Зерттеу әдістемесі
. Заманауи сабақтарда интербелсенді жұмыс жасауға арналған тапсырмалар
оқушыларға тақырып бойынша мақсатты әрі нәтижелі жұмыс істеуге, сонымен қатар сабақта алған
білімдері мен дағдыларын бағалауға және тексеруге мүмкіншілік береді.
Интербелсенді оқыту- білім берудің тиімділігін арттырудың оңтайлы жолы ретінде танылып
келе жатқан оқыту мен білім берудің инновациялық түрі болып саналады, яғни интербелсенді оқыту-
оқушылардың білім, білік, дағды, белгілі бір этикалық қасиеттерді меңгеру жолындағы бірлескен
әрекетті ұйымдастыруға негізделген оқыту болып, артықша күш жұмсамай, аз уақыт ішінде жоғары
нәтижеге жетуді мақсат етеді.
Интербелсенді оқыту технологиясы әр мұғалімнің барлық білім алушылар меңгеретін сабақты
өткізуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар әр оқушының өзіндік қызығушылығы, интеллектуалдық
даму деңгейі бойынша сабақты алдын ала белгіленген деңгейде түсінеді. Химия сабақтарында білім
берудің мазмұнына қарай дұрыс таңдалған әдіс-тәсілдерді пайдалану қызықты және оң нәтижелі оқу
үдерісін ұйымдастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жүйке кернеуін жояды, іс-әрекеттің
құрылымын түрлендіру арқылы сабақ тақырыбын негізгі мәселеге айналдыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |