Марфуға Шапиян
:
«Шағын кітабында Бақытжан енді
қалыптасып келе жатқан оқырмандарға кітап оқуға
дағдыланудың түрлі тәсілдерін үйретеді, өзінің кітап оқу
тәжірибесімен бөліседі. «Күміс кітапты» кітаппен достығын
енді бастаған жандар оқыса, пайдаға кенеледі деп ойлаймын.
Өйткені, автор осы бір аз ғұмырда ең маңызды кітаптарды
қалай іріктеп оқудың тәсілін айтады. Біраз кеңестерін
дәптеріме түртіп алдым».
Мәдина Оспанәлі
:
«Сізге деген ыстық ықыласымыз
ерекше. Кітаптарыңыз арқылы талай жастың жүрегіне жол
таптыңыз. Солардың бірі – мен. «Күміс кітаптың» ғасырдан-
ғасырларға өтер кітап боларына сенімім мол. Шетсіз, шексіз
«кітап» деп аталатын есігі көп әлемнің ең керек кілтін тауып,
қолымызға ұстатқаныңызға рақмет!»
Достарыңызбен бөлісу: |