325
3-сурет. Сутекті алу, оны жинау және “тазалығын”
тексеру
Сынауыққа мырыштың бірнеше түйірін
салып, 5 мл 20% күкірт қышқылын
құйыңыздар да, сынауықтың саңылауын
ұшы жоғары қарай бағытталған газ
шығаратын
түтігі
бар
тығынмен
жабыңыздар (3 б сурет). Сутектің
“тазалығын” тексеріңіздер. Бұл үшін
ішінде сутек бар
сынауықты жаймен көтеріп, саусақпен жаба отырып (3 в сурет) түбін жоғары
қаратып сынауықты көлденең бағытта ұстап тұрып, спирт шамына жақындатып, аузын
ашыңыздар (3 г сурет). Сутектің тазалығына көз жеткізгеннен кейін (оқытушының
қатысында), оны түтікшенің аузында жанған шыбықпен жағып көруге болады. Таза сутек
жанғанда әлсіз дауыс естіледі. Сутек жалынының үстіне суық құйғы немесе шыны пластинка
ұстаңыздар. Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Нені байқауға болады? Сутек алудың реакция теңдеуін молекулалық және ионды-
электрондық түрде жазыңыздар.
2. Лаборатория жағдайында сутек алу үшін басқа қандай металл және қышқылды
ұсынуға болады? Сутек алу үшін концентрлі күкірт қышқылын қолдануға бола ма?
Жауаптарыңызды дәлелдеңіздер. Сутектің жану реакциясының теңдеуін жазыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: