248
Осындай журналдар Орынбор, Орал, Уфа т.б. қалалардағы медреседе оқып
жүрген жастардың органы болады. Сондай журналдың қатарына 1916 жылы
шығарыла бастаған «Көсем», 1920-жылдарда белгілі жазушы Жиенғали
Тілепбергеновпен (1895-1933) бірге шығарып тұрған «Садақ» атты қолжазба,
Күйік (Елек) қаласында Құдайберген оқып жүрген кезде жазылып тұрған
«Тез» деген символикалық аты бар «журнал» жатады.
Журналдың атын «Тез» деп қойғандағы мақсаты – бұрыннан, ескіден
келе жатқан ескіліктің қалдықтарын тезге сап түзету, надандықтан арылып,
ағартушылық бағыт ұстану, мәдениетті жұрттардың өнегесіне қанығу.
Аталмыш журналда Қ.Жұбановтың «Ит әулие» деген шығармасы
жарияланған. Бұл жарияланымда ауылда жүрген кезде-ақ ескінің
қалдықтарын, «дүмше молдаларды» мазақ етіп, қысқа өлеңдер жазатын ол
Күйікқалада өзінің қаламының ұшталғандығын байқатты. Қолжазба
журналға өзі редакторлық жасап, онда сол кезеңнің әлеуметтік маңызды
мәселелері қамтылуына елден ерекше атсалысты.
1920 жылы Темір қаласында уездік Халық ағарту бөлімінде қызмет
істеп жүргенде Қ.Жұбанов «Ай» деген атпен қолжазба журнал шығарады.
Уездік халық ағарту бөліміндегі жұмысы рухани талғамына сай келетін
болған соң ол өзінің білім дәрежесін көтерумен ғана шектелмей,
шығармашылық ізденіске де ден қойды. Темір қаласы жастарының басын
қосып, көркемөнерпаздар үйірмесін құрды. Ескі мен жаңаның күресін
бейнелейтін скетчтер мен шағын пьесаларды өзі бас болып жазып, оларды
сахналайды. «Ай» уездік халық ағарту бөлімінің жанынан шығып тұрды.
Журналдың беташары ретінде «Ай» деген өлең жазды. Мұнда
публицистикалық сарын басым:
«Көп заманнан көкте жүздің жылысып,
Тудың-баттың, жүрдің ақырын ығысып.
Ақ кіреуке – әсем көрік, дөңгелек,
Келбетіңе қызығып дүние тым ыстық...
Сұлуларды мақтаса жұрт «айдай» дер,
-Болар ма еді, нағыз айдай, бай-бай дер,
-Арыстан да айға ұмтылып, мерт болған,
Оған жету қайда бізге, ойбай, дер.
Жарық қылдың, сиқырладың жер жүзін,
Достарыңызбен бөлісу: