Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет


Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі



Pdf көрінісі
бет62/221
Дата25.04.2022
өлшемі3,3 Mb.
#140821
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   221
Байланысты:
тарихи тұлға

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі: 
 
1. Баласағұн Жүсіп. Құтты білік. Асқар Егеубаев. Астана: Аударма, 2003.-128 б.
2. Зайырлылық және дінтану негіздері. Кенжетаев Д.Т., Сайлыбаев Ә.Ә., Тұяқбаев Ө.О., 2016 
б. 
3. Қабылова А.С. Әбу Наср әл-Фараби, Жүсіп Хас Қажыб Баласағұн: дүниетаным, философия. 
Монография. -Алматы, 2013. -295 б. 
4. Материалы по основным вопросам религии: в помощь лектору// Сборник -Астана: АДР РК, 
2014. -293 б. 
ЗЕЙНОЛЛА СӘНІКТІҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРЫ МЕН ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ 
ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУДАҒЫ РӨЛІ 
 
Жанисов А.Т., т.ғ.к., доцент 
Рахым Н.М., 2 курс магистранты 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі ой-санамыздағы рухани еркіндік халқымыздың 
дәстүрлі саласын, яғни өткен тарихымыз, әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүріміз, материалдық 
мәдениетімізді жаңғыртуға бетбұрыс жасап, оның тарихы мен мәдениетіне байланысты 
көптеген мәселелерді зерттеуге жол ашты. Әрине, қазақ этнографиясы жөнінде қазақ жеріне 
саяхат жасаған орыс және шетел ғалымдарының зерттеулері, Ш. Уәлиханов бастаған Алаш 
зиялыларының еңбектерінен басқа қазақ этнографиясының түрлі мәселелерін ғылыми 
тұрғыдан жеке-жеке зерделеп зерттеген Ә.Марғұлан, Х.Арғынбаев, М.Мұқанов, Н.Әлімбай, 
Ә.Төлеубаев сияқты этнограф-ғалымдарымыздың еңбектері белгілі. Алайда, қазақ 
мәдениетінің ұланғайыр қазынасының әлі де зерттелмей жатқан тұстары өте көп. Аталған 
олқылықтардың орнын толтырардай зерделі зерттеулердің бірі ретінде халқымыздың дәстүрлі 
болмысын жан-жақты зерттеп, оның заңдылықтарын айқын дәлелмен келтіре отырып, ұрпаққа 
тұтастай жеткізуді көздеген Зейнолла Сәніктің «Қазақ этнографиясы» атты еңбегін айта 
кеткен жөн. Қазіргі таңда түрлі ғылымдар тоғысында руханиятымыздың болмысын танытатын 
мұндай еңбектің алар орны ерекше. Шығармашылық қазынасы өте бай Зейнолла Мүбәрәкұлы 
халқымыздың мол мұрасы болып табылатын фольклор, ауыз әдебиеті, жыр-аңыздары, 
этнографиялық жазбалары, публицистикалық материалдар, көркем әңгімелер және нақыл 
сөздер т.б. әдебиеттің сан алуан саласынан қалам тербеген. Осы еңбектердің қайсысы 
болмасын ұрпақ тәрбиесінде оның ұлттық психологиясын, рухани көзқарасын байыту 
жолында 
біртұтас 
этнопедагогикалық 
жүйе 
қалыптастырады. 
Яғни, 
халықтың 
дүниетанымдық, тәрбиелік мәдени мұрасының биік шыңы – әдеп негізінде тәрбиеленгенде 
ғана жөн-жосық, ұлттық жоралғыларды бойына сіңірген ұрпақ қалыптасатынын айқындайды. 
Қазіргі жаһандану заманында болашақ ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіріп, 
ұлттық психологиясы қалыптасқан ұлт өкілдерін тәрбиелеу заман талабы секілді.
Жалпы қазақ этнопедагикасының баға жетпес қазынасы балалар фольклоры десек, 
Зейнолла Сәніктің еңбектерінде бұл сала терең зерттелген. Яғни, ескінің қайта жаңғырып, 
салт-дәстүріміз бен жөн-жоралғыларымыздың қоғамдық сананың қазіргі заман талабына сай 
рухани жаңғыруына септігін тигізері сөзсіз. Жалпы қазақ дүниетанымында бала дүниеге шыр 
етіп келгеннен бастап, ат қою, қырқынан шығару, қарын шашын алу, бесікке салу, тұсау кесу, 
сүндеттеу, атқа отырғызу, тілашар, яғни жас ерекшелігіне байланысты бала тәрбиесінің 
қалыптасып, қадамын нақты басуынан бастап, оның болашақта «ат байлайтын азамат» 


92 
болуына ықпал етуге деген ізгі ниеттен туындаған салт-дәстүрлік жөн-жоралғылардың 
барлығы ойын-сауық, жыр-думанмен аса мән беріліп өткізіледі.
Халқымыздың бесік жырының өзі сонау ғасырдан ғасырға жалғасқан дәстүрлі тәрбие 
жүйесінің бастауы екендігі белгілі. Орта Азияның ғұлама ғалымы Әбдуәли Ибн Синаның 
«Дәрігерлік ғылымының заңдары» атты еңбегінде: «Бөбекті ширата түсуге қажетті өмірлік 
құралдардың қатарына бірінші – жеңіл тербеліс, екінші әлдилеу кезінде айтылатын ән мен жыр 
жатады», - деп жазуының өзі бекер емес. Яғни, жас сәбиге ана сүтімен қоса, аналарымыз «Бесік 
жыры» арқылы оның бойына тіл тазалығын дарытқан. Бұл ақындардың: «менің бойыма 
ақындық өнер ана сүті, әженің әлдиімен сіңген», - дегендігінің дәлелі болса керек. Жасы үлкен 
апа-әжелеріміз «әлди» әнімен баланы уата отырып, баланың бәле-жаладан аман боуын, есейіп 
ер жетіп, ел тұтқасын ұстар азамат болуын аңсаған арман-тілегін білдіреді [1, 283 б]. Сонымен 
қатар халқымыздың «Бесік жыры» бір орында тұралап қалмаған. Оның сарыны мен ырғағы 
сол қалпында қалғанымен, мазмұнының заман ағымына сай дамып, толығып, 
байытылғандығын, яғни, қазіргі заман тілегін мына бесік жыры жолдарынан көруге болады: 
Қуып ойдың жетігін,
Біліп ғылым тетігін, 
Ғалым болар ма екенсің?! 
Еңбек етіп бар елге, 
Өнеріңмен әр елге, 
Мәлім болар ма екенсің?! 
Көп қиыннан өтерсің, 
Мақсатыңа жетерсің, 
Ұйықтай қойшы, бөпешім[2]. 
Баланы қырқынан шығарғанда қарын шашы, сүт тырнағы алынады. Мұндай рәсімді 
орындау жасы үлкен, өмір жолы үлгі боларлықтай апа-әжелерімізге ұсынылып, алдын ала 
құлақтандырады. Қарын шашын тұмар ретінде бесікке тақса, сүт тырнағы «жемістей көп 
болсын» деген ниетпен жеміс ағашының түбіне көміледі. Кей өңірлерде баланың қарын 
шашын нағашы жұртының жасы үлкендеріне алдыртады. Бұл қазақ даналығындағы: «Жігіттің 
жақсысы – нағашыдан, үйдің жақсысы - ағашынан», деген мақал-мәтелге арқау болғандай. 
Сонымен қатар, бата-тілектер айтылып, нағашысы өз тарапынан сыйлық тағайындайды. 
Мұндай жөн-жосық екі жақтың тығыз қарым-қатынаста болып, баланың екі жаққа да 
бауырмал болуын астарлайды [3, 87 б] . 
Жалпы қазақ дүниетанымында баланың тілі дұрыс шығып, дені сау, шымыр болып 
өсуіне, еңбекке баулып, әдепті-ибалы азамат болуына отбасылық тәрбиенің тигізер әсері мол 
екендігі белгілі. Осылайша бесік жырынан бастау алатын ұлттық тәлім-тәрбие ер жетіп, есейіп 
азамат болғаннан кейін де жалғасын табатындығы Зейнолла Сәніктің еңбектерінде терең 
зерттелген.
Этнопедагогика ғылымының тәрбиелік әдіс-тәсілдері, мазмұны халықтық тәрбиемен 
астасып жататындығы сөзсіз. Соның нәтижесінде турасын айтпай тұспалдап, мақал-мәтел, 
ым-ишара және ырым-тиым арқылы да тәрбиелеу қалыптасқан. «Адамды үйрену жеткізеді, 
пышақты қайрақ өткізеді» дей келе, талпынуға, алға ұмтылуға шақырады. Яғни, адам алға 
талпынғанда ғана арман-тілегінің орындалатынын меңзейді. «Сақалын сатқан кәріден, еңбегін 
сатқан бала артық» деп болашақ ұрпақты адал еңбек етуге баулиды. Түрлі ырым-тыйымдар 
арқылы тәрбиелей отырып, жаман әдеттерден аулақ болуды, әдептілікті дәріптейді. Мысалы, 
«атты кісінің итті қуғаны - көргенсіздік» деген тыйым арқылы көзге оқшау көрінетін іс-
әрекеттерден аулақ болуды меңзейді. Сонымен қатар, халқымыз ұрпағының жақсы адамнан 
үлгі-өнеге алу арқылы тәрбиеленгендігіне аса мән берген. «Арбаның алдыңғы дөңгелегі қалай 
жүрсе, соңғы дөңгелегі солай жүреді», «Аттың да аты бар қазанаты бір бөлек, жігіттің де жігіті 
бар азаматы бір бөлек» дей отырып, ұрпағының жақсы азамат болуы үшін өнегелі, халыққа 
қалаулы адамдарға ұқсап өсуін қалаған[4, 146 б].


93 
Болашақ ұрпақ тәрбиелік мәні бай салт-дәстүрімізді санасына сіңіріп, бабамыздан 
қанымызға сіңген тәлім-тәрбиені қазіргі заман талабымен сауатты ұштастырса, замана 
көшінің көшбасшысы болары сөзсіз.
Зейнолла Сәнік қазақ этнографиясын зерттеумен қатар, қазақ үшін жанын қиған бізге 
беймәлім тарихи тұлғаларды дер кезінде, алғашқылардың бірі бірі болып жазып қалдырды.
Жазушылық пен зерттеушілікті қатар ұштастырған қаламгердің қаламынан жиырмадан 
астам көркем шығармалар мен бірқатар ғылыми туындылар жарық көрді. Қазақ этнографиясы 
мен тарихын зерделей жүріп, оның сан ғасырлық тарихына жан бітірген қаламгер атажұртына 
келген соң Қаракерей Қабанбай, Тұғырыл хан, Демежан батыр, Қайрақбай күйші, Сүлеймен 
би және тағы басқа тарихи тұлғалар жайындағы жариялаған эсселері мен зерттеулері қызықты 
да тың деректерімен көпшілік оқырманды тәнті етері сөзсіз.
Жазушы шығармаларының дені қазақ тарихынан үлкен орын алған тарихи оқиғалар 
болғандықтан, оларда тарихи дәйектілік пен деректілік басым. Сондықтан шығармаларында 
көрініс тапқан негізгі кейіпкерлердің барлығы да өмірде болған, халқына адал қызмет еткен 
ұлт қайраткерлері. Алғашқы жазған туындысы 1130 – 1204 жылдары өмір сүрген Тұғырыл хан 
жайында жазылған тарихи эссесінде Шыңғыс хан тұсында өмір сүрген, патшалықтың пірі 
атанған Мұңлық ата Шырқаұлы мен оның баласы Көкше әулие, Тұғырыл хан туралы хикая-
аңыздарды тарихи деректермен шендестіре отырып баяндайды. Бұл туындыда тарихи түп 
деректермен дәлел келтіре отырып, «аңыздың түбі – ақиқат» екендігіне сендіре отырып, қалам 
тербейді.
Қаламгер әртүрлі тарихи деректерді алға тарта отырып, Шыңғыс ханның жеңістен-
жеңіске жетуіне Мұңлық пен Көкше әулие, Есей бұқа мен Кетбұға сияқты жыраулардың алар 
орны ерекше екендігіне назар аудартады. Шыңғыс хан патшалығы тұсындағы Керейт ханды-
ғынан шыққан Тұғырыл мен Көкше әулие секілді ірі тұлғалардың тағдырларының соңы 
моңғол хандығының көркеюімен тығыз сабақтасып жатады. Сондықтан да жазушы болашақ 
ханның бала күнінен бастап толыққанды мәлімет беруге тырысады.
Зейнолла Мүбәрәкұлының шоқтығы биік туындысы – «Қаракерей Қабанбай батыр» 
туралы тарихи еңбегі. XVII-XVIII ғасырдағы қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына 
қарсы ұлт-азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірі, қолбасшы Қабанбай Қожағұлұлы 
туралы әртүрлі аңыз-әңгімелер, жыр-дастандар түрінде жинақталып, ұсынылған. Яғни, тарихи 
еңбекте біріншіден, ауызша жеткен көркем сөз үлгілері, ақын-жыраулардың толғаулары, аңыз-
әңгімелер, өлең-жырлар; екіншіден, шежірелер, яғни генеологиялық аңыздар; үшінші тарихи 
құжаттар негізінде жазылған[5, 102б].
Жазушының «Сергелдең» тарихи романында қазақ халқының тағдыр тәлкегіне ұшырап 
сан өліп, сан тірілген алмағайып өмірі баяндалады. Атақты батыр Қабанбай (Ерасыл) 
Қожағұлұлының інісі Тұматай ұрпақтарының Арқадан Тарбағатайға, одан өр Алтайға, өр 
Алтайдан Гималай асып, Үнді мұхиты арқылы Қара теңізге дейінге дейін сергелдең күй 
кешкені суреттеледі.
Жазушының келесі шығармасы 1861–1908 жылдар аралығында өмір сүрген «Демежан 
батыр» атты тарихи эссе. Батыр Демежан Кешубайұлы - феодалдық қоғамдағы езгіге қарсы 
күрескен белгілі тұлғалардың бірі, қоғам қайраткері. Нағашы атасы Керімбай Демежанды 10 
жасында аймақтық мектепке береді. Аймақтық мектеп қабырғасында оқып жүріп, қытай, 
мәнжу тілдерін еркін меңгеріп алады. Қытайдан жер аударылып келген қытай зиялыларымен 
танысып, аралас болған Демежан саясатты түсіне бастайды. Тарбағатай қазақтарының 
шұрайлы жерлерінен айырылып, мәнчің төрелеріне құлдыққа жалданып жүріп, күн көру 
Демежанның намысын қайрайды. Бұл шығармасында да жазушы болашақ күрескердің өскен 
ортасынан бастап, оның үлкен қайраткер дәрежесіне көтерілгенге дейінгі қалыптасу жолын 
шығармаға арқау етеді. Ес біліп, етек жиғалы көргені тонау мен қанау болса, ат жалын тартып, 
қызметке араласа бастағанда оның алдынан дау-жанжал, мұң-зар, зорлық-зомбылықтың адам 
айтса нанғысыз небір сорақы түрлері кезігеді. Көзі қарақты Демежанның халықтың тұралаған 
тұрмысына бей-жай қарап тұра алмай, қоғам өміріне белсене араласқандығын, өмір сүрген 


94 
қоғаммен бірге өсіп, қалыптасқан Демежанның өмірін жазушы әртүрлі деректермен нақты 
келтіре отырып, баяндайды. Осылайша, жазушы Демежанның бүкіл өмірін өзі өмір сүрген 
қоғаммен бірлестікте қарайды. Сонымен қатар, әрбір кейіпкерінің кейінгі өмірінен де 
толыққанды хабар беріп отыратындығымен ерекшеленеді. Мәселен, кезінде Мәтен амбы 
тұқымын құртпақ болған Демежанның артында 3 әйелден қалған төрт ұл мен үш қыздан 
бүгінгі таңда 70-80-дей ұрпақ өрбігендігін тілге тиек етеді. Ал Мәтеннің атының өзімен бірге 
өшуі – тарихтың таразышы екендігін тағы бір айғақтайды. 
Жазушының көп зерттеуді көздеген тақырыбының бірі – Ұлы Жібек жолы болса, 
кейінгісі – қытай жазбаларындағы қазақ тарихы мен қаламгерлеріне қатысты тарихи деректер.
Жібек жолы бойындағы жанданған халықаралық саудаға Орта Азия мен Ресей, Еуропа 
елдерін тарту ісіне Абылай ханның тұсында ерекше көңіл бөлінгендігіне Шәуешек базарына 
апарған құндыз, қара түлкі терілерінің жоғары бағаланғандығы мысал бола алады. 
«Туған жерге оралу» эссесінде жазушының қаламы бізді еріксіз тағы да сағыныш 
әлеміне жетелейді. «...Мен Үрімжіден автобусқа отырып, өзімнің атамекенім – Тарбағатайды 
бетке алып, тартып келемін. Ұзақ жылға созылған солшылдықтың зардабы мойныма ажырғы, 
аяғыма шідер болып салынғандығы үшін туған жерге орала алмағандығыма 20 жылдан асқан 
болатын. Сондықтан тұла бойымды сарылған сағыныш билеп, көңіл құсым көк жүзін 
қалықтап, атамекен аспанына қарай самғай жөнелді». Мәтіндегі көзге көрінбей, бірақ асқақ 
мағынаға ие болып тұрған дүние – жол. Өмір жолы... Сол өмір жолындағы ең бір сәулелі 
мекен, туған жер – жерұйығына сапарлап келеді жазушы. Жиырмасыншы ғасырда 
Америкадағы ең танымал жазушылардың бірі – Курт Воннегут жазушылық жөнінде 
студенттерге «Шығарма басында кейіпкер әлдебір нәрсені іздеуі керек. Бір жұтым су болса 
да» дегені бар. Зейнолла Сәнік те қаламгерлік мұратқа барар жолдағы қаншама інжу-
маржанды көз алдыңызға әкеледі[6, 190 б]. 
Қаламгердің тағы бір қыры – оның шежірешілдігі. Мәселен, оның Найман ата 
шежіресін Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс тәрізді үш арыстан тарқата келіп, Қаракерей, Матай, 
Садыр, Төртуыл туралы аңыздарды тарихи тың деректермен ұштастыра отырып баяндайды. 
Сонымен қатар, аңыз-әңгімелерге назар аудара отырып, одан тарайтын ұрпақтарды тарата сөз 
етуі – қаламгердің шежірешілдік қырын ашып көрсетеді. 
Жалпы алғанда, жазушының қаламынан туған әрбір шығарманың негізгі өзегі – 
адамдық пен адамгершілік. Сонымен қатар, қазіргі қоғамда адами құндылықтардың 
құлдырағаны белең алған кезінде халқымыздың этнопедагогикалық тәлім-тәрбиесін болашақ 
ұрпақ бойына сіңіріп, санасын жаңғыртуда Зейнолла Мүбәрәкұлы шығармаларының берері 
мол. Көптеген әңгіме-эсселерінде өмірден түйгені мен жинаған тәжірибесі, адамтанудың қыр-
сырлары айқын көрінеді. Кейіпкерлері де жеке бас мәселесін күйттемей, үлкен ерлікке бара 
алатын, кең де мәрт, қиындықтан жасымайтын жандар. Мұндай өмір материалдарын қағазға 
түсіру үшін қаншама жылғы ізденіс, көңіл түкпіріндегіні қалт жібермейтін қырағы көз және 
ең бірінші сезім қажет екені түсінікті.
Қорыта айтқанда, Зейнолла Сәнік – қазақтың тарихы мен этнографиясын зерттей жүріп, 
оны көпшілік оқырманға жатық, түсінікті тілмен жеткізе білген қарымды қаламгерлердің бірі. 
Халқымыздың құнарлы қазынасының дәстүрлі заңдылықтарын өрелі ой, орамды тілмен өріп, 
ғылыми дәлелдермен бекітіп жазған. Осыншама қыруар еңбегінде материалдарды жік-жігімен 
жүйелеп жеткізуі халық тарихын терең меңгергендігін дәлелдейді. Сонымен қатар қазақтың 
сан қатпарлы тарихына еркін бойлап, тарихи эсселері мен тарихи романдарды көркем тілмен 
жазуы оқырманды қашанда тәнті етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет