27
жайлардың айналасына бірқатар тоғайлар отырғызылған. Кедейлер
тұратын қала бөліктері өз кейпін өзгертпеді, бұл қала бөліктерінде
де ең қолайлы жел бағыты мен тұрғын үйлер үшін ортақ норма
ескерілді (қала белгілі жоспар бойынша бос орынға салынған).
17 жылдан кейін Амон қайтадан мемлекет құдайы болды,
бірақ енді ғибадатхананың саңылаусыз қабырғалары бағаналы
діңмаңдайшалармен алмастырылады және жарық діни жора-
лар кезінде қосымша ықпал ету құралы ретінде пайдаланылады.
Мұндай ғибадатхананың алғашқы үлгісі ретінде терезе ойықтары,
баспалдақты биік шығыңқы іргесі мен ашық діңмаңдайшалары бар
Элефантин аралындағы ғибадатхананы атауға болады.
Тонаушылардан аман қалған жерасты молалары аз, солардың
қатарына ХVІІІ әулеттің перғауыны Тутанхамон мазары жатады.
Мазардың төрт камерасы: 90 шаршы метрді құрайтын қосымша
бөлмелері бар вестибюль, жерлеу камерасы мен қазына қоймасы
әсемдігімен және шағын пішінімен таңғалдыратын діни бұйымдарға
және көркем қолөнер заттарына толтырылды.
Достарыңызбен бөлісу: