№13 Тақырып: Педагогтардың өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыру


Кәсіби өзін–өзі білімдендіру педагогтың кәсіби және



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата11.05.2022
өлшемі1,75 Mb.
#141752
1   2   3
Байланысты:
№13 Тақырып Педагогтардың өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыру (1)

Кәсіби өзін–өзі білімдендіру педагогтың кәсіби және
тұлғалық өсіп жетілуінің құралы ретінде


Білім беру субъектілерінің кəсіби құзыреттілігіне қол
жеткізу концепцияны жүзеге асырудың маңызды
шарттарының бірі болып табылады. Кəсібилік – ұстаздың
психолого-педагогикалық, ғылыми-пəндік білім-біліктің
мəдени-адамгершілік ұстанымдарыммен үйлесудің
жоғары деңгейі. Кəсіби құзыреттілік – өзбетінше жəне
жауапты əрекет жасауға мүмкіндік беретін белгілі бір
психикалық жағдай, арнайы білімнің болуы, жалпы жəне
арнайы эрудицияның болуы, ғылыми-кəсіби дайындығын
үнемі жетілдіру, күнделікті іс-əрекетте міндеттерді шешу
үшін еңбек субъектісінің кəсіби дайындығы жəне қабілеті.


Егер педагог өзінің жалпы педагогикалық біліміндегі,
өзі оқытатын ғылым негізі бойынша біліміндегі
кемшілік тұста-рын байқамаса, өз педагогикалық
құралының жеткіліксіздігін көрмесе, оның кəсіби өзін–
өзі жетілдіруі мен өзін–өзі тəрбиелеуі тіптен мүмкін
емес деп айтуға болады. Өзін–өзі кəсіби жетілдіру
мен дамытуға кіріспес бұрын, педагог өз іс-əрекетінің
қандай да бір өткен кезеңіне талдау қорытындыларын
жасап отыруы керек. Сонымен қатар өз іс–əрекетін
жақсартуға байланысты жасалған қызметтес
адамдардың нұсқауларын ескеруі қажет.


Педагогикалық шығармашылық — өзінің
жаңашылдығымен, қайталанбастығымен
ерекшеленетін шығармашыл тұлғаны
қалыптастыруға бағытталған педагогикалық іс-
əрекет.Педагогикалық шыгармашылық — мұғалімнің, өз
ісін сүйіп, оған барлық ынта-ықыласымен кірісіп, əр
шəкіртінің жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына
неғұрлым тиімді, қолайлы жағымды жағдай жасай алуы.
Ондай мұғалімдердің əрбір өткен сабағы балалар үшін өте
кұнды да бағалы, мұндай сабақтарға балалар қуана
жүгіріп келеді, мұғалімнен бір қызықты жаңашылдық
күтеді.
Мұғалімнің ақыл –ойы мен шығармашылығын дамыту
1.


Көрнекті педагог В. А.
Сухомлинский «Сабақ
жасөспірімдердің
интеллектуалды өміріне құр
ғана сабақ болып қоймас
үшін, ол қызықты болуы шарт.
Осыған қол жеткенде ғана
мектеп жасөспірімдер үшін
рухани өмірдің тілеген
ошағына, мұғалім осы
ошақтың құрметті иесі мен
сақтаушысына айналады» –
деп айтқан.


Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет