1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет13/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Key words
: idioms, numerical components, linguocultural aspect, ethno-linguistics.
Бір-бірінен алшақ, құрылымы мен құрылысы мүлдем 
сәйкес келмейтін тілдерді салыстыра зерттеудің 
маңызы аса зор екенін алғаш айтқан Н.Марр: «Нам 
нужны черты не только но и разъединящие,нам ну-
жен анализ парнослогаемых языков и в их рас-
хождениях» [1,410 б.] болатын.Соңғы жылдары 
фразеология саласындағы зерттеулерде ерекше на-
зар аудартып отырған мәселе- тілдер арасындағы 
тұрақты тіркестерді салыстыра зерттеу. Герман тілдері 
мен қазақ тілін әр түрлі қырынан көрсете отырып 
қарастыру өзектілігі күннен- күнге артып келеді.
Еліміз егемен ел ретінде өз бетінше өркендеп, 
дамыған елдер қатарына ұмтылып, ғылымы мен 
білімі бір ізге түсіп, ешкімге жалтақтамай, дербестік 
алды десек, қарт құрлықта беделді де әулетті, әлемнің 
миллиондаған тұрғыны тұтынатын ағылшын тілімен 
салыстыра зерттеудің маңызы аса зор. Тұрақты сөз 
тіркестерін қарастырғанда этнолингвистика ғылымын 
айналып өту мүмкін емес.Осы жайлы М.Копыленко 
«Предмет этнолингвистики нередко суждается до так 
называемой этнокультурной лексики и фразеологии 
, с чем нельзя согласиться.В нашем представлений
предмет этнолингвистики гораздо шире,он включает 
все то, в чем находит отражение идиоэтничность.Тем 
не менее , наибольшее число этнолингвистических ис-
следований касается именно лексики и фразеологии 
как такого яруса языка, в котором этнос находит наи-
более яркое выражение» [2,176 б].Әр ұлттың ұлттық 
нақышы мен менталитеті айқан аңғарылатын тіл 
білімінің тұрақты тіркестер саласын этнолингвисти-
ка саласымен байланыстыра зерттеу үлкен жетістікке 
жол сілтейді. Бұл саланың өзі бірнеше бағытты 
басшылыққа алады:коммуникативті, құрылымдық, 
универсалды, тарихи т.б.
Тұрақты сөз тіркестерін этнолингвистика сала 
сымен байланыстыра зерттеумен қатар, тіл арқылы 
мәдениетті тану негізінде- лингвомәдениеттану, тіл 
арқылы елді тану негізінде - лингвоелтану салалары 
пайда болды.Осының негізінде тілді этностың таны-
мын арқау ете зерттеу басты назарға шықты.
Тіл мен мәдениетті бір-бірінен алшақтатау мүмкін 
емес дейтін болсақ, әр ұлттың тілі мен мәдиениеті 
ойымен ұштасып, бүтін бір ұштұғырлы байланысты 
құрайды. Тіл әр ұлттың мөп -мөлдір айнасы.Бұл ай-
нада кез-келген ұлттың дәстүрі салт-санасы, өзіндік 
даралығы, ұлттық менталитеті, ұлттық құндылығы, 
жалпы, өткені мен бүгінгісі, болмысы мен табиғаты,
танымы мен түсінігі көрініс табады.Айна бетіндегі 
сақталған бейне ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырады.
Әрбір жас сәби ана құрсағында жатып-ақ ана тілінің 
дәстүрін, тәжірибесін, білімін, ұстанымын, тарихын 
бойына сіңіріп өседі.Лингвомәдени сипат бағыты тіл 
біліміндегі жаңа бағыттардың бірі. Лингвистикада
тілді тек қатынас құралы емес, әрбір ұлттың мәдени 
қоры жиналған код деп танитын бағыт болып бекіді.
Тіл біліміндегі жаңа бағыттардың негізін салушы 
В.Гумбольдт “Менің ұлттық тілімнің шегі-менің 
көзқарасымның шегі” [3,232 б.]-деді.
В.Гумбольдт тіл мен мәдениеттің арақатынасы тура-
лы:
1)материалдық және рухани мәдениет тілде 
көрінеді;2)кез-келген мәдениет ұлттық, оның ұлттық 
сипаты тілде көрінеді;3)ұлттық рухтың көрінуі оның 
мәдениетінде;4)тіл-адам мен қоршаған дүниені 
жалғастырушы аралық.
Адамзаттың дүниетанымы, кез келген құбылыс 
пен болмысқа деген көзқарасы сол адамның тілінде 
қөрініс табады.Яғни, сол адам қандай да бір ұлтқа жа-
татын болса, сол ұлттың басынан өткерген мәдениеті, 
тарихы, өткені мен бүгіні,ұлттық ерекшелігі танымы, 


15
дүниеге көзқарасы, ішкі, сыртқы айырмашылықтары 
сол халықтың тілінде көрініс табады [4,198 б.].
Лингмәдени аспект тұрғысынан зерттеу мәдениет 
пен тіл білімі салаларының тоғысында пайда болды,әр 
ұлттың тілдік ерекшелігі мен мәдениетін танып білуде
сол ұлттың фраазеологизмерін зерттеу өте маңызды 
мәселелердің бірі. Ұлт мәдениетін тілді басты назарға 
алып тану, оның ішінде рухани мәдениет – тұрақты 
сөз тіркестері арқылы тану аса өзекті мәселе болып 
табылады.
Мағына мен таным өте тығыз байланысты.Қазақ 
халқының өте жоғары талғамы мен танымын,рухани
құндылығын атадан балаға мирас етіп жетелеп келе 
жатқан рулар мен тайпалар тіліндегі сан компонентті 
фразеологизмдер ерекше назар аудартарлық мәселе.
Қазақ даласында өмір сүретін әр рудың өзінік 
ерекшеліктерін сипаттайтын тұрақты сөз тіркестері 
қалыптасқан. Соның ішінде,әсіресе, сан компоненті 
арқылы жасалған фразеологизмдер аса қызықты.
Қазақ даласындағы рулар арасында төмендегідей сан 
компонентті тұрақты сөз тіркестері қалыптасқан:отыз 
ұлды Қожан; тоғыз тума; Әдептің алты қасқыры; 
үш Тілеуберді, тоғыз үй Тоқтанбет; бес бәйтен, жеті 
самай,үш көпші; жеті Жолымбет; Құлыншақтың бес 
қасқасы. "Құлыншақтың, бес қасқа" деп аталған, бес 
мықты ұлы болатын.Олардан қазір Манас қана үйде 
отыр.Бұл “қасқа”десе дегендей, еңгзередей екен.[М.Ә. 
“Абай жолы”].Бұл жолдардан түйетініміз Құлыншақ 
деген кісінің бес ұлы биік те батыл тұлғалы, ел есімде 
қалған азаматтар болғанын байқаймыз.Осы негізінде 
Құлыншақтың бес қасқасы деген тұрақты тіркес 
жағымды концепт болып қалыптасқан.
Кез-келген ұлтта «береке,татулық» концептісі басты 
назарда ұсталынатын жайт.Қазақ халқы «татулық, 
береке,ынтымақ» мәселесін ерекше қадіреп,құрмет 
тұтқан.Мысалы, алтау ала болса ауыздағы кетеді, 
төртеу түгел болса, төбедегі келеді деп ғибадат еткен. 
Яғни алтау деп отырғаны – әр шаңырақ үш-үш жұрттан 
құралған “алты” жұрттан тұрады дегені:отағасының 
да “өз жұрты”, нағашы жұрты “қайып жұрты дегені, 
ол ” “төртеу”дегені: төрт төңірегі көрші қолаңы мен 
туыстары дегені.
Сан бөлігі қатысқан фразеологизмдерді зерттеудің 
бастамасы тіл білімі саласының морфология 
бөлімінде сан есім категориясын ажыратудан пайда 
болды.Ал сан есім категориясы түркі тілдері сала-
сында Н.И.Ильминский,П.Мелиоранский, В.Радлов, 
Н.Ястремский жазбаларында көрініс тапты. Одан 
ары сан есім құрылымдық жағынан В.М. Наджип, 
Н. Дмитриев, А.Юлдашев, А.Кононов еңбектерінде 
зерттелді. Бұдан бергі жылдары, 20 ғ. 50-80 жылдары 
І.Кеңесбаев, А.Ысқаков, М.Балақаев, К,Аханов сияқты 
ғалымдардың, Т.Сайрамбаев, Ә.Хасенов, Н.Оралбаева 
сынды зерттеушілердің еңбектеріне арқау болып, сөз 
табы деңгейінде, құрылысы, сөз жасам жүйесіндегі 
орны, сөйлемдегі қызметі, өзге сөз таптарыны айна-
лып кетуі сынды елеулі мәселелерді көтерді.
«Әдетте, тілдік жүйедегі тұрақты бейнелі оралым-
дарды (фразеологизмдер, мақал-мәтелдер) заттық-
тақырыптық тұрыдан топтастыруда негізінен мынадай 
екі ұстаным басшылыққа алынды: 1.«Ұйытқы» немесе 
«өзек» сөздердің , яғни компонент-доминанттардың 
лексикалық мағынасын ескеру; 2.Тұрақты оралымның 
белгілі бір ұғымдар мен құбылыстарды білдіретін 
жалпы маынасын ескеру.Бірінші ұстаным бойынша 
тұрақты бейнелі оралымдарды топтастыру барысын-
да олардың материалдық негізі , өзара ассоциацияға 
түсетін түсініктердің және жеке образдың қайнар 
көздері анықталатын болса,екінші ұстаным негізінде 
осы түсініктердің ауыспалы мағынада басқа ұғым – 
түсініктерге телінуінің нақты қырлары,яғни мазмұн 
мен меже айқындалады»[5,304 б].Ғалым еңбегінде 
көрсетілген «ұйытқы» тұрақты сөз тіркестері-зооним
дер,фитонимдер,нумеративтер,соматизмдер,лингвоку
льтеремалар болып табылады.
Ағылшын тілінің маңызы күнен күнге артып, 
жаһанданудың көзі болып, күн санап қажеттілігі ар-
тып отыр. Тіл үйренудің маңыздылығынан бастасақ, 
әрбір тілде қалыптасқан көркем оралымдар- тұрақты 
тіркестерді орағытып өту мүмкін емес.
Тіл біліміндегі фразеология бөлімі – өте күрделі 
сала болып есептелінеді де, әр түрлі аспектіде,әр 
қырынан зерттеуді қажет етеді. Ағылшын тілінің 
фразеологизмдерін зерттеуде А.В.Кунин біршама 
еңбектер қалдырды.Ағылшын тілі табиғатын зерттеген 
ғалымның еңбектері салыстырмалы, салғастырмалы 
бағыттағы зерттеулерге негіз болып,тың идеяларға 
шақырды.
Халықтар арасындағы мәдени байланысқа деген 
мұқтаждық, бір тілден екінші тілге деген аударманы, 
баламаны қажет етеді.В.Телия:”Мәдениет халықтың 
өзіндік ерекшелігі бар тарихи естелігі.Тіл өзінің 
кумулятивтік қызметінің арқасында оны сақтап, 
ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырады”[6,56]- 
деген екен.Тілдер арасын салыстыра, салғастыра 
зерттеу барысында ғана сол тілдің өз басын жеке 
алып қарағанда көзге түсе бермейтін ерекшеліктері, 
айырмашылықтары, өзіне тән белгілер айқындалады.
Төмендегі мысалдардан қазақ тілі мен ағылшын 
тілдерінде қолданылатын сан компонентті тұрақты сөз 
тіркестері арасындағы жақындықты, кейбірінен, тіпті 
сөзбе-сөз сәйкес келетін ұқсастықтарды айтуға бола-
ды:
1) to kill two birds with one stone-бір оқпен екі қоянды 
ату 2) two dogs over one bone seldom agree-двум соба-
кам;3) one bone one feeh-екі қошқардың басы бір қазанға 
сыймайды;4)in at one ear and out the other-бір құлақтан 
кіріп, екінші құлақтан шықты; екі:1)between two fire- 
екі оттың ортасы2)be in two minds-екі ойлы болу;3)
as like as two peas-егіз қозыдай ұқсас (көз жасындай 
ұқсас);төрт: the four corners of the earth – әлемнің төрт 
бұршы;within these four walls- төрт қабырада;Know 
stb as one knows his ten fingers- біреуді он саусақтай 
білу;One lie needs lies to wait upon it- қырық өтірік;


16
Жеті саны ағылшын тұрақты сөз тіркестерін 
де көптік мағынада қолданылады. Dance to one’s 
tune-Біреудің аузына қарау;Hold one’s tongue-
Тіліңді тый!All bread is not baked in one oven-Бес 
саусақ бірдей емес;Look like a million dollars; not 
have two cents to rub together, not a red cent деген 
тұрақты тіркестеріндегі “dollar”,”bucks”,”cent” 
лексемалары АҚШ ақша атауларына тән.
Ағылшын тілінің британдық нұсқасы тілдік 
норманың дұрыс қалпы, классикалық үлгісі 
болғанымен, американдық ағылшын тілінің 
үстемдігі басым.Осыған орай, американдық 
фразеологизмдердің де көпшілігі британдық 
нұсқаға әбден сіңісіп кеткен.
Horse stumbles that has four legs – екі аяқты 
адам түгілі төрт аяқты мал да сүрінеді;
Ағылшын тіліндегі тұрақты сөз тіркесінде 
мол ұшырасатын dozen сан компоненті өте 
күрделі лексика болып есептеледі.
“dozen” компоненті әр сөз тіркесінде әр түрлі 
to the dozen – тоқтамай сөйлеу мағынасында 
қолданылса, а baker`s dozen қолданысында 
мүлдем өзгеше мағынаға ұласады.
Bunch of fives – бес саусақ, жұдырық 
мағынасында қолданылады.
Ағылшын тілінде “қырық” сан есімі тұрақты 
тіркестерде көп ұшыраса бермейді.Деген-
мен, talk forty to the dozen – тоқталмай сөйлеу, 
бір сөздің орнына 40 сөз айту мағынасын 
береді.“Twenty” компоненті өте көп, аса мол 
мағынасында жұмсалуы мүмкін. Мысалы, be 
in twenty minds – шешімін таппау, қипақтау 
мағынасын білдіріп, қазақ тіліндегі санам 
санға,ойым онға бөлінді деген фразеологизм-
мен сәйкестендіруге болады.
Осы сияқты тұрақты сөз тіркестерін са-
лыстыра отырып, ұлттар арасындағы таным 
дүниесінің соншалықты ұқсастығын,дүние мен 
болмысқа деген көзқарастың сәйкестігін аңару 
қиын емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет