62
Проф. Қ.Жұбанов буынды тілдің көп қырлы, күрделі құрылымдық
жүйесі деп таниды да оған мынадай сипаттама береді: 1) буын мен емленің
байланысы; 2) буын мен сөз тудыру; 3) буын мен сөз түрлендіру; 4) буын мен
сөз екпіні; 5) буын мен сөз сазы (интонация); 6) буын және сөз мәнері
(«ажарлап» сөйлеу, «әсерлеп» оқу); 7) буын және өлең құрылысы.
Міне, ғалымның буынды орталық ұғым ретінде ала отырып, оны тілдің
өзге жүйелерімен байланыстыруын
тіл
(язык) және
сөз
(речь) тұрғысынан екі
топқа бөліп қарауға болады. Біріншісі – буын тілдік (языковой) құрылым:
(структура) буын мен сөз тудыру, сөз түрлендіру, сөз екпіні, сөз сазы
(интонациясы). Екінші – буын сөз (речь) жүйесімен тығыз байланысты
құбылыс: буын мен емле (жазба сөз элементі); буын және сөз мәнері
(ауызша сөз элементі), буын және әсерлеп оқу, яғни жазба мәтінді (тексті)
(письменная речь) ауызша мәтінге (текске) салу.
Қ.Жұбанов
Достарыңызбен бөлісу: