Жоғарыдағы 6-кестеге көңіл аударсақ, түсініктік,
ұғымдық
ақпараттары әр түрлі болғанымен психологияның әрекет ретіндегі өнімді
ойлаудың бойында ұйымдастырушылық әрекет түрі
ретіндегі жобалаудың
барлық аспектілері бар екені, олардың логикалық
және бірізділік сапалары
ұқсас екені көрінеді.
Психологтардың пікірінше, ойлаудың түрлері
туралы теориялар
бірін – бірі толықтырып отырады деуге болмайды. Өйткені олар
интеллекттің формальдық теориясы сияқты бір – біріне тәуелсіз түрде пайда
болады және дамиды. Дәстүрлі білімдік парадигма
XX ғасырдың аяғына
қарай қажет бола бастаған жаңа индивидтік қасиеттерді түсіндіру, сипаттау
үшін жеткіліксіздігі белгілі болды. Соған орай,
көптеген теорияларда
индивидтің туындаған проблемаға қатысты талдау жасау,
ситуацияны
модельдеу, шешім қабылдау әрекеті және ол үшін өз жауапкершілігін
мойындау сияқты сапаларын басым көрсетіле бастады.
Достарыңызбен бөлісу: