Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет


Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі



Pdf көрінісі
бет73/221
Дата25.04.2022
өлшемі3,3 Mb.
#140821
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   221
Байланысты:
тарихи тұлға

 
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі: 
 
1. Ұлт театры шаңырағын көтерушi / Қойшыбаев, Б. - Алматы : Арыс, 2000. - 176 б. 
2. Қойшыбаев Б.Қазақ ұлттық сахна өнерінің іргетасын қалаған кім?// Ақиқат.- 26 ақпан, 2016 
3. Қойшыбаев Б.Алғашқы директор: қазақ ұлттық сахна өнері ордасының алғашқы 
ұйымдастырушысы және директоры Дінше Әділов //auezov-theatre.kz/ru/press/media... Қаңтар 13, 2016 
4. Жұртбай Т. Ел ардақтаған азамат // Ақиқат. – 1995. -№3. – 60-65б. 
АБАЙ ЖӘНЕ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ 
Ишмухаммедова У.Т., 1 курс магистранты 
Сайлаубаева
Н.Е., т.ғ.к., доцент 
Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
Абай дүние салған күннен бастап Алаштың қайраткерлері Абайды жоқтай бастады.
Соның бәрі емес. Абайды таныған, білген, түсінген ортасы. Оның біріншісі Әлихан 
Абай қайтыс болғанда қазанама жариялап, Абайдың өмірбаянын жазып, туған-туыстарына, 
халыққа көңіл айтқан. Кейін Абайдың өлеңдерін жинап, кітап шығару керек екенін де алғаш 
айтқан.
Абайдың өскен ортасы мен шығармашылығын жүйелеп тұңғыш рет бір ізге салған, 
Абайтанудың негізін қалаган - Әлихан Бөкейханов.
Ол қазақ әдебиеттану саласының үлкен арнасы - Абайтанудың негізін салды. Кәкітай 
Абай өмірінің бел-белесін, шығармашылық жолын, ізденіс бағыттарын саралап, бір жүйеге 
негіздеп, тұңгыш рет Абай туралы деректі Әлихан Бөкейхановқа жиыстырып береді. Абай 
қайтыс болған соң жеті айдан кейін, яғни 1905 жылы Семей каласынын Географиялық 
бөлімшесінің «Семипалатинский листогында» орыс тілінде Әлихан Бөкейхановтың азалы 
ғұмырнамасы (некролог) жарияланды. Оның соңында бұл деректерді ретке келтіріп, баспаға 
ұсынған Кәкітай Ысқақов екендігі туралы сілтеме бар. Бұл қазіргі толысқан Абайтану 
ғылымының бұлақ бастауына Абайдың Географиялык қоғамдағы достары Михаэлис, Гросс, 
Коншин сияқты көңілі ниеттес достарының себепкерлігі тигені айқын. Осы мақала 
жарияланған соң Әлихан Бөкейханов Патша өкіметіне қазаққа дербес құқық беру туралы 
мәлімдеме жазып, елге қол қойдыру үшін Кереку өңірін аралауға аттанады. Сол жақта жүріп 
1906 жылы 8-январъда түрмеге камалады. Ғалым Қайым Мұхаметхановтың дерегі бойынша, 
Әлиханның портфелінде Абай өлеңдерінің қолжазбасы болған. Оны 5 мың сомға бағалап, аман 
сақтауына адвокат арқылы өтініш түсірген. 
Сондай-ақ 1907 жылы сол Географиялық қоғамның арнайы жинағында Абайдың суреті 
тұңғыш рет баспа бедеріне түсті. Осымен қатар 1909 жылы Кәкітай Ысқақов Петербургтегі 
Бороганский баспаханасынан Абайдың тұңғыш өлеңдер кітабын жарыққа шығарып, 
өмірбаяны, өлеңдері тақырыпқа реттеліп, түсініктемелер берілді. Абайтанудағы Кәкітайдың 
еңбегі жөнінде Мұхтар Әуезов: «... Бұл жөнінде казақтың мәдени тарихына Абай мұрасына 
ерекше еңбек сінірген, Абай өзі тәрбиелеп, баулыған - Кәкітай Ысқақұлының еңбегін ерекше 
айту керек. Кәкітай Абай шығармаларының ең алғашкы таңдамалы жинағын бірінші рет 
Петербургтегі Бороганский баспаханасында 1909 жылы шығарды. Сол жинақтың аяғында 
акынның Кәкітай жазған бірінші өмірбаяны беріледі»,- [1]деп жазды. Шындығында, бұл 
Кәкітайдың әңгімесі бойынша Әлиханның Абай өмірі туралы толықтырылып жазған екінші 
мақаласы еді. Оның алгашқы нұсқасы 1905 жылы «Семипалатинский листохта» орыс тілінде 
басылды. Біз осы мақаланы окырмандар назарына ұсынып отырмыз. Бұл - ұлы Абайдың қагаз 
бетіне түскен ең алғашқы ғұмырнамасы болатын. 


118 
Қайым Мұхамедханов «Абайдың ақын шәкірттері» - деген еңбегінің Көкбайға арналған 
бөлімінде былай дейді: «Көкбай 1905 жылы Семей қаласында Әлихан Бөкейхановпен 
танысып, сол жылдан бастап екеуі дос болып кетеді. Көкбай Әлиханды 1905 жылдан бұрын 
да білетін. Абайдың көзі тірісінде, 1903 жылы орыс тілінде басылып шыққан «Россия. Полное 
географическое описание нашего отечества»- деп аталатын көп томды кітаптың қазақ 
даласының тарихына арналған 18-томында, осы кітапты жазушылардың бірі Әлихан 
Бөкейханов, қазақ әдебиеті мен мәдениетін баяндай келіп, Абай туралы былай деген: 
«Наконец, как представителя нового течения в киргизской поэзии, следует назать Кунанбаева 
– автора многих стихотворений изящних по форме и поэтический по содержанию (особенно 
описания природы). Этому же автору принадлежит переводы «Евгения Онегина» и многих 
стихотворений Лермонтова (который оказался наиболее понятным для киргиз), таким образом 
у Семипалатинских оленши (певцов) можно слышать, например, «Письма Татьяны» 
распеваемое, конечно, на свой мотив». 
Сөйтіп, Абайтанудың алғашқы қадамын бастаған Әлихан Бөкейханов болған. Бұл кітап 
Абайдың өз қолына да тиген және Көкбай, тағы басқа Абай шәкірттері де жақсы таныс еді. 
Сондықтан олардың Әлиханға деген қадір-құрметі зор болған. Әлихан өзінің кейінгі 
мақалаларында Кәкітай, Тұрағұл бар Абайдың өлеңдерін жинап, Семейде, Омбыда өз 
орталарында талқыға салып, тақырыптарға топтап, жіктегендерін жазады. Бір жағынан 
Әлиханның Шәкәріммен туысқандығы бар. Бөле десе де болады. Өйткені, Құдайбердінің 
алған бір әйелі мен Әлиханның шешесі апалы-сіңлілі. Әлекеңмен туыстығы бар дейтініміз сол. 
Ауылдары да жақын. Қарқаралы, арғы жағы Шыңғыстау. Әлихан арқылы Ахмет, Міржақып, 
Мағжандар да тани бастады. Ахметтің өзі де айтады: «Абай, Абай дегенге өзіміздің Әубәкір 
сияқты ақын екен деп ойлаушы ем, сөзі аз, мағынасы терең екен»- деп. Алғашқы танығанда 
көбінесе ойының тереңдігіне мән бере таныды. Әлиханның танытуында да, Ахметтің 
танытуында да көбінесе Абайдың ой тереңдігі, өлең жазуының жаңаша үрдісі сөз болады [2]. 
Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындары мен мектептерде жеке пән ретінде оқытылып, өзіндік 
ерекшелігі мен дүниетанымы бар әдеби ілімге айналып үлгерген Абайтану негізін сонау XX 
ғасырдың алғашқы ширегінен алатыны белгілі. Дәл осы кезеңде ақынның алғашқы өмірбаяны 
жазылып, өлеңдер жинағы құрастырылып, бұқара халыққа кеңінен насихаттала бастады. 
Бірқатар қаламгерлер мен зерттеушілер Абай жөніндегі зерттеулерін жазып, осы салаға өз 
үлестерін қосып отырды. Атап айтсақ, А.Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, Ж.Аймауытұлы, М. 
Әуезов, С. Мұқанов сияқты бір топ зиялылар Абайдың өмірі мен шығармашылығын саралап, 
оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесіне өздерінің пікірін білдірді. Бірақ егер осы жоғарыда 
аталған авторлардың бірнешеуінің, әсіресе, А.Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлының ғылыми 
мақалаларына назар салсақ, екеуіне ортақ заңдылыққа көз жеткіземіз. Ол заңдылық екі 
Абайтанушының да мақаланы жазу барысында өз кезегінде тек жалғыз ғана зерттеушінің 
мәліметіне сүйенуі еді. Бұл айтып отырған зерттеушіміз – мемлекет және қоғам қайраткері, 
атақты ғалым, «Алаш» партиясы мен «Алаш орда» үкіметінің төрағасы – Әлихан (Ғалихан) 
Нұрмұхамедұлы Бөкейхан. 
Мысалы, А. Байтұрсынұлының Абай туралы жазған «Қазақтың бас ақыны» 
мақаласында зерттеуші былай дейді: «…жазушы Ғалихан Бөкейхановтың айтуына қарағанда, 
Абай Спенсер, Луис, Дрепер деген Еуропаның терең пікірлі адамдарының кітаптарын оқыған. 
Өлең жазушылардан орыстың Лермонтов деген терең пікірлі ақынның өлеңдерін сүйіп 
оқыған…» [3]. Ал М. Дулатұлының «Абай» мақаласында мына жолдарды кезіктіреміз: «1905-
ші жылы «Семипалатинский листок» журналында һәм онан кейін Семейдегі Географический 
обшествоның шығарған бір кітабында Әлихан Бөкейханов Абайдың тәржімә халін жазды һәм 
кешікпей кітабы да басылатынын білдіріп еді. Бірақ тез шықпады, 1909-шы жылы Абайдың 
балалары һәм інілерінің ризалығы һәм Әлиханның ыждаһатымен Абай кітабы Петербургта 
Бураганский баспаханасында басылып шықты. Бұл күнгі қолымыздағы кітап сол бірінші 
баспасы…» [4]. 


119 
Жоғарыда келтірілген деректерге сүйенсек, Әлихан Бөкейхан Абайдың мұрасына 
ерекше көңіл бөлгенін көреміз. Егер осыған дейін ешбір зерттеуші бұл мәселеге байыпты 
назар аудармағанын ескерсек, онда шын мәнінде, Абайдың мұрасын зерттеп-зерделеу 
мәселесін Әлихан Бөкейхан алғаш қолға алғанына көз жеткіземіз. Сонымен бірге, ақынның 
алғашқы жинағының жарыққа шығуына да Алты Алаш көсемінің жәрдемі тигені де осы 
жерден көрінсе керек. Атақты ғалым, Абайтанушы Қайым Мұхаметханов 1995 жылы жарық 
көрген «Абай энциклопедиясында» бұл тұжырымды дамытып, мынадай тың дерек келтіреді: 
«…Халық дастандарына сипаттама беріп, «Қозы-Көрпеш – Баян Сұлу» жырына ерекше көңіл 
аударады. Шортанбай, Ноғайбай сияқты және басқа ақындарды атап айта келіп, Абайға 
ерекше тоқтап, оны қазақтың жаңа әдебиетінің көшбасшысы етіп бағалайды: «Енді қырғыз 
поэзиясындағы жаңа ағымның өкілі ретінде Құнанбаевты – формасы жағынан айрықша және 
мазмұны жағынан (әсіресе топтағы бейнелеуде) орынды көптеген өлеңдерінің авторы деп 
атауға болады. Осы автор «Евгений Онегин» және Лермонтовтың көптеген өлеңдерін 
(қырғыздарға түсініктеулерін) жақсы аударған, сондықтан да Семей әншілерінің аузынан 
«Татьянаның хаты» атты өлеңін тыңдауға болады». Сөйтіп, Абайдың көзі тірісінде, оны 
оқырман қауымға таныстырған адам – Әлихан Бөкейханов.[5]. 
Бұл пікірді дамытып одан ары тарқату үшін, ерекше жаңа мәліметті белгілі 
Әлихантанушы-ғалым Жүсіп Сұлтанхан Аққұлұлының «Әлихан Бөкейхан. Шығармаларының 
толық жинағының» I томында жазылған «Абайтану бір хаттан бастау алды» деген қысқа ғана 
мақаласынан табамыз. Зерттеуші Абайтанудың бастауы туралы мынадай дәйек келтіреді: 
«…Қазіргі абайтанудың шыңы – Мұхтар Омарханұлы Әуезов пен оның «Абай жолы» 
трилогиясы болса, абайтанудың басталар бұлағы… Әлиханның бір хаты болатын. Ия-ия, қазақ 
әдебиетінің бүгінгі жеке саласы – абайтану – өзіне Абай дүние салды деген қаралы хабар 
жетісімен, Алаш серкесінің Омбыдан марқұмның балаларына жолдаған жалғыз хатынан 
бастау алды. Ұлы ақын мезгілсіз қайтыс болған 1904 жылға дейін Әлихан оның 
шығармашылығына бір-екі мақаласында тиіп-қашты болса да тоқталып өтеді. Бірақ әлгі 
хатынан кейін ол Абай шығармаларын жинап бастыру мен зерттеу ісін мықтап қолына 
алады… [6]. 
Осылайша, жоғарыдағы ғалымдардың айтқан уәждері мен пікірлеріне сүйенсек, 
данышпан ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығының алғашқы зерттеушісі 
– Әлихан Бөкейхан екендігіне көз жеткіземіз. Ал енді тұңғыш Абайтанушының бұл ілімге 
қосқан үлесі қандай болғанын қарастырайық. Алаш көсемі ақынды көзі тірісінде оқырман 
қауымға таныстырып қана қоймай, дүние салғаннан кейін де мұрасына аса ерекше көңіл 
бөледі. Оған нақты дәлел ретінде Әлиханның Абай дүние салғаннан кейін арада 1 жыл уақыт 
өткен соң 1905 жылы «Семипалатинский листок» газетінде жарық көрген «Абай (Ибрагимъ) 
Кунанбаевъ» атты мүнәһибін (некролог) айта аламыз. 
Бұл мүнәһиб жөнінде белгілі алаштанушы-ғалым, профессор Дихан Қамзабекұлы 
мынадай пікір білдіреді: «Әлиханның шынайы тұрпатты авторлық әдебиетке айрықша үмiт 
артуы 1905 жылы жарияланған Абайға арналған мұнақып-мақаласынан (“Абай (Ибраһим) 
Құнанбайұлы”) бастау алады… Абайды тану мен танытуға деген ықылас алғаш Ә. Бөкейхан 
тарапынан байқалған… Ә. Бөкейханның «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы» мақаласында ұлы 
ақынның ғұмырбаяны алғаш рет мүмкіндігінше толық сипатталған…» [7]. 
Әлихан Бөкейханның бұл қазынасы орыс тілінде жазылды. Зерттеуші бұл еңбегін 
жазғанда екі мақсатты көздегенін көреміз: оның біріншісі – ақынның әруағына тағзым ету 
болса, екінші – Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы мәліметті бүкіл 
жұртшылыққа жеткізу. Осы мақсаттарға жету үшін Әлихан Нұрмұхамедұлы Абайдың дүниеге 
келуі мен шыққан тегі, өз жұрты мен нағашы жұрты, балалық шағы, қоғамдық қызметі, 
алғашқы өлеңдері, аудармашылығы жайлы маңызды деректер келтіреді. Мысалы, Абайдың 
әкесі Құнанбайға Әлихан былай деп баға береді: «…Отец Абая Кунанбай имел огромное 
влияние и на киргиз чужих родов, что потдвердилось избранием Кунанбая в старшие султаны 
Каркаралинского округа, когда должность эта была монополизирована родовыми 


120 
султанами…» Көріп отырғанымыздай, Әлихан Нұрмұхамедұлы Құнанбайдың қайраткерлігін 
аса жоғары бағалады. Алаш көсемі Ә. Бөкейхан Құнанбайдың «қарадан шыққан хан атанып», 
тек Шыңғыс тұқымынан тарайтын сұлтандар ғана сайланатын аға сұлтандық лауазымды 
иеленуі — оның асқақ абыройы мен қазақтың Тобықты руынан басқа да руларына ықпал ете 
алуының нәтижесі деп біледі. Бұл – Абайдың әкесіне берілген объективті баға, себебі кеңестік 
дәуірде Құнанбай тұлғасы тек «феодал, байшыл, діншіл» деп бағаланғаны бізге мәлім. 
Ә. Бөкейхан Абайдың заманы мен өскен ортасына баса назар аударады. Себебі, 
зерттеушінің пікірінше, ақынның көзқарасы мен дүниетанымына өмір сүрген кезеңі тікелей 
әсер етеді. Осы мәселе жөнінде Әлихан Абайдың поэзиясында орын алған молдалар мен 
қожаларды сынайтын тұстарын басшылыққа алады: «Муллы-ходжы, про которых в степь 
сложила поговорку: «аңқау елге – арамза молла» («наивному народу – стяжатель 
священиикъ»), боялись встречи и разговора с Абаем, который разоблочал их духовную 
нищету…» Байқап отырсақ, Абай өз заманынан озық туғаны соншалық, оның тіпті сол 
кезеңдегі молдалар мен қожалардан білімі зор еді. Яғни, діни және рухани тұрғыдан олардан 
әлдеқайда сауатты болды. Осы ойды жалғастырып, ғалым заманның тұлғаға әсері жайлы ойын 
тиянақтайды: «…Абай был самородок, вынесенный судьбою в безвременье его родины, не в 
чем, как в борьбе партий, было ему проявить свои силы…» Мұндағы Ә.Бөкейханның айтайын 
дегені, Абай – шын мәнінде дара әрі дана адам еді, бірақ ол өзінің бар күш-жігерін партиялық, 
қоғамдық таластарға жұмсауға мәжбүр болды. 
Ақынның поэзияға келуі турасында да Алаш серкесінің айтқан мына бір пікірі назар 
аудартпай қоймайды: «С 14 лет Абай сочинял сатирические стихотворения, они заучивались 
молодежью; но автор не придавал имя никакого значения. Вероятно, она стыдился унизить 
себя званием «ахына» (певца), которого степная аристократия презирает…» . Демек, Абайдың 
заманында ақынның дәрежесі өте төмен еді. Сол себепті ол өзін сауатсыз, надан 
ақынсымақтардың қатарына қосқысы келмейді. Оны Абайдың Ә. Бөкейхан мысал ретінде 
келтірген мына өлең жолдарынан жақсы білеміз: 
«Ақындары ақылсыз надан келіп, 
Құр жерді өлең қыпты жоқтан қармап; 
Қобызын, домбыра алып топта зарлап, 
Әр елден өлең менен қайыр тілеп; 
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап…»
«Такова характеристика, данная Абаем киргизским «ахынам»-импровизатором» деп Ә. 
Бөкейхан Абайдың «жалған ақындарға» берген бағасын көрсетеді. 
Абай неліктен данышпан атанды? Неліктен өмір бойы заманымен арпалысып жүріп, 
тарихта оның аты күрескер, қайраткер ретінде ғана емес, ғұлама, ойшыл, философ болып 
қалды? Осы сұрақтарға жауап іздеген Ә. Бөкейхан мынадай пайымға келеді: «Абай, быть 
может, умер бы, не проявив своего выдающегося поэтического дарования, если бы в 80-х годах 
он не пережил переворот в своих взглядах на деятельность певца. В это время Абай 
познакомился с политическими ссыльными гг. Гросом, собиравшим в степи материалы для 
брошюры «Юридические обычаи киргиз», изданной под редакцией г. Маковецкого, и 
Михаэлисом, оказавшим огромное влияние на просвещение и образование Абая. Оба, как и г. 
Гросс, так и г. Михаэлис, гостили у Абая в степи, знакомили его с русской литературою…» 
[7]. Сонымен, Абайдың даналыққа жетуінің бір қыры – орыс әдебиетінен нәр алуы. Ал сол 
әдебиеттің жауһарларын оқуға бағыт берген азаматтар – Гросс, Михаэлис және Маковецкий. 
Әлиханның келтірген дерегі осы.
Осы ойының жалғасы Әлихан Бөкейханның 1915 жылы жазған «Жаңа кітаптар» 
мақаласында көрінеді: «… Михаэлис болмаса, бұған Абай шимайлы ғұмыр жолында 
жолықбаса, Абай ана Қозы-Көрпеш — Баянды, Тарғынды, Қыпшақ Қобыланды батырды, 
Едігені шығарған ақындар аяғын құшар еді…» [8]. Демек, Абай поэзиясына бұл азаматтардың 
көзқарастары үлкен әсер етті. Енді ол бойына бар күш-қайратын жинап, өз поэзиясын ұлттық 


121 
арнаға бұрды. Ұлтының сөзін сөйлеп, ел тағдырын өз мойнына алған ақын атанды. Оны 
Абайдың мына өлең жолдарынан көреміз: 
«Мен жазбаймын, өлеңді ермек үшін, 
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін. 
Көкірегі сезімді, тілі орамды, 
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін…» [9]. 
Қарап отырсақ, Абай ендігі поэзиясын тек жастарға арнадым деп отыр. Әлихан 
Абайдың бұл ойын жақсы түсініп, ақынның өз балаларын сол заманда оқуға, білімге 
баулығанын аса жоғары бағалайды: «Желая наверстать упущенное, о чем так жалел Абай, он 
стал учить своих детей в русских школах, при этом хлопотал об их образовании, не имея в 
виду никаких утилитарных видов, как это преследовали другие киргизы, отдавая детей в 
русскую школу. Этот свой взгляд на образование своих сыновей Абай выразил в следующих 
стихах: 
«Адамның бір қызығы бала деген: 
Баланы оқытуды жек көрмедім; 
Баламды медресеге біл деп бердім, 
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім»»
Абайдың ғылым-білімге түзу көзқарасынан бөлек, Әлихан оның сатирик ақын 
екендігіне назар аудартады: «Стихи Абая, особенно сатирические, встречаются во всех концах 
Киргизской степи. В сознании своего таланта Абай свысока относился к своим сородичам, по 
адресу которых писал: 
«Жан көрінбес көзіме, 
Арғын, найман жиылса, 
Таңырқаған сөзіме,
Қайран сөзім қор болды, 
Тобықтының езіне…» 
Тұңғыш Абайтанушы бұл жерде Абайдың руластары мен жерлестеріне сатира түрінде 
айтылған ащы мысқылын айтып отыр. Әлиханның пікірінше, ақынның бұлай ашыла сөйлеуіне 
негізгі себеп — оның зор абыройы мен сөзге шешендігінде еді. Сол себепті де оның айтқан 
сөздері халық арасында тез тарап отырды. 
Ақынның поэзиясын зерделеп өткеннен кейін, мүнәһибтің қорытынды бөлімінде Ә. 
Бөкейхан Абай туралы қалыптасқан тұжырымын жеткізеді: «Абай, как это покажут его стихи, 
представлял недюженную поэтическую силу и составлял гордость киргизского народа. Еще 
не было киргизского поэта, так возвысившего духовное творчество народа, как Абай. Чудные 
его стихи, посвященные четырем временам года (весна, лето, осень, зима) сделали бы честь 
знаменитым поэтам Еуропы…» [10].
Ұлт көсемі Ә. Бөкейхан Абайды — қазақ ұлтының мақтанышы екенін, тіпті оның 
поэзиясын Еуропа ақындарымен тең көретінін басып айтты. Оның ойынша, ақынның жылдың 
төрт мезгіліне арналған табиғат лирикасы оны әлем әдебиеті өкілдерінің қатарына қосады.
Келтірілген пікірлер мен деректерге сүйенсек, бұл қазанама, яғни Абайдың әруағына 
арналған мүнәһиб, ақынның өмірі мен шығармашылығының кейбір маңызды бөліктерін 
қамтыған ғылыми мақала екеніне көз жеткіземіз. Егер біз бұл мақаланы тек қазанама ретінде 
бағаласақ, онда Ә.Бөкейханның Абайдың тұңғыш зерттеушісі екендігіне шек келтіреміз деген 
сөз. Сол себепті Әлиханның бұл еңбегін Абайтануды оқыту барысында объективті бағалап, 
келешек ұрпаққа дұрыс насихаттаған абзал. 
Бұл мүнәһибтен басқа, Әлиханның арнайы Абайға арналған зерттеу еңбегі жоқ. Бірақ 
Ұлт көсемі Абайдың есімін алдағы уақытта жазған бірнеше мақалаларында атайды. Мысалы, 
1914 жылы жазған «Мұсылман сиезі» мақаласында Әлихан Абайдың, Шәкәрімнің, 
М.Дулатұлының, М.Жұмабаевтың өлеңдерінен бірнеше үзінді келтіреді. Ал сол үзінділерді не 
себепті келтіргенін былай деп түсіндіреді: «Мұсылман сиезі закон жобасында жазылған екен, 
рухани мекемелерде қағаз татарша тілмен жазылсын деп. Бұл біздің қазақ жұртына ыңғайсыз 


122 
екені көзге көрініп тұр. Түрік затты халықта біздің қазақтай бір жерде тізе қосып, қалың 
отырған іргелі ел жоқ. Біздің тілді біздің қазақ жерін араламаған мұсылман бауырларымыз 
қайдан білсін, біз кітап жазып, журнал, газета шығара бастағанамыз осы 3-4 жылдың ғана 
арасында…» Қазақта әдеби тіл қалыптасқанын, өзімізге тән әдебиет өкілдері бар екенін татар 
халқына көрсету үшін Ә. Бөкейхан сол кезеңдегі халқына қалаулы, еліне елеулі болып 
үлгерген бір топ поэзия өкілдерінің өлеңдерінен үзінді келтіреді. Оның ішінде Абайдың: 
«Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы», 
«Патша құдай сыйындым»,
«Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?»,
«Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» сияқты атақты өлеңдері қысқартылып беріледі. Бұдан 
кейін Әлихан өз ойын былай деп қорытады: «Осылардай ақыны бар, бір жерде тізе қосып 
отырған 5 миллион қазақтың тілі қалай жоқ болады. Біздің қазақ осы тілін алып тастап татарға 
мінгескені адасқандық болар…» [9]. Бұдан түсінгеніміз, Ә. Бөкейхан қазақ тілін татар тілінің 
ықпалында қалып қоймауы үшін қазақ ақындарының поэзиясын өзіне қару етіп алмақ. Себебі 
ұлттың тілі – оның төл әдебиетінен көрініс береді. Бұл тұрғыдан алғанда тіл мен әдебиеттің 
тазалығын сақтап қалуда Ә.Бөкейхан сіңірген еңбегі де осы жерден көрініс табады. Ол жөнінде 
кейінірек 1924 жылы Алаш қайраткері, ғалым, жазушы, драматург Қошке (Қошмұхамбет) 
Кемеңгерұлы өзінің «Қазақ тарихынан» атты еңбегінде былай дейді: «…Әлиханның қазақ 
еліне істеген тарихи қызметі: әдеби тіл тууына себеп болды, өзіне ерген топты діни фанатизмге 
қарсы тәрбиеледі. Бұдан барып татардан іргесін аулақ салған қазақ ұлты туды…» [11]. 
Осыған ұқсас тағы бір «Мұсылман сиезі» мақаласында Әлихан қазақ қоғамында орын 
алып бара жатқан «адасу», яғни барлық әрекетті шариғатпен реттеудің қате екендігін 
көрсетеді: «Бахытсыз Жамалды» оқығанда белгілі, Ғали мен Жамал жасырын қосылған. 
Шариғат жолында мұның екеуіне де жүз таяқтан дүре бар. Жігітпен ойнадың деп қазақ қызына 
дүре сала ма? Жігіт пен қыз ойнағаны рәсімінде күнә ма?..» Осы қоғамдық мәселені шешу 
үшін Ә.Бөкейхан Абайға жүгінеді: 
«Ғашықтың тілі тілсіз тіл, 
Көзбен көр де ішін біл. 
Сүйісер жастар хате етпес, 
Мейлің илан, мейлің күл. 
Абайдың осы сөзі қазақтың жасқа қарайтын анық көзі емес пе? Жастар сүйісіп қосылса, 
мұнда не жамандық бар, бұларды қалайша дүрелеуге болады?» [12]. Демек, данышпан 
Абайдың кез келген өлеңі арқылы қоғамдық түйткілді шешуге болады. Алты Алаш көсемі оны 
жақсы білді. Қоғамды түзету үшін Абай поэзиясына бірнеше мәрте жүгінгені де сондықтан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет