152
- Excel-ден сұрақтарды импорттау;
- тест сұрақтарын қайта қарастыру;
Тестті баптау үшін келесі бөлімдер міндетті түрде таңдалуы керек:
-
таңдалған жауап нұсқасымен тармақталады;
-
дұрыс жауап туралы мәлімет беріп отыруды баптау;
-
файлдың көлемін кішірейтуді баптау;
Нәтижені бақылау келесі бөлімдерді таңдағанда іске асады:
- Қашықтықтан білім беру орталымен бірігіп кез келген SCORM/AICC ортамен
интеграциялау;
- TinCan-мен интеграциялау;
- қашықтықтан білім беру орталығына iSpring Online арқылы егжей-тегжейлі статистика;
- нәтижені электрондық поштаға жіберу;
- нәтижені серверге жіберу;
-
тест нәтижесін басып шығару;
Тестті рәсімдеу - сұрақтар макетін таңдаумен, фон түсін өзгертумен, кескінді немесе фон
сапасындағы текстураны таңдаумен, сұрақтың ашық фонымен, сурет және формула қосумен, жауап
үшін анимацияны баптаумен, жауаптар нұсқасы үшін бірнеше баған болуымен, түстің, өлшемнің
және шрифтінің стилінің өзгеруімен, басқару элементінің жазбасының өзгеруімен, плеердің түсінің
өзгеруін басқарумен орындалады.
Тесті өткізу жағдайын баптау үшін өңдеуші келесі
қызметтерді орындауы қажетті:
-сұраққа берілетін баллдың саны;
- толық емес жауапты қабылдау мүмкіндігі;
- жауаптың әр нұсқасы үшін балл саны;
- тестті тапсыру уақытын шектеу;
- сұраққа жауап беру уақытын шектеу;
- тестті тапсыру әрекетінің саны;
- сұрақтың жауабын беру әрекетінің саны;
- дұрыс есем жауап үшін айып;
- межелі баллды беру мүмкіндігі;
- көрсетілген шкала бойынша нәтижені санау.
Тест сұрақтары - 23 типті сұрақтардан, түсіндірме үшін ақпараттық слайдтардан,
сұрақтар топтамасынан, сұрақтар мен жауаптар нұсқасын араластырудан, видео, аудио, сурет, Flash-
роликтер мен формулаларды қосудан, жауаптар нұсқасына суретті қоюдан, ыңғайлы мәтіндік
редактордан тұрады. iSpring QuizMaker 7 құралының ерекшелігі болып тестті жариялау бөлімі
табылады [2].
Соңғы кезде уақыт көрсетiп отырғанындай, оқытушымен салыстырғанда білім алушыда көп
ақпарат болатынын тәжiрибелер дәлелдеп отыр. Сондықтан әрбiр оқытушы өз қызметiне ақпараттық
технологияны пайдалана бiлуi қажет. Бұл мәселе – бiлiм берудi ақпараттандырудың қажеттi шартына
айналып отыр. Оқу үрдісінде компьютердi оқыту құралы ретiнде қолдану, оның мүмкiндiктерiн жаңа
материалды баяндауда (бiлiмдi виртуальды өмiрде қолдану), үйрету программаларын қолдану
арқылы виртуальды лабораториялық жұмыстарды жүргiзу, баяндалған материалды бекiту (тренинг),
білім алушының білім деңгейін тестілеу, Интернет-технологияларды қолдану арқылы оқытудың
сапасын арттыру – оқытудың тиімділігін беріп отыр. Сонымен қатар қашықтықтан оқыту кезіндегі
пайдаланатын iSpring QuizMaker бағдарламасы қолдану тиімділігімен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: