Құрметті әріптестер! Бүгінгі Форумға қатысушы-ғалымдар гуманитарлық ғылым
салалары, оның ішінде тарих ғылымының сапасы қалай анықталу қажеттілігі жөнінде
пікірлерін ортаға салу қажет деп ойлаймын. Бұл - күрделі мәселе. Себебі Қазақстанның
тарих ғылымын жаңғыртуда :
- ғылыми жұмыстарды халықаралық ғылыми айналымға (жоғары рейтингті импакт-
фактор SCOPUS журналдарына) енгізу жолдары;
- гуманитарлық сала бойынша отандық интеллектуалдық-ғылыми әлеуетті,
диссертациялық
жұмыс
қорытындыларын
халықаралық
бағалау
критерийлеріне
сәйкестендіре, ұлттық ерекшеліктерін айқындау және ғалымдар әлеуетін қолдау, қамқорлық
жасау;
- ғылыми тарихи жобалардың тақырыптары мен олардың нақты орындалу нәтижелерін
айқындау;
- мекемелерді қазіргі заманның материалдық-техникалық жабдықтарымен қамтамасыз
ету сияқты нақты іс-қимылдар бүгінгі күні әлі де шешімі табылмаған, ең өзекті мәселе.
Тыңдағандарыңызға, рахмет!