1. Артықшылық – нарықтық баға тепе-теңдік бағадан жоғары болғанда ұсыныс
кӛлемінің сұраныс кӛлемінен артып кетуі.
2. Тапшылық – нарықтық баға тепе-теңдік бағадан тӛмен болғанда сұраныс
кӛлемінің ұсыныс кӛлемінен артып кетуі.
Осыларды тӛмендегі сурет арқылы сипаттауға болады.
5-сурет. Нарықтық тепе-теңдік
Егер P1 нарықтық бағасы тепе-теңдік бағадан жоғары болса, онда тауарлардың
артықшылығы орын алады. Ал егер P2 нарықтық бағасы тепе-теңдік бағадан тӛмен болса,
онда тауарлардың тапшылығы орын алады.
2.4 Нарық құрылымы Жетілген және жетілмеген бәсеке Жетілген бәсеке нарығының артықшылықтары: 1.
Ӛнім ӛндіру технологиялық жағынан аса тиімді түрде жүзеге асырылады.
2.
Ресурстар оңтайлы дәрежеде бӛлінеді.
3.
Кәсіпорындар тұрақты, әрі шығынсыз жағдайда жұмыс істейді.