Байланысты: 1 ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰИЫМДАРЫНДА ОҚУ ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰИЫМДАСТЫ
Үлгілік оқу жоспарының біреуін таңдауы мүмкін.
2021-2022 оқу жылынан бастап қосымша енгізілетін жалпы білім беретін, арнайы және мамандандырылған мектептерге арналған төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы сайтында орналастырылады.
Жалпы білім беретін мектептер үшін жаңадан енгізілетін қосымша Үлгілік оқу
жоспарларында оқу оқу сағаттарының төмендетілуі негізінен вариативтік
компонент есебінен жүзеге асырылды.
Жаңадан енгізілетін қосымша ҮОЖ-ға сәйкес Үлгілік оқу бағдарламаларына
өзгерістер енгізілетін болады.
2021-2022 оқу жылында мектептердің дайындығына (кадрлық, ресурстық
және т.б.) байланысты вариативтік компонент сағаттарының есебінен
«Жаһандық құзыреттіліктер» курсын таңдауға немесе басқа да элективті
курстарды өткізуге болады. Аталған курс білім алушылардың 21 ғасыр
дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.
«Жаhандық құзыреттіліктер» (аптасына 1 сағат) курсына:
- 5-сыныпта «Парасаттылық және әдеп»;
- 6-сыныпта «Экология»;
- 7-сыныпта «Эмоционалды интеллект және сыни ойлау»;
- 8-сыныпта «Медиасауаттылық»;
- 9-сыныпта «Зайырлылық және дінтану негіздері»;
- 10-11-сыныптарда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» жатады.
Академия сайтында орналастырылған ресурстар мен авторлық
әзірлемелерді пайдалану ұсынылады (www.nao.kz).
Қазіргі
қолданыстағы
«Зайырлылық
және
дінтану
негіздері»,
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәндерінің оқу бағдарламаларымен
оқытуды жалғастыру ұсынылады (www.nao.kz).
Білім беру ұйымдары оқу материалдары мен ресурстар дайын болған
жағдайда «Экология», «Медиасауаттылық», «Парасаттылық және әдеп»,
«Эмоционалды интеллект және сыни ойлау» курстарын 2021-2022 оқу
жылында енгізуіне болады.
«