Әрине, ғылымның топтаса тоғысқан салалары шартты түрде жаратылыстану
— математика, гуманитарлық-қоғамдық, көркем-өнер, дене тәрбиесі,
өндірістік еңбек тәрбиесі деп жіктеледі. Олардың әрқайсысының өзіне тән
атқаратын қызметі, шұғылданатын мәселелерінің ерекшеліктері бар. Соған
орай берілетін білім, білік, түсінікті және қойылсан мақсатты шешетін оқу
пәні болғандықтан оқушыларға оны меңгеру үшін тиісті сағат мөлшері
белгіленеді. Оқылатын пәннің сағат саны оқу жоспарында айқындалады.
Ал тиісті пәнге байланысты берілетін білімнің мазмұны мектепке арналған
оқулықта көрсетіледі. Сондықтан - оқушы
меңгеруге тиісті білімнің мән-
мағыналық негізіне саналады және онда пәнаралық байланысқа орай табиғат,
адам, қоғам туралы әр жақты мағлұматтар алудың қайнар көзі деп саналады.
Оқулықтан алған білім негіздері бойынша оқушы
ізденіп, оны тереңдетіп,
өздігінен шұғылдануға мүмкіндік кеңейіп жол ашылады.
Оқулық. Оқушы меңгеруге тиісті ғылым негізін білгізетін құрал - оқулық.
Онда тиісті ғылымның мазмұны туралы жүйелі де жан-жақты ақпараттық
мағлұмат беріледі. Оқулық тек ақпараттық мағлұмат берумен ғана тынбайды,
оқу құралы болғандықтан мұнда тиісті деңгейде мәтін, сурет те, кестелік
сызбалар да, фотографиялық көріністер де келтіріледі.
Бәрінен де бұрын оқулық оқушының танымдық іс-әрекетіне бағдар беріп,
басшылық жасайды. Оқулықтар мен оқу құралдарында шәкірт тарапынан
атқарылуға тиісті жаттығу тапсырма, көрсетілген сұрақтарға жауап беру және
жазба жұмыстарын орындау т.б. көрсетіледі. Оқулық - оқу үрдісін
ұйымдастырудағы сценарий ретінде ғылымның теориялық мән-мазмұнын
игеруге мүмкіндік беретін әдістемелік жолдарды меңгеруге жағдай туғызатын
құрал. Сондай-ақ қазіргі окулықтар мен оқу құралдарында оқушының білімдік
деңгейі, іс-әрекет саласында атқарған еңбегі барысында қол жеткен
табыстарын, өздігінен орындаған жұмыстарының нәтижесін бағалап, оны
сипаттау жолдары да қамтылған. Демек, оқулықта тиісті пәнді оқудағы
мақсат, оның мазмұны, оқудьщ формасы, меңгеру барысындағы таным-түсінік
және оны игергендігі жөнінде бақылау жасай білуде көзделеді. Бұл қазіргі
заман, уақыт талабы. Өйткені техниканың өсуі, ақпараттық құралдардың
қарқынды дамуы, қоршаған ортадағы өзгеріс, әлемдік қарым-қатынастың
толассыз өркендеуіндегі ықпалды әсер ыждаһаттылықты талап етуден
туындауда
Достарыңызбен бөлісу: