49
Сүдігерде изен ызыңдайды
– Әшіркүл мен Тамабайдың айтысы ғой, – деді Қуан
аға.
– А-а! – деп мəнісін біраздан кейін барып түсініп,
күліп жіберіппін. Ертеректе Тамабай мен Әшіркүл
деген ерлі-зайыпты кісілер өткен екен. Той-жиында,
шілдехана, бəдік, бастаңғыда екеуі екі жақ боп, жаңа
танысқан қыз бен жігітше өлеңмен айтысады екен.
Әшіркүлге Зейнеп деген келіншек серік болатын
көрінеді. Тамабайдың сонда айтатыны:
Әшіркүл, Зейнеп,
Отырмын сөйлеп.
Бұл қызық өтер-кетер
Өй деп, бүй деп...
Мына бөденелер де бірі еркегі, бірі ұрғашысы, екеуі
біріне-бірі жете алмай зарыққан ғашықтарша үзіліп-
үзіліп тамылжиды.
– Бірін-бірі таба алмай жүр ме? – деймін таңданып
–
Бірін-бірі іздемесе, бəлсінбесе, – сəн болмайды
да, – деп күлді Қуан аға.
Өзек бойындағы дүлей теректерден құс жастықты
біреу сілкілегендей мамық бұрқырайды. Баяу желден
бəйтерек басы шайқалып, жапырақтары жамырап,
жер бетіне жайылып ұшып кеткен мамығын жоқтап
тұрғандай күйзеліңкі күйде.
Ақ жарылқап күн туғандай майдың айы. Бірақ сонда
да көңілі бүтін ешкім жоқ сияқты. Тіпті көкшіл аспан
төсіндегі ақ желкен
бұйра бұлттар да баяу қалқып,
мұңды пішін танытқандай.
Ал енді жиырма аттың ішіндегі жалғыз байталдың
күні күн емес пе деп қалдым. Колхоздың аттарына
жекеменшік малды қосып бағуға басқарма қатаң тыйым
салса да, Қуан аға өзінің жалғыз байталын үйдің жанына
50
Сүдігерде изен ызыңдайды
арқандап қоюға обалсынып, аттарға қосып бағады.
Ақта болған аттар дүниеде от оттап, су ішуден басқа
қызықтан мақрұм. Олардың сол топастығын түсіне
алмаған сары байтал іші пысып, аласұрып, ұрынарға
қара таппай тарпаң. Өзі де жұнттай, жүні қызғылтым
алтындай жылтылдаған таза семіз.
Байтал ойнақтап барып, ұрынып өткен кезде, аттар
жақтырмай,
құлақтарын жымитып, тістерін ақситып,
кіржің ете қалады. Тек бүрікқұлақ дəу қарагер ат қана
кəдімгідей қоқиланып, оқыранған болады. Бүрікқұлақ
қыста қар қалың болып машина, трактор жүре алмай
қалған кезде председательдің шанасына жегіледі.
Сондықтан ала жаздай оның арқасына шыбыннан
басқа қонбайды, желден басқа мінбейді. Сол бұлан
бостандықтың
арқасында ат та болса, алыста-алыста
қалған тай-құнандық тəтті дəурен көзіне елес беріп
өткендей болады да, бұлғақтаған сары байталды
жанынан қумайды.
Сары байтал аттың кəрісі лақса жиренге де барып
ұрынғанда, Қамбарқасқаға жуымайды. Сұңғылалықпен
оның жақында жат дүниелік болатынын сезгендей
аулақ жүреді.
Іш құста болған сары
байтал кейде аулақтан иіс
аулағандай ауыл жаққа зарыға қарап, құлағын тігіп
көпке дейін тұрады. Ақыры шыдай алмай салып
ұрып, көшенің бас жағындағы огородтың аяғын ала
арқандаулы тұрған Сапардың күрең айғырының
жанына жетіп келеді. Сорлы күреңде қамауда
тұрғандай, кісінеп-кісінеп
алып мойнын қаздай иіп,
тоқпақ жалы күдірейіп, құйрығы желбірей көтеріліп,
тұла бойы атылатын садақтай шиыршықтала бастайды.
Байтал айғырды алқындыра түспек болып, бəлсініп,