Курватура (әсемиіндеме) – антикалық ордердің «стилобат», «ан-
таблемент», «бағаналарында» қабылдау кезінде олардың тура
жолдығының оптикалық бұрмалануын жоюға арналған тура
сызықты элементтердің арнайы жасалған қисықтығы.
Курдонер – негізгі корпус және бүйірлік қосалқы үйлерден түзілген
сарайдың, үй-жайдың, оңаша үйдің салтанатты ауласы.
Курица (айырбақан) – шегесіз жабын элементі: төбе сырғауыл-
дарында іліп алу үшін ілмек ретінде қолданылатын тамыр-
лардың бірінен тарамдалған шырша оқпаны.
Лежень (жатқызба) – еден немесе төбе конструкциясындағы
көлденең сырғауыл.
Лемех (кертпеш тақтайша) – сопақ имек тақтайша түріндегі ағаш
сәулетшілікте ғибадатхана күмбездері шатырларының жабын
элементі.
356
Лопатка (жауырындық) – ішкі қабырға жалғасы болып табыла-
тын ғимарат қабырғасының сыртқы жағындағы жазық тік
шығыңқы жер (төрттаған күмбезді жүйе).