134
жазылуына себепкер болды
. «Соғыс психологиясы»
–
жастарға арналған
кітап. «Соғыс психологиясында» соғыс куәгерінің әңгімесі патриоттық
pyx, қайтпас жігер, табандылық пен ерлік, аға ұрпақтың батырлық
өнегесіне тәрбиелейді, соның лайықты жалғастырушысы болып, қасиетті
әскери дәстүрді арттыра түсуге жетелейді.
Отты жылдарда қан кеше жүріп, болашаққа аманат ретінде
қалдырған жазушының «Қанмен жазылған кітап» атты еңбегі жастарды
патриотизмге, ерік-жігерге, адамгершілікке тәрбиелейтін өнегелі өмір
мектебіндей. «Соғыста шындықты табу өте қиын, ал оны жинақтау, қорыту
одан да күрделі. Мен соғыс тақырыбына жазылған әдебиеттерді оқыған
кезімде олардың көпшілігінің шындыққа келмейтініне көзім жетті.
Баспахананың бояуымен жазылған кітаптар да, адам қанымен жазылған
кітаптар да болады. Мен баспахана бояуымен емес, майдан даласында
шынайы қалпында, бар болмысымен қанмен жазылған соғыс кітабын
жаздым», – деп баяндайды Бауыржан Момышұлы «Қанмен жазылған
кітабында».
Бұл туралы зерттеуші Мұхтар Қазыбек былай дейді: «Бауыржан
Момышұлы мұраларының ішіндегі ең асылы–осы «Қанмен жазылған
кітап. Әлем халықтары әдебиетінде Момышұлы қалдырғандай мұра
кездеспейді. Оның ең бір құнды жағы батырдың жауынгерлерге,
майдандас достарына берген сипаттама, мінездемелері адамның
көкірегінде терең із қалдырады». Ендеше қанды соғыстың қатыгез бейнесі
шынайы бейнеленген шығарманы назардан тыс қалдырып, тарихқа
жауапкерсіздікпен қарамайық.
Бауыржан Момышұлы өз халқын, өз ұлтын сүйгенін ешқашан
жасырған емес. Коммунистік идеология қыспағына қарамай, ұлттық
құндылықтар туралы ашық көзқарасын жасырмады. Ол қазақ және орыс
тілдерінде бірдей жазып, өз өміріндегі көрген білгендерін шығармаларына
арқау етті. Бауыржан Момышұлы туралы жазылған өзгелердің де, өзінің де
туындыларында оның адамдық болмысы қазақ халқының ұлттық
болмысымен бірігіп астасып жатады.
Ойымды түйіндесем, Бауыржан Момышұлы шығармаларының
құндылығы бүгінгі таңда баға жетпес мұра болып табылады. Себебі
жастарды, жаңа ұрпақты өз ісіне сенетін, кедергілерден қорықпайтын,
оның қандайын болса да, жеңе білетін күрескерлік рухта тәрбиелеу –
бүгінгі күннің басты талабы.
Достарыңызбен бөлісу: