Пилястра (жауырындық қабырға) – ұстын немесе қақпабағана-
ның жартысындай қабырғадағы жазық шығыңқы жер.
Пинакль (мұнараша) – өрнекті сүйірқадалармен тұратын үшкір
сәнді пирамидалы мұнаралар түріндегі готика имараттарын-
дағы қарсыкермелердің аяқталуы.
Плафон (әшекейтөбе) – көбінесе, көркем безендірілген төбенің
сыртқы беті: сылақнақыштармен, жапсырмалармен, таскесте-
мен және т.б.
Плинфа (жалпақкірпіш) – көлемі 40-50 х 40-50 х 4-5 см., Византия
және Ежелгі орыс сәулетіндегі жазық төртбұрышты «кірпіш».
Подий (нар) – бір немесе барлық жағынан саты тәрізді есігі бар,
Ежелгі Римдегі ғимарат табаны (көбінесе, ғибадатхана).