в » дыбысын шығаpады, тiлi « д » дыбысын шығаpаpдағы қалыбында болып, деpеу iштен келген ауа тiлдi тiс түбiнен, еpiндеpдi бip- бipiнен айыpып шығады. Жалғыз айыpмасы « в » мен« д » бipден шығады және еpiндеpi бip-бipiнен тегiс көтеpiледi (сондықтан шылп етедi), « в »-ны шығаpаpда тек оpтасы ғана ашылады. «Аузын быpтылдатқанда» еpiндеp алдымен « п » дыбысын шығаpады да, аз мезгiл « қ »-ны шығаpаpдағы қалыпта тұpып, сонан кейiн қос еpiндi « б » дыбысын, ақыp аяғында « т » дыбысын шығаpады. Бipақ бұлаpды сондай тез тiзiп өтедi, баpлығы қосылып кетедi », – дей келіп, әйел затына тән био-әлеуметтік,
этномәдениеттік ерекшеліктерге сәйкес
ым тілінің фонациялық амалдарына
да егжей-тегжей түсініктеме береді.
Филология
ғылымдарының
докторы
Э.Н.Оразалиеваның:
«...Қ.Жұбанов
ым тілінің тек қимылмен шектеліп қалмайтынын, оның
«дыбыс шығару процесі осы күнгі тіл дыбыстарының жүйесіне келмейтінін»,
әрі, ең бастысы, қарым-қатынастың бұл түрі «адам мен адам арасында ғана
жүретінін», «хабар берудің» ерекше амалдарын құрайтынын дәл анықтаған.
Бұл мәселелердің көпшілігі жалпы тіл білімінде тек бүгінгі күні дәйектеліп,
жан-жақты талданып зерттелуде. Осыған сәйкес, паралингвистикалық
(паратілдік)
элементтердің
функционалды-семантикалық
ерекшелігін
айқындау
арқылы
адам
қарым-қатынасының
онтогенетикалық,
эгоцентристік, психофизикалық әрі әлеуметтік нормаларын жүйелеуді мақсат
етеді», – деген ойы жоғарыдағы пікірлерді нақтылай түседі (89).
Проф. Қ.Жұбанов ым тілінің қатысымдық қызметімен қатар, ұлттық-
мәдени ерекшелігіне талдау жасай отырып, оның әртүрлі халықтарда өзіндік
сипатпен, ерекше жүйемен қолданылатындығына зер салады, сол арқылы
бейвербалды амалдардың қоғамдық, этникалық әрі психологиялық табиғатын
сұрыптауға мүмкіндік береді.