2. Жобалау іс-әрекетінің ойын педагогикасында дамуы мен қолданылуы.
Сонымен, жобалау қоршаған орта тіршілік іс-әрекетінде түрлі деңгейлерде
байқалады, қоршаған дүниені зерттеулер жүргізіп білуге мақсатты түрде
белсенді араласты. Білім беру саласы мен түрлі мамандандырылған белсенді
педагогикадағы жобалау әрекетінің даму бұлағы мәдениет тарихында ұзақ
уақытта қалыптасқан. Бұдан үш жүз жыл бұрын ұлы чех ойшылы теориялық-
педагогиканың негізін қалаушы
Я.А. Коменский,
жемісті білім беру үшін
педагогтың зерттеу жүргізу әрекеті ынталы болу керек деген ойын білдірген.
«Адамдарды ең негізгіге, аспан мен жер және тағы басқа қажетті заттарды
зерттеп тануды, өзгелердің тануы мен түсініктерін есте сақтағанша,
кітаптардан білім алуды емес, өздері зерттеп тануға үйрету қажет» деп
жазған. (Коменский Я.А. Великая дидактика/ Пер. С чешского.-М., - С. 138).
Бұндай ойлар ақырында атақты философтар мен пеадгогтардың
көптеген жұмыстарында дамыды. Соның ішінде, француз философы
Достарыңызбен бөлісу: |