Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


ХХ ғасыр соңы – ХХІ ғасырбасындағы



Pdf көрінісі
бет148/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

1.9.3. ХХ ғасыр соңы – ХХІ ғасырбасындағы 
әлем елдерінің сәулеті
ХХ ғасыр басы мен ХХІ ғасыр соңындағы сәулет саласы 
алдыңғы онжылдықтардағы сәулет өнерінің дамуының нәтиже-
сінде, өзіне тән бірқатар өзгешеліктерге ие болды. Олар қала 
құрылысы, түрлері, әсемдігі сияқты сәулет саласының барлық 
бағыттарын қамтиды. 
Қала құрылысы қарқынды дамуға көшті. Ол қала ішіндегі 
құрылыс көлемінің өсуі мен тарихи ғимараттарды қайта жаңғыртуға 
қатысты ауқымды жұмыстырдың көбеюіне әкелді. Кейбір елдерде 
ол жалпы көлемнің 30-40 %-на жетеді. Жеке жобалау көлемі өсіп, ол 
құрастырмалы темір бетонды конструкциялардың азайып, оларды 
тұтас темір бетон және темір құрылымдардың ығыстыруына әкеліп 
соқтырды. 
Қарқынды түрде ескірген өндірістік кәсіпорындар жойылып
олардың орнына заманауи, көп жағдайда азаматтық құрылыстар 
салынып жатыр. Мұндай жұмыстардың айқын көрінісі Лондон 
орталығында орналасқан доктардың қайта жөнделуі болды. ХХІ 
ғасырға қарай Лондон доктары қаладағы ең ірі офистері, сауда 
және көрнекті өндіріс орындары («Арена Лондон» ірі концерт залы) 


164
түрлі тұрғын ғимараттар, мектептер орналасқан көп салалы көркем 
ауданға айналды. 
Жалпы ғасыр соңындағы қала құрылысына өндіріс орындары-
ның, ірі көпқабатты тұрғын кешендердің, қалалардағы іскерлік 
орталықтар құрылысының азаюуы тән. «Коммерциялық сәулет» 
кешендерінің қаланың тарихи орталығы саналатын аудандарындағы 
учаскелерде орналасуы еріксізден ғимарат жобаларын жасауда өте 
ұқыпты болуға итермелейді. Тарихи үйлесімдігін бұзбай жақсы ойла-
стырылып салынған құрылыстардың бірі - 1980 жылдардың соңынан 
бері жалғасқан, Париждегі - Дефанс жаңа іскерлік ауданының са-
лынуы. Дефанс жобасының ерекшелігі оның көп атқарымдығында 
(офистер, тұрғын үй, қонақ үй, сауда). Қаланың тарихи орталығында 
орналаса тұра жақсы шешім тауып салынған іскерлік орталықтың 
біріне 90-жылдардың аяғында аяқталған Берлиндегі Фридрихш-
трасс құрылысын жатқызуға болады (көп жылдар бойы оны Берлин 
қабырғасы басып өтіп жатты). Қала құрылысы тәжірибесінде тарихи 
қалалардағы маңызды ғимараттарды қайта жөндеу кезінде ескі мен 
жаңаны салыстыру тәсілі қолданылады. Танымал композициялардың 
қатарына (1983-1993 ж.) американ сәулетшісі М. Н. Пеяның Лувр 
ауласындағы бес шыны пирамидасы имараттары жатады. Ульма 
қаласындағы неомодерн ратушасы XIV ғасырдың готикалық собо-
рымен тығыз жалғаса салынған, (сәулетшісі Р.Майер, 1987 ж.), Г. 
Холяйн сауда орталығының шыны цилиндрлары Венадағы Әулие 
Стефан соборына (ХІІ-ХV ғ.) қарсы орналасқан, Париждегі Әулие 
Мартин готикалық соборының жанынан Попиду атындағы орталық 
салынған. 
Ғасыр соңындағы ғимарат түрлеріндегі басты мақсат көп 
функционалдық имараттар мен ғимараттарды «үлкен кеңістіктіктер 
сәулетін» қалыптастыру болды. 
Негізі 1970 жылдары қаланған «ірі ғимараттар», үлкен жабық 
атриум түріндегі қонақүйлер, офистер, кейінірек дүкен, кафе, кино-
залдар, ойын залдары т.с.с элементтері бар көп функционалды «үй 
ішіндегі қала» типіндегі үлкен имараттарға дейін өсті. Мұндай има-
раттарды жаңадан жобалайды немесе қаладағы құрылыс нысанда-
рын қайта жөндеу кезінде қатар тұрған нысандар арасын байланыс-
тыру арқылы салады. Жобада ішкі аулалар мен шағын көшелерді 
«шатырлармен» жабу қарастырылады (мысалы, Англиядағы Питер-
боро қаласы немесе Франкфурт-на-Майне).


165
Жаңашыл құрылыс технологияларының шексіз мүмкіндіктерінің 
іске асуының арқасында пайда болған ғимараттардың бірі Пот-
сдамер Плац жанындағы SonV ірі мәдени орталығы 
(76-сурет)

Кешеннің орталық бөлігі үлкен темір діңгекті-жабудың 
(ванта-
тентті) 
астында орналасқан 
(77-сурет)
. Чикаголық сәулетшілер Х. 
Джан мен Д. Марфи да ауасы алмасып тұратын жабық үлкен кеңістік 
құруға ұсыныс жасаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет