хабаp сазды
болады
» деген ойы айғақ бола
алады.
Профессор Қ.Жұбанов
хабар сазды, леп сазды, сұрау сазды
сөйлемдердің
әртүрлі
(хабар
беру,
қуантқанын,
мұңайтқанын,
таңдандырғанын, опындырғанын т.т. да қоса білдіргісі келу, сұрап білу)
мақсаттарына байланысты ерекшеленетінін дөп басып таниды.
Ғалым сөйлемдерді мағынасына және құрылымына қарай (жай сөйлем,
жайылма сөйлем, күрделі сөйлем т.т. немесе леп сазды сөйлем) жіктеудің қас
шебері саналады. Ғалым алдыңғы үшеуінің «
мүше құрылысы жағынан қарап
айырғандығын
», ал соңғысын «
сөйлемнің дауыс құрылысына, әніне, сазына
қарай таптастырғанын
» айтады. Осы себепті де құрылысы жағынан бірдей
сөйлемдер (яғни жай, жайылма, күрделі) сазы жағынан, яғни дауыс ырғағына
қарай түрліше болуы мүмкін. Ғалым мұны «
тек бір нәрсенің өзін екі түрлі
өлшеуішпен өлшегендік қана
» деп түсіндіреді. Бұл ойын да ғалым қарапайым
салыстыру (
ұзын бойлы қараша жігіт
) арқылы түсіндіреді.
Профессор Қ.Жұбанов сөйлемдерді таптастыруда (жіктеуде) тек қана
мағынаға сүйену дұрыс болмайды дейді. Өйткені «
сөйлемнің мағынасы тек
129
дауыс сазы түрленгенде ғана түрленіп отырмайды, сөздері өзгерсе де
өзгереді
». Ғалымның пікірінше, «
сөйлемнің дыбысын қозғасаң да, сөзін
қозғасаң да, әнін қозғасаң да, бәрібір, оның мағынасы да осымен бірге
қобалжымақ
».
Ғалым сұраулы сөйлем мен хабарлы сөйлемнің дауыс сазының түрліше
болатындығын дәлелдеген пікірлерін қазақ тіліндегі сұраулы сөйлемдердің
қызметіне қарай үш топқа (негізгі, жетек, анықтаушы), мағынасына қарай
төртке (ашық сұрақты білдіретін, альтернативті сұрақты білдіретін,
риторикалық сұрақты білдіретін, түрткі сұрақты білдіретін) бөлінетіндігімен
сабақтастыруға болады. Бұл пікірден қазақ синтаксисі саласында
сөйлемдерді жіктеудің алғашқы қағидаттарын көреміз, сол қағидаттардың
негізін түсінуге тырысамыз, түсіне отырып, қолдан келгенінше, жетілдіруге
ұмтыламыз.
Сөйлем тіліміздің, тіпті ұлтымыздың дамуымен жетіліп отыратын
өміршең категория саналатын болса (64, 32-35), осындай күрделі тілдік
категорияның заңдылықтарын ашуға шындап ұмтылғандардың бірі
профессор Қ.Жұбанов болды. Ғалымның түсіндіруінше, тілдегі қарым-
қатынасқа түскен сөздердің мағыналық көрінісін танып қою ғана жеткіліксіз,
ол мағына қалайша туындайды, оған қандай формалардың әсері болады,
қысқасы, мағына мен форманың арақатынасын барынша зерттеу қажет.
Профессор Қ.Жұбанов сөйлемдерді құрылымына қарай
жай сөйлем,
жайылма сөйлем, күрделі сөйлем
деп жіктегенін жоғарыда айттық. Ғалым
бұл сөйлемдердің тілімізде бар екендігін көрсетіп қана қойған жоқ, олардың
әрқайсысына ғылыми анықтама берді. Қ.Жұбановтың «
сөйлемнің бастауыш
мүшесі мен баяндауыш мүшесі ғана болып, тұрлаусыз мүшесі болмаса, оны
жалаң сөйлем, ал тұрлаусыз мүшесі болса, жайылма сөйлем болады
» деуін
қазақ тіл білімінде жай сөйлем синтаксисіне қатысты айтылған алғашқы
ғылыми тұжырымдама деп қараймыз. Ал ғалымның: «
Сөйлемнің бір мүшесі
тек жайылма болып қоймай, өзі бір сөйлем болып құралса, өзін сөгіп алып
ішін ақтарғанда, бірі бастауыш, бірі баяндауыш болып шықса, ондай
сөйлемді күрделі сөйлем дейміз
», – деген түсініктемесі қазақ тіл білімі
синтаксисінің құрмалас сөйлемін ғылыми тұрғыда танудың бастауы деп
есептеуге әбден негіз бар.
Профессор Қ.Жұбановтың жай сөйлем ішінде сұрау есімдігінің
сұраулық мағынадан басқа да мәнде қолданылатыны туралы ойы
грамматикалық категорияларды дәстүрлі (құрылымдық), сондай-ақ қазіргі
прагматикалық бағыттағы зерттеулерге бағдар болды деп айта аламыз.
Әсіресе Қ.Жұбановтың қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемнің
табиғатына, құрылымына қатысты ойлары қызығушылық тудырады.
Мәселен, бірыңғай мүшелер мен жалпылауыш мүшелері бар жай сөйлемді
еске салатын, демек, соларға көп ұқсастығы бар құрмалас сөйлемнің
сыңарларының жарыса (параллельно) байланысқа түскен түрлерін нақты
мысалмен көрсетеді де, мұндай жағдайда да жалпылауыш қызметіндегі
есімдіктердің болатынын айтады (25, 24-29).
130
Ғалым қазіргі құрмалас сөйлем аталатын категорияны «
Достарыңызбен бөлісу: |