар әзірлеуде мемлекеттік органдардың жауапкершілігін
күшейту. Осыған байланысты Үкіметке беретін тапсырмам:
Менің пайымдауымдағы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын ескере отырып,
жұмыста және өмірде еліміз басшылыққа алатын стратегиялық құжаттарды қайта қарау.
Елде Мемлекеттік аудит енгізу тұжырымдамасын әзірлеп, келесі жылы Парламентке тиісті заң
жобасын енгізу. Бізге мемлекеттік аудиттің ең озық әлемдік тәжірибесі негізінде кешенді жүйе құру қажет.
Экономикалық стратегияларымыз жүзеге асуы үшін мемлекет дағдарыстық жағдайларды күні бұрын
тиімді түрде біліп,