ЖОЛСАПАР ЖАЗБАЛАР
«Азуы алты қарыс» Америка
«Азуы алты қарыс» Америкаға жол түскенде қобалжу, жүрексіну,
бір жағынан даңқы жер жарған, дамуды бізден көш ілгері бұрын
бастаған елді көруге деген құштарлық сияқты қат-қабат сезіммен
алып ұшақтың босағасын аттадық. Мұхит асып, Атланттың жағасына
орналасқан Нью-Йорк қаласына да келіп жеттік. 8 миллионнан астам
тұрақты (ресми тіркелмегендермен қосылғанда 18 млн. астам деген
мәлімет бар екен) халық тұратын қала ығы-жығы, араның ұясындай
құжынаған адамдардың сені қойып, бір- бірімен шаруасы жоқ тәрізді.
Мүлде басқа әлем, басқа өмір.
Сырттан келгендердің алдымен түйісетін тұсы көлік мәселесі.
Адамдардың қоғамдық көлікті пайдалану жайын мұнда тек метро-
мен шешіп қойған. Бұл жақта көлік кептелісі кейбір сенбі, жексенбі
күндері кездесіп қалмаса, біздегідей тұрып қалу деген болмайды
екен. Метролары жердің астымен де, кей сәтте үстімен де жүреді.
Әрбір он минут сайын қатынап тұр, кестесінен жаңылуы да өте си-
рек. Жол көлік мәдениеті де жақсы жолға қойылған. Ертеңгілік және
кешкісін жұмыс соңына қарай адамдар көбірек болады, бір -бірімен
ұрсысып немесе итерісіп жатқан ешкімді көрмедік. Ертеңгі уақытта
бір егде жастағы әйел қомақты жүгін тура шығар жолдың алдына
қойып алып тұрды, «япырым-ай, мына кісі қызық екен, адамдарға
кедергі келтіріп тұрғанын сезінбей ме?.. «деп ойлап қойып отырмын.
Аялдамаға жеткенде де ыға қоймады. Біреу-міреу ескерту айтар ма
екен деп едім, ешкім үндемей, айналып өтіп жатты. Осындай жайлар-
ды бірнеше рет байқадым. Яғни, адамдардың жүйке жүйесі орынында
немесе тәртіпке бағынушылық мықты болар... Жол айрықтарында да
жүргіншінің мысы басады, өйткені олардың құқығы 99 пайыз дұрыс
болып саналады. Бізде бағдаршамнан өтерде екі жағымызға алақтап,
қай жағымыздан қағып кетер екен деп қорқа-қорқа өтеміз ғой, олар
өйтпейді, өйткені көлік жүргізушілер адамдар толық өтіп болғанша
күтіп тұрады. Бірақ жолақысы 3 доллар, әрине, көк қағазды қымбатқа
сатып алатын біздер үшін өте қымбат.
208
Клара Қабылғазина
Бір жаққа барып алып, қалай қайтамын деген мәселе оларда мүлде
болмайды, өйткені метро тәулік бойы қатынайды. Аялдамалардың
аттары көбінесе нөмірленіп қойылған, тайға таңба басқандай айқын
жазылған және көлік ішінде электронды табло жүріп тұр. Тоқтаған
жерде қарап-ақ, ешкімнен сұрап әуреленбей-ақ қажетті межеңе
жетесің.
Жеке меншік көліктерін американдықтар көбінесе мінбейді, өйт-
кені, әр жолғы тұраққа қою қымбат. Біздегідей қоғамдық көлікке
ныға лып мініп, (сирек жүргендіктен, интервал сақталмайтындықтан)
ыстық күнде терің ағып, жұмысыңа барып-келу сияқты азап оларда
жоқ екен, өйткені, жол көліктері қажетті айналымын әр 5-10 минут-
та жасайды және көліктердің ішіне салқындатқыш қойылған. Кейбір
вагондарда әдейі қойылмаған, бала-шаға, кәрі құртаңдар салқындап
қалудан қорыққандар үшін жасалған көрінеді. «Кез келген қоғам
халық үшін қызмет етуі керек қой, адамның өзі қысқа өмірі күйзеліспен
өтпеуі керек-ау...» деген ойда қалдым.
Метрода отырып, айналаға қызықтап қарап отырасың ғой... Мұнда-
ғылар өте қызық халық. Шаш қоюдың неше түрін көрдік. Мысалы, бір
жігіт бастың бәрін тақырлап қырып тастап, тура төбеде қалдырылған
бір уыс ұзын шашты әйелдердің түйрегішімен түйіп қойыпты. Аме ри-
кан дықтар уақытты аса қадірлейтін адамдар ма деп қалдым. Бір қыз
түрегеп тұрып, кергіштегі кестесін тігіп тұрды. Тағы бір кейуана 70 тен
асқан шығар деп шамаладым, қушиған тар шалбар және сондай түсті
берет киіп, темір-терсектің біразын тағынып алыпты. Біздегі әжелер
олай жүрсе, әбден күлкі болар еді... Енді бір отағасы 55-60 та болар,
рэп айтып, билеп, өзімен өзі әуре. Соған қарағанда халық өздерін өте
еркін ұстайды, қатып қалған стереотип жоқ. Балалары да батыл, көзіңе
ықпай, тіке қарайды. Жасықтық, момындық белгілері байқалмайды.
Бойлары ұзын адамдар көп кездеседі, теңіз өнімдерін мол пайда-
лана
тын
дықтан болар деп топшыладым. Бізде бірен-саран ұзын
бойлылар кездесіп қалса, тамашалай қараймыз ғой... Әсіресе жігіт-
теріміздің бәкене болып бара жатқандары соңғы кездері жиірек
байқалуда. Мұның өзі әлеуметтік жағдайға да тікелей тәуелді шығар...
Өте толық адамдар да толып жатыр. Олар өздері семіздіктің себебін
де біледі. Неше түрлі фастфудтардың зиянын да түсінеді, өздері «junk
food» яғни, зиянды тағам деп айтады.
Дүкендердің жұмысы жақсы реттелген. Сөрелерде барлық тағам
атаулы молынан және жоғары сапалысы толтырылып қойылған.
Біздегідей бірер бұзылғанын арасына тығып жіберу сияқты психология
209
Достарыңызбен бөлісу: |