71 айналған үлкен ата. Байсейіт атадан жалғыз, оның әкесі Қалқаман Көшейұлы
(5 ағайынды). Қалқаманның сүйегі —Арғын. А.Байтұрсыновтың замандасы
әрі қаламдасы М.Әуезов 1923 жылы Ахметке арнаған мақаласында, оның тегі
жөнінде. «... Сүйегі-Арғын, оның ішінде Үмбетей болады. Бергі аталары
Үмбетейден шыққан Шошақ, Түбек. Ақаң Шошақтың немересі. Өз әкесінің
аты —Байтұрсын» деген мәлімет береді.
«Ұлт ұстазы» аталып, қазақ қоғамы мен ілгерілей дамуына орасан зор
үлес қосқан көсемдеріміздің бірі Ахмет Байтұрсынұлы- қазақ балаларының
ана тілінде сауат ашуға көп еңбек сіңірген қайраткер.
Ол осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Әліпби» (1914),
«Жаңа әліппе» (1926-1928) деп аталатын әдістемелік оқу құралдарын жазды.
А.Байтұрсынұлының бір мақаласында «Бұл күнде қазақша оқуда
кемшілік көп. Әуелі, оқу құралы кітаптар жоқ, екінші, қазақ мектебіне
түзелген программа жоқ, үшінші, бала оқыту ғылымынан хабардар,
мұғалімдер аз. Осы үш кемшіліктің үшеуін де есімізден тастамай ойлап
жүрген нәрселердің ең басы»,- деп жазғандай, халықты жаппай
сауаттандыруға белсене атсалысты.
А.Байтұрсынұлының
әліппесіндегі
мәтіндер
шәкірт
ұғымына
лайықталып, танымал жазбаша және ауызша әдеби шығармалардан алынған,
кейде арнайы жазылып, не болмаса өзге тілдердегі әдеби шығармалардан
аударылған. А.Байтұрсынұлының балаларға арнап жазылған еңбектерінің
бәріде баланың қабылдау, есте сақтау мүмкіндіктеріне сай әрі қарапайым,
түсінікті тілмен баяндалған.
А.Байтұрсынұлының балалар әдебиетін жазуына негіз болған, яғни 14
жылдық педогогикалық – эксперименттік тәжірибелерінен түйгендерімен өз
заманындағы әлемдік деңгейдегі әдістеме – теориялары және ірі
ғалымдардың еңбектерінен жақсы таныстығының нәтижесінде жазғаны
айқын.
А.Байтұрсынұлының: «Балалардың үйде оқырлық кітабы бізде әлі жоқ.
Жуырда болар деу қиын», - деуінде үлкен мән бар.Балалардың сауат ашып
жаппай білім беру науқанында сабақтан тыс уақытында өз білімін жетілдіріп
жан – жақты тануға деген талпынысын қанағаттандыру үшін жазылатын
балалар әдебиетінің шындап қарасақ жоқтың қасы еді.
Балалар әдебиетіндегі ең құндылығы – әр тақырыпқа байланысты
суреттердің беріліп отыруы. Оқулықта сурет арқылы сөйлету әдісі басым
екендігі байқалады. Суретте әр мәтіннің мазмұны сай бейнеленген.
А.Байтұрсынұлының балаларға жазған әдеби екбектерін топтастырудың
маңыздылығы мен тиімділігі бүгінгі тілі күрделі оқулықтарға үлгі бола
алады. Әрбір балаларға арнаған еңбектерінің бір тақырып төңірегінде