118 жарық көрген «Баяншы» деп аталатын әдістемелік құралын мұғалімдер 14
жыл бойы пайдаланып келген, ал «Әліпби астары», «Ана тілінің әдісі»,
«Жалқылаулы-жалпылау әдісі», «Қай әдіс жақсы?» деген сияқты
мақалаларының да мектеп балаларын білім-ғылымға үйрету саласында мәні
зор кейінгілерге үлгі-нысана болған еңбектер екенін айту керек. «Жаңа
мектептің» мақсаты қысыр пәлсапа соғу емес, қазақ мектебіне араласу, қазақ
оқытушыларының мектептегі күнбе-күндік жұмысына жәрдемші болу.
Барлық оқу-білім мәселесі, оқу, оқыту, түрлі мектеп, түрлі оқыту
программасы, оқытушының хал-жайы жазылып келеді.
«Ол салған жолға түсіп талаптанып,
Өмірлік сұрағына жауап тауып,
Басына жастап жатып әліппесін,
Сан ұрпақ көзін ашты сауаттанып», – деп Сырбай Мәуленов жырлағандай,
біз қазақ елі Ахмет Байтұрсынұлына қарыздармыз.