Сборник заданий по суммативному оцениванию по учебным предметам общего среднего уровня первая часть Нұр-Сұлтан 2020


«Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер» бөлімі



Pdf көрінісі
бет18/294
Дата11.05.2022
өлшемі9,16 Mb.
#142051
түріСборник
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   294
Байланысты:
заданий суммативка

 
«Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер» бөлімі 
бойынша ЖБ нәтижесіне ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика) 
Білім алушының аты-жөні ________________________________ 
Бағалау критерийі 
Оқу жетістігі деңгейі 
Төмен 
Орташа 
Жоғары 
Әртүрлі стильдегі 
мәтіндердің 
тақырыбын, автор 
көзқарасын, 
мақсатты 
аудиториясын 
салыстырады 
Әртүрлі стильдегі 
мәтіндердің 
тақырыбын, автор 
көзқарасын, 
мақсатты 
аудиториясын 
салыстыруда 
қиналады. 
Әртүрлі стильдегі 
мәтіндердің 
тақырыбын, автор 
көзқарасын, 
мақсатты 
аудиториясын 
салыстыруда 
қателеседі.
Әртүрлі стильдегі 
мәтіндердің 
тақырыбын, автор 
көзқарасын, 
мақсатты 
аудиториясын жақсы 
салыстырады. 
Екі мәтіннің 
құрылымын, 
тілдік ерекшелігін 
талдайды 
Екі мәтіннің 
құрылымын, тілдік 
ерекшелігін талдауда 
қиналады 
Екі мәтіннің 
құрылымын, тілдік 
ерекшелігін талдауда 
қателеседі 
Екі мәтіннің 
құрылымын, тілдік 
ерекшелігін жақсы 
талдайды 
Мәнмәтін 
бойынша 
тілдік 
бірліктерді 
орфографиялық 
нормаға 
сай 
жазады 
Мәнмәтін бойынша 
тілдік 
бірліктерді 
орфографиялық 
нормаға сай жазуда 
қиналады 
Мәнмәтін бойынша 
тілдік 
бірліктерді 
орфографиялық 
нормаға сай жазуда 
қателіктер жібереді.
Мәнмәтін бойынша 
тілдік 
бірліктерді 
орфографиялық 
нормаға сай жазады. 
Ата-ана қолы: __________________ 
 


21
Сынып:
11-сынып, ІІ тоқсан
Бөлім: 
«Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік 
сөздер»

Оқу мақсаты 
 
11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью) 
мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік 
оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау
11.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, 
тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу
Бағалау критерийі 
 
 
Білім алушы 
Мәтін үзіндісіндегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған 
терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдайды
Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында шешен сөйлейді 
Ойлау дағдыларының деңгейі 
Жоғары деңгей дағдылары
 
Орындау уақыты 
 
 
15-20 минут
 
 
1-тапсырма. Тыңдалым мәтінін мұқият тыңдап, төмендегі кестені 
толтырыңыз. 
Мамандығым – мақтанышым 
Бұл өмірде адамның тағдырын айқындайтын екі нәрсе бар: бірі – өмірлік 
жолдасы жары болса, екіншісі – мамандық. Мен өз мамандығымды және 
түсетін жоғары оқу орнымды 8-сыныпта таңдадым. Қазақстан–Британ 
Техникалық Университетіне түсуге үмітімді оятқан: Қазақстанда ең алғаш 
өткен ұлттық бірыңғай тестілеуде мүмкін 120 ұпайдың барлығын жинаған 
Нұржан атты бала еді. Ол Қазақстан – Британ Техникалық Университетті 
таңдады. Сол кезден бастап менің балаң көңілім ҚБТУ-ға ауды, Қазақстандағы 
ең білгіш бала таңдаған университет менің де университетім атану керек деген 
мақсат жадымда жаңғырды. Қазір сол бала арманым бастап келген 
университетте, жүрегіммен және ата-анаммен кеңесіп таңдаған сүйікті 
мамандығым органикалық заттардың химиялық технологиясы факультетінде 
оқып жатырмын. 
Мамандық тандау – бұл өте маңызды іс. Өйткені біз өзіміз таңдаған 
мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Мамандықтың саны әр 
алуан: дәрігер, мұғалім, ұшқыш, есепші, аспаз, елші, қаржыгер, архитектор, 
механик, көлік жүргізуші, сазгер, сатушы, ғарышкер және т.б. Бірақ бұларды 
байланыстыратын маңызды факт – бұлар бәрі халық үшін қызмет атқарады. 
Ал халық үшін қызмет көрсету маңызды мәселе. Түркі тілдес халықтың «жеті 
рет өлшеп, бір рет кес» деген нақыл сөзін ұран етіп, мамандықты дұрыс 
таңдауымыз керек. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа 
әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің 
бірі «осы заманғы білім беру, парасатты экономиканың негіздерін 
қалыптастыру, жаңа технологияларды пайдалану мамандарды дайындау 
сапасын көтеруге басты себеп болатын, инновациялық экономиканы дамыту», 
– деп көрсеткен. Қазақстан Республикасының болашағы, сыртқы саяси және 


22
сыртқы экономикалық қызметіндегі басымдықтары мен ұлттық мүдделерінің 
жүзеге асырылуы, халықаралық аренадағы беделінің өсуі, ұлттық 
қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі, мемлекет алдындағы жоғарғы азаматтық 
жауапкершілікке ие мамандарға байланысты. 
Осы орайда мен мамандығыма, заманға сай жетік елші болып шығуыма 
және Қазақстанды шет елдерге танытуға бар күшімді саламын. «Органикалық 
заттардың химиялық технологиясы» мамандығын бітірушілердің мына қызмет 
түрлерімен айналасу мүмкіндігі бар: мұнай-химиясы синтезінің технологиясы, 
көмірсутек шикізатын дайындау процесстері, қазып шығару және тасымалдау 
технологиялары, көмірсутек шикізатын өңдеудің каталитикалық процестерінің 
химиялық технологиясы, биологиялық белсенді заттардың химиялық 
технологиясы, көмірсутек шикізатын пайдаланудың химиялық технологиясы. 
Бұл мамандық – өте қызықты. Себебі ол бұл әлемде жоқ жаңа затты 
ойлап табуға мүмкіндік береді. Және де бұл мамандықта өз ісінің білгір 
мамандары тапшылық тудыруда. Осы тапшылықты жою мақсатында, осы 
мамандықты таңдап, өзімнің кішкене де үлесімді қосқым келеді.
Мемлекетке әр мамандық қажет. Алайда оны дұрыс таңдау – бағыңның 
ашылғаны. Қазақ үш-ақ мамандықты біледі: қара жұмысшы, директор, бас 
директор. Араларындағы салаларды ойламайды да. Шын мәнінде халқыңа 
пайдалы азамат болуға тырысу маңызды, керісінше халқың саған пайдалы 
болу емес. Өз ісіңнің білгір маманы болғанға не жетсін! 
Мен 18 жастамын. Арманымның оңайлықпен орындалмайтынын да 
сезіп, білем. Алайда мен еліміздің, біздей ел жалғасы өскелең ұрпақ үшін 
құрбан болған Қайрат Рысқұлбековтың мына сөзін жадымнан еш 
шығармаспын: 
«…Арман қудың ба, алдыңа қара, артыңа алаң болма! Өмірдің өткелін 
іздеп таптың ба, жүрексінбе, көзді жұм да, қойып кет, белді шеш те, кешіп 
өт…». 
Аян Жәрдемов 
Қазақстан-Британ Техникалық университетінің студенті 
https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/24654/ 
Мәтіннің 
жанры 
Мәтін қандай аудиторияға 
арналған? 
Не 
себепті? 
Ойыңызды дәлелдеңіз. 
Мәтіннен 
мақсатты 
аудитриясына 
сай 
терминдер 
немесе 
ұғымдарды, 
тілдік 
оралымдардан мысалдар келтіріп, талдаңыз. 
2-тапсырма. 
Мамандық – адам өмірінің бастауы, алғашқы баспалдағы. 
Сондықтан да адам мамандық таңдаудан жаңылыспағаны абзал. Қоғамға 
қажет мамандық бар және сұранысқа ие емес мамандықтар да көптеп 
кездеседі. Сіз мамандық таңдауда қандай қағидаларды басшылыққа алар 
едіңіз? Зияткерлік миграция туралы не айтар едіңіз? Өз ойыңызды дәлелді, 
тиянақты жеткізіңіз. Тапқыр ой мен ұтымды жауап беруде мамандыққа 
қатысты нақыл қолданыңыз.
 


23


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет