Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет


ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ



Pdf көрінісі
бет194/221
Дата25.04.2022
өлшемі3,3 Mb.
#140821
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   221
Байланысты:
тарихи тұлға

ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ 
ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ БАСТЫ ТЕНДЕНЦИЯСЫ 
 
Әбдінәсір Н. Н., 1 курс докторанты 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті 
Қазақстан тарихында ХХ ғасырдың бірінші жартысы, яғни қазақ халқының Ресей 
империясының құрамына кіру процесінің аяқталуы халқымыз үшін демографиялық 
мәселелердің бастау алу кезеңі деп сипатталады. Осы кезеңдердегі көптеген тарихы маңызы 
бар оқиғалар: 1905-1907 жылдар аралығындағы революция, бірінші дүниежүзілік соғыс, 
Ақпан және қазан төңкерісі, осы тарихи маңызды оқиғалардың азаматтық соғыспен жалғасуы, 
отанынан айырылған қашқындар мен босқындар, әскери қамауға алынғандар, 1920 
жылдардағы ашаршылық, 1930 жылдарда талай қазақты қан жылатқан, қанша азаматымызды 
жоғалтқан ұлы жұт, репрессия, кулактардың жер аударылуы, ұжымдастыру және 
индустрияландыру саясаты, оның әрі қарай екінші дүниежүзілік соғысқа ұласуы, депортация 


314 
процесі, көші қон саясаты, қоныс аудару процесі және т.б. бір ғасыр ішінде орын алған 
келешек ұрпақ үшін тарихи маңызы бар оқиғалар тарихшы, әлеуметтанушы және көптеген 
ғалымдар үшін демография саласында терең зерттеу жұмыстарын жүргізуге, еңбектер жазуға 
алып келді. 
Алексеенко А.Н. және Алекссенко Н.В. өзінің «Население Казахстана за 100 лет (1897-
1997)» деп аталатын еңбегінде демография ғылымының Кеңестік Қазақстанда және басқа да 
КСРО құрамындағы мемлекеттерде дамуын бірнеше этапқа бөледі. Жиырмасыншы жылдар 
статистикалық мәліметтердің көптігімен сипатталады. Отызыншы жылдарда публикациялар 
саны бірнеше есеге азайса, қырықыншы жылдар ортасы және елуінші жылдарда
жарияланымдар өте аз болды деп қарастырылады [1, б.5]. Қазақ халқының демографы С. 
Тұрғанәліұлының еңбегін қарайтын болсақ, екі жалпы ауқымды кезеңге бөлетінін көреміз: 
бірінші кезең - 1-ші дүниежүзілік соғыс пен 1926 жылғы санаққа дейінгі аралықты қамтыса, 
ал екінші кезеңі болса 1927-1939 жылдар аралығын қамтып, 39 жылғы бүкілодақтық халық 
санағының жүргізілуімен сипатталады.
ХХ ғасырдың басындағы көші-қон саясаты, кедей шаруаларды ұлттық аймақтарға 
қоныстандыру саясаты бүкілресейлік деңгейді қамтыды. Алексеенко А.Н. есебі бойынша осы 
тарихи кезеңде 1.5 миллион кедей шаруа Қазақстан жеріне қоныс аударылды. Тіпті осы 
кезеңдерден бастап қазақ ауылдары полиэтникалық деп есептелінді. - Көші-қон саясатының 
нәтижесінде аймақтың этнодемографиялық құрамы өзгеріске біртіндеп ұшырай бастады. 
Шаруаларды қазақ жеріне қоныстандыру халық құрылымына айтарлықтай өзгеріс алып 
келді, 1914 жылғы санақ бойынша орыс ұлты барлық ұлттың 35% құрады. Негізінде осы 
бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі этнодемографиялық жағдай осы кезеңді зерттеуші 
ғалымдардың айтуы бойынша тек қана соғыс пен байланысты болды деп баға беріледі, 
негізінде бұл тарихи кезең кеңес билігі орнауының ең алғашқы бастамаларымен тікелей 
байланысты болған еді. Бірінші дүниежүзілік соғыс алдында Қазақстан халқының саны көші-
қон процесінің нәтижесінде, шаруалардың келуімен өсіп отырды және 1911 жылғы есеп 
бойынша 5408.1 мың адамды құраса, 1913 жылы 5909.9 мың адамды құрады. Соғыс 
барысында халық саны біразға азайып, 1917 жылы 5753.5 мың адам болды [2, б.367].
Дегенмен, бұл кезеңдердегі санақ процесінде бірнеше қиындықтар болды, және осы 
аталған мәліметтер дәл осындай анық деп айта алмаймыз. Сондықтан да сол кезеңдердегі ең 
анық мәлімет бере алатын деректермен көбірек танысып, ғалымдар берген сандық ақпаратты 
салыстырмалы зерттеп, талдау арқылы ған оңды нәтижеге қол жеткізі алуға болады деп 
ойлаймын. Тарих дегеніміз өте үлкен сынды, ізденуді, деректермен жұмыс жасай отырып, 
бірнеше ақпарат көздерінің шынйылығына кқз жеткізе отырып, ұзақ уақыт талдау жүргізіп 
барып, бір шешімге келуді талап етеді. Әсіресе, демография саласымен айналысқанда.
Осы тұста айта кететін тағы бір факт, Дала және Түркістан генерал губернаторлығының 
территориясына әскери тұтқындардың алып келіп қоныстандырылуы. Осының нәтижесінде 
Қазақстан халқының этникалық құрылымында өзгерістер байқалады. Дегенмен ол бірден 
байқала қоймады. Ең алған әскери тұтқындар партиясы бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде 
Қазақстанның солтүстік батыс бөлігіне көптеп қоныстандырылды. Олардың құрамында поляк, 
венгер, неміс, румын, италяндықтар болды. Олар ақырындап орналыс алған соң, өздерінің
уезд орталығын құрды. Ол орталықтар Ақмола, Семей, Павлодар, Петропавловск қалаларында 
орналысты. 
Өйткені Қазақстанның территориялық әкімшілік құрылымында түбегейлі өзгерістер 
күнделікті орын алып жатқан еді. Осы тарихи кезеңде орыс, украин, болгар, татар, поляк, 
неміс, белорусь, эстония ұлттарының өкілдері көптеп қоныс аудырды. Бірақ та кейіннен яғни 
1920 жылдардың басында саяси жағдайлар нәтижесінде қалыптасқан ашаршылық басталуына 
байланысты, күзде анықталуы бойынша барлық осы жылғы жиналған нан көлемі өткен жылғы 
қалған азық түлікті қосқанда әр адам басына шаққанда екі пұттан ғана келді, және ол 
норманың ең төменгі дәрежесінде болды. Осы ауыр жағдайдан шығу мақсатында және өздерін 
сақтау мақсатында орыс славян кедей шаруаларының біраз бөлігі Украинаға көше бастады 


315 
және Түркістан жерінен өздеріне жайлы территория іздей бастады, әкімшілік билік 
органдарының қарсылығына қарамастан осындай іс әрекеттерге баруға мәжбүр болды. Сол 
кездегі саясат және 1921 жылғы Украин әкімшілігінің Қазақстан жерінде өмір сүретін славян 
халықтарына тыйым салуына қарамастан орын алып отырды. Көшіп келушілердің көп бөлігі 
Орал губерниясына және Темір уездіне келді деп сипатталады. Осы сәттегі көшудің 
айтарлықтай көп болғанын, Қазақстан басшылығының қазақ жеріндегі украиндарға, Украин 
КСР Орталық атқару комитететіне ұсынысынан көруге болады [3, б.368]. 
Бұл кезеңдегі халық санының азаюы тек қана ашаршылық нәтижесінде емес сонымен
қатар эпидемия кесірінен де көп халық көз жұмды. Мысалы Ақтөбе губерниясы бойынша 
жазылған есепте «Ашаршылық нәтижесінде орын алған ауру және эпидемя халықтың 50% -
ын құрады, өлім 28% дейін жетті. Көбінесе ауру басқа губерниядан келген қырғыз халқын 
жалмады. Губерния бойынша ашаршылық негізінде қаза болғандар санын анық білу болыстар 
үшін ғана емес, сонымен бірге губерния орталығына да тіпті мүмкін болмады, өйткені қыс 
кезінде қалың боран нәтижесінде мүлде байланыс болмады. Дәл осы сәтте өлім процесі ең 
жоғарғы шегіне жетті» деп баяндалады [3, б.369]. 
Сонымен қатар, 1920 жылдардағы ашаршылық Қазақстан халқы үшін халық санының 
өзгеруіне, ұлттық құрамына үлкен өзгерістр алып келді, ВЦИК декреті бойынша Орал, 
Орынбор, Ақтөбе, Бөкей және Қостанай губернияларының өзі ашаршылықтан зардап 
шеккендер қатарына кірді және азық түлік салығынан босатылды. Осы ашаршылық кезеңін 
Алексеенко А.Н өзінің «Этносы Казахстана» еңбегінде бұл кезеңдегі шығын көлемін тек қана 
192қ жылғы демографиялық және ауылшаруашылық санақ арқылы және 1923 жылғы 
ауылшаруашылық және қалалық санақ арқылы ғана біле аламыз деп көрсетеді. Сонымен 
қатар, осы деректер бойынша республикада халық саны 19.1%, ауылда 21.5% дейін азайды. 
Одан кейінгі Қазақстан халқының этнодемографиялық қалыптасуына, диаспораға
әскер еткен келесі тарихи кезең кеңес дәуірінің кезеңі және олардың билігімен тікелей 
байланысты. Бұл кезеңді жеке бөліп қарастырып, зерттеу жүргізуге болады. Кеңестік кезең 
басталғанда Орталық Азия жерінде көптеген автономиялар құрыла бастады, әрине осының 
нәтижесінде территория бөлісу процесі орын алды. Сонымен қатар, бір автономия халқы мен 
көршілес автономия этностары арасында алмасу процесі жүрді. Егер де Түркітан 
автономиясының тарихын алып қарайтын болсақ, автономия құрамында түркітілдес бірнеше 
этностар бірге өмір сүрді және автономияның өмір сүруі, тәуелсіздігі үшін бірге күресті. 
Мысалы Автономия идеясының авторы Мұстафа Шоқай болды, және оның орнын басушы 
алдыңғы қатарлы көшбасшылары көбіне өзбек халқынан шықты (Мунаввар Кара, Убайдулла 
Ходжаев). Қазақстанның оңтүстігінде құрылған автономиялар тарихымен таныса отырып, 
ұлтаралық ауызбіршіліктің берік болғанын ерекше атап өткен дұрыс деп ойлаймын. Осы кезең 
жайлы зерттеуші демограф халықтарда әртүрлі қөзұарас қалыптасқан. Мысалға, кей ғалымдар 
кеңес кезеңінің орнауы қазақ халқы үшін айтарлықтай өзгеріс алып келе қоймағанын, тек 
сапасы жағынан ғана өзгеріске ұшырады деген ойды тілге тиек етеді.сонымен қатар Қазақстан 
территориясы тек жер аударылған әртүрлі этнос өкілдері қоныстандыру территориясы болды 
деп баға береді [2, б.389].
Ашыққан батыс бөліктегі губерниялардағы адам шығын саны 648.7 мың адамды 
құрады, бұл жалпы халықтың 29.5%. Бұл аталған сан құрамына қоныс аударылғандар, 
республикадан бөлек басқа жаққа көшіп кеткендер, аштықтың кесірінен қаза тапқандар, 
эпидемия секілді ауыр аурулардан құрбан болғандар санын қосып есептегендегі көрсеткіш 
болды. Аштықтан 414 мың қазақ каза болды. Бұл этностың 18.5% құрады [7, б.13]. 
Қазақ халқы барынша өз құндылықтарын, «моноэтникалық» ерекшеліктерін сақтауға 
тырысты. Дегенмен, көші қон процесін басқарушылар, яғни әкімшілікте келген ұлт өкілдерін 
бос жатқан жерлерге орналастыру құқығы болды.
Сондай ауыр кезеңдерге қарамастан кейіннен яғни 30-жылдарға қарай аталған ұлт 
өкілдері миграция нәтижесінде және табиғи өсім негізінде орыс славян халқының саны өсе 


316 
бастады. 1930-31 жылдар аралығында КСРО бойынша 1 803 392 адам қоныс аударды [2, 
б.378].
Статистикалық мәліметтерден көріп отырғанымыздай бұл деген сөз Қазақстан
халқының этнодемографиялық құрылымында қандай тарихи маңызы бар оқиғалар орын 
алғанын сөзсіз түсінікті көрсетіп тұр. Бұл біз сипаттағалы отырған қазақ халқы 
этнодемографиялық қалыптасу кезеңінің тек бір шеті ғана. Одан бөлек қаншама жекеленген 
ұлттық топтарды айтар болсақ, дегенмен олар өз қалауларымен емес, мәжбүрлі түрде қазақ 
жеріне қоныс аударылды. Мысалы ұйғыр және дүнген халықтарының келуінің өзін екі тарихи 
этапқа бөлуімізге болады: 1884 жылы Жетісу жеріне 9572 ұйғыр ұлт өкілі, 4682 дүнген ұлт 
өкілдері келіп орналастырылды. Тіпті қоныстанған ұлт өкілдерінен бес болыс құрастырылып, 
әр ауылда олар өздерінің ұлты ғана болып өмір сүрді, сонымен қатар табиғи өсім өте қарқынды 
жүрді. [5] 
20-30 жылдар кезеңіне Татимов «қысым көрсету» саясаты деп баға береді. Өйткені 
қаншама жылдар бойы белгілі бір социализм тәртібіне үйренген халық лениншіл 
ұжымдастыру саясатына төзу өте акыр соқты, қатаң казармалық әкімшіл бұйрықшыл террор 
орнатылды. Өйкені аталған саясат бойынша Қазақстанда ұжымдастыру процесі 1932 жылға 
дейін аяқталуы кажет болды.Бұл қысымның қаншалықты ауртпалығын түсіну үшін былай 
алып қарауымызға болады, егер 1922 жылы Қазақстан шаруашылығының 2 пайызы 
ұжымдандырылса, 1931 жылы 50,4%, ал 1932 жылы 65% ұжымдастырылды [4, б.186]. 
Осы секілді сандық көрсеткіштерді жеке кәсіпкерлер мен ба кулактардың қудалану 
процесінен де көре аламыз, бұл кезеңге ғалымдар «голощекиндік геноцид» деп баға береді. 
Бұл күштеп қоныс аудару процестері нәтижесінде халық саны көбейгенімен оның 
этникалық құрамы әртүрлі болып, оның болашақта тарихи өзгерістер бастауы болуының 
негізгі қадамы болды. Қазақстан тарихында ХХ ғасырдың 20-50 жылдар аралығы тек қана бір 
ғана тарихи оқиғалар емес бірнtше маңызы бар саяси, рухани, психологилық өзгерістерге толы 
болды. 
30 – жылдардың екінші жартысы миграциялық оқиғалар легінің бірден жоғарылауы 
және этникалық ерекшеліктері бойынша тіпті барлық халықты Қазақстан жеріне күштеп 
қоныс аударуымен ерекшеленеді. Козина В.В. өз еңбегінде мигранттардың көбісі Украина, 
РСФСР орталығынан, аз бөлігі Оралдан, алыс шығыстан, Белоруссиядан, Орта Азиядан келе 
бастады. Олардың 80%ауылдық жерлерде қоныстандырылды және өндірілмеген жерлерде 
таңдады. Қостанай округінде 15%, Ақмола және Ақтөбе губернияларында 40%, Семейде 24%-
ды құрады деп көрсетеді.Өңделмеген жерлердегі ормандық және далалық алқаптағы жерлер 
климаттық және өнімділігі бойынша мигранттар үшін қолайлы болды. Ресейдің еуропалық 
бөлігінен келген мигранттар өзіне жақын этникалық ортаға келіп орналаса білді. Өйткені бұл 
кезде республикада әле жалпы кеңестік ұйымдастырылған жүйеге, шығыс аймақтық бөлікке 
але кіріспеген еді [7, б.35]. 
Екінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан тарихының этнодемографиялық процесінде 
өшпестей ізін қалдырды. Қоныс аударушылар мен арнайы келгендрді қосқанда 7.6 млн. 
Халқымызыдан 120 мың адам Отан қорғауға аттанды. Соғыс кезінде 410 мың адам қаза тапса, 
125мың адам хабарсыз жоғалып кеткен [2, б.389]. Депортация процесі екінші дүниежүзілік 
соғыс кезеңінде жалғасын тапты, Қазақстан территориясына көптеген майдан шебінен қоныс 
аударған азаматтарды қабылдады. Қазақстанда соғыс уақытысында 444 мың неміс, 96 мың 
поляк, 95 мың корей, 400 мыңнан астам шешен және ингуш ұлт өкілдері, 18 мың балқар және 
63 мың қарашай және де басқа көптеген ұлт өкілдері күштеп қоныстандырылды. 1953 жылғы 
санақ бойынша арнайы қоныс аударушылардң тірі қалғандарының саны 988.3 мыңды құрады. 
Немесе КСРО бойынша 35.9% [8, б.17]. Әсіресе осы кезеңдерде Балтық елінің халықтары, 
Белорус, Украин халықтарының саны күрт азайып кетті. Халық азаюының басты себебі 
соғыста болған шығын, миграция және өмір сүру жағдайының төмендігінен өлім-жітімның 
көптігі болды. Қазақстанда жұмысшылардың және қызмет етушілер саны 1945 жылға қарай 
соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда 13.8% ға көтерілді және жалпы 1043 мың адамды 


317 
құрады.[9, б.99] Бұл өсімнің негізгі себебі қоныс аударушылар Ұлы Отан соғысы кезеңінде 
Қазақстан жалпы есеппен алғанда 1.5 миллион эвакуацияланған және окупацияланған КСРО 
аймағынан қоныстанушыларды қабылдады.Дегенмен олардың маңызды бөлігі соғыс 
аяқталған соң Қазақстады тастап, басқа жақтарға, не өз туған жерлеріне көшіп кетті [8, б.17]. 
Осы тұста «История Казахстана: народы и культуры» еңбегіндегі ғалымдар мәліметіне 
сүйенсек, Қазақстанда сында айдауға жіберілген 180 015 еңбек қоныстанушылар өмір сүрді. 
Мысалға алып қарайтын болсақ, 1941 жылғы тамыз айының соңынан бастап, неміс ұлтының 
қазақ жеріне қоныс аудару процесі 1948 жылға дейін жалғасты. 1943-1944 жылдар 
аралығында Қазақстанға қалмақтар, шешендер, ингуш, балкар, болгар, грек, армян, курд, 
хемшид, азербайжан, қырым татарларының депортациясы орын алды [2, б.387]. 
Өйткені біздің еліміздегі Карлаг, Степлаг деп аталатын айдауға жіберілген кулактар 
мекеніне айналды, сонымен қатар осында жіберілген әр түрлі ұлт өкілдері осында әрі қарай 
өмір сүруге қалып қойды. Бұл тұста айтасақ та белгілі бұл тарихи жағдай еліміздің 
этнодемографиялық құрамының күрделі өзгерістерге ұшырауына алып келді. Бұл кезеңдегі 
оқиғаларға сыни баға беретін болсақ, бұл кезде олардың астыртын саясатын байқауымызға 
болады. Кеңес үкіметінің негізгі көздеген мәселесі, ол қазақ жерінің ресурстық байлықтарын 
мейлінше өз пайдаларына жарату немесе иемдену болды.
Ал М.Х. Асылбеков және А.Б. Ғали демографтарының жұмысын тағы алып қарайтын 
болсақ, жұмысшылар мен қызмет етушілер саны 1943 жылы 1940 жылмен салыстырғанда 
эвакуация нәтижесінен 7% өсті, бірақ та жалпы елдегі халық саны 38 % азайған еді.[9, б.100]
Жалпы халық санын алып қарайтын болсақ, 1945 жылғы есеп бойынша 43 жылмен 
салыстырғанда, жалпы халық саны 5.3% азайды. Ұлы Отан Соғысы кезінде туу процесі 
азайды, адам шығын көп болды, табиғи өсім төмендеді. Ауылдықтар саны азайып, мигранттар, 
қоныс аударушылар есебінен халық саны көбейді [2, б.392]. 
Соғыстан кейінгі кезеңді алып қарайтын болсақ та, табиғи өсім мен туу але де 
жоғарыламағынын көреміз. Табиғи қозғалыстан көрі механикалық іс-әрекеттердің жалғасуы 
деп баға беріледі. Біруақытта жер аударылған қоныс аударушылар мен Қазақстан 
территориясын тастап кеткен эвакуциялық оқиғалар орын алды. Оның ішінде көбінесе неміс 
ұлт өкілдері, және «халық жауы» деп айыпталған Сталиндік репрессия құрбандарының қарама 
қарсы толқындық процесі орын алды. Қазақ жеріндегі айдауға жіберілген халықтар үшін 
арналған лагерлер бос қалмады. Орын алған әртүрлі тарихи жағдайларға қарамастан әрбір 
кәсіпорын, өндіріс мекемелері өз жұмыстарын жалғастыра берді. 
Ғалымдардың көптеген еңбектерін оқып, зерттеу жасай отырып, талдап қарағанда 
статистикалық мәліметтер бойынша әртүрлі, біркелкі емес ақпараттар алуымызға болады. 
Дегенмен сол тарихи маңызы болған, қиын, халық үшін стресске толы болған кезеңдерде, ауа 
райының қолайсыздығы, ресурстардың жетіспеушілі, адам шығын болған жағдайда оны санап 
алу мүмкіндігі болмаған жағдайда оларды анық есебін жасау мүмкіндігі аз болған еді. 
Қорыта келе, Қазақстан жеріндегі этностардың қалыптасу процесін былай жіктеуге, 
оны бірнеше кезеңге бөлуге болады: кедей шаруаларының қазақ жеріне қоныстануы; бірінші 
дүниежүзілік соғыс; азамат соғысы; әскерлердің Қазақстан территориясына қоныстануы; 1920 
жылғы ашаршылық; Кеңес одағының құрылуы; депортация; миграция; ұжымдастырыу; 
индустрияландыру; 1930 жылғы ашаршылық; қоныс аудару саясаты; репрессия; екінші 
дүниежүзілік соғыс; эвакуация және депортация процестері; деп бөліп, немесе Қазақстан 
халқының қалыптасуына әсер еткен тарихи кезеңдердің әсері бүгінгі күнге дейін өз 
ерекшеліктерін еске салып тұратындай. Қазақстан территориясында бүгінгі танда 140-қа жуық
тарихы ортақ әртүрлі ұлт өкілдері өмір сүреді. Әрине бір тәуелсіз елде тату-тәтті ғұмыр кешу 
осыншама ұлт өкілдері үшін әр уақытта да мүмкін емес. Қазақ халқымызда өте жақсы нақыл 
сөз бар: «Жаман үйді қонағы билейді» деген, сондықтан да өз туған ұлтымыздың, ата-
бабмыздан қалған асыл мұрамызды ешқашан ұмытпай, әрдайм сақтай білейік, дегенмен 
қонақтарымызды да сыйлай білу қажет. Болашақ өз қолымызда, сондықтан тарихымызды 
терең білу арқылы, болашшаққа жарқын қадам жасай білейік. 


318 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет