НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Астана: қазақстандықтардың кеңейген көкжиегі



Pdf көрінісі
бет119/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Астана: қазақстандықтардың кеңейген көкжиегі
2000 жылдардың басында отандық және шетелдік бизнес Астана 
құрылысына жүздеген миллион доллар инвестиция салды. 2007 жылға 
қарай Астананы салуға және абаттандыруға 400 отандық компания мен 
100 өнеркәсіп кәсіпорны атсалысты, ал құйылған инвестиция көлемі 5 мил-
лиард доллардан асып кетті.
Елорданы жеделдете дамытудың пәрменді факторы ретінде 2001 
жылы менің Жарлығыммен құрылған «Астана – жаңа қала» еркін эко-
номикалық аймағын атап өтуге болады. Бұл шешім содан бергі он бес 
жылда елорданың жалпы аймақтық өнім көлемінің 45 есе дерлік өсуіне 
(1998 жылғы 60,5 миллиард теңгеден 2013 жылғы 2,7 триллион теңгеге 
дейін) ықпал етті.
2009 жылдың қазан айында елордаға келген Франция президенті 
Николя Саркози Астана құрылысының белсенді жүріп жатқан қарқыны-
на бірнеше рет назар аударып, ақырында: «Мұнда келмей тұрып, мен 
өзімді өте жігерлі жанмын деп есептейтінмін. Енді Қазақстанда менен де 
жігерлі адамдардың бар екеніне көзім жетті», деп әзілдеді. 
Мен үшін Астананың тез арада салынғаны ғана маңызды емес. Оның 
қарқынды дамуына қарап, бүкіл ел тұрғындарының еселі еңбекке ынта-
лана түсуі одан да маңызды. Мұның ықпалы, ең алдымен, көрші облыс-
тардан сезіле бастады – бұл өңірлердегі адамдардың іскерлік белсенділігі 
күрт артты. Елдің бас қаласымен және оның құрылымдарымен бірлесе жұ-
мыс істеу мүмкіндігі өңірдегі кәсіпорындарды оңтайлы бизнес-үлгі іздеуге 


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
193
жетеледі. Біреулер Астананың құрылыс индустриасымен өзара байланыс 
орнатса, екіншілер елорданы азық-түлікпен қамтамасыз ету бағытындағы 
шараларға қатыса бастады, үшіншілер демалыс орындарын және туризмді 
дамыту саласына басымдық бергенді жөн көрді.
Урбанизация тәжірибесін зерттей келе, менің байқағаным: ірі қалалар 
мен астаналар экономикасының құрылымы өзгергенде олармен серік-
тес-қалалардың да, жақын маңдағы шаһарлардың да экономикасының 
құрылымы түбегейлі өзгеріп кетеді екен. Біздің елімізде де солай болды. 
Астананың тікелей ықпал етуінің нәтижесінде басқа облыс орталықтарын-
да, бір жағынан, елорда қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, екінші жағынан, 
өндіруші қаланың өзінің қажеттіліктерін ынталандыратын салалар қайта 
бас көтеріп, дами бастағанын байқау қиын емес.
Тек кәсіпорындар ғана емес, жекелеген адамдар да өз қабілет-қары-
мын байқап көру үшін, кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсу үшін жаңа ме-
гаполиске үміт арта бастады. Мұның өзі жаңа мүмкіндіктерді пайдалану 
мақсатында мыңдаған адамдардың елордаға ағылуына ұласты.
Көші-қон қарқынының қандай екенін мына статистикаға қарап білуге 
болады: 2000 жылдан 2013 жылға дейін Астана тұрғындарының саны 300 
мыңнан 800 мыңға дейін, яғни екі еседен артық өсті. Елорданың Қазақстан 
халқы үшін әлі де бәсеңдемей отырған тартымдылығында тек іскерлік астар 
ғана бар деп түсінбеген жөн. Астана – өмір сүруге өте қолайлы, дамыған 
инфрақұрылымға, мансаптық жағынан ғана емес, мәдени демалыс тұрғы-
сынан да әртүрлі мүмкіндіктерге ие қала: астаналық театрлар, кинотеатр-
лар, концерт залдары, мейрамханалар, сауда және ойын-сауық орталықта-
ры, спорт алаңдары сан алуан талап-тілекті де қанағаттандыра алады.
Астана елдің барлық өңірлерімен және күллі әлеммен автомобиль, әуе 
және темір жолдары желісі арқылы сабақтаса байланысқан. Бұл – Орталық 
Азиядағы ең ірі көлік торабы. Теміржолдың жаңа жүйесі жасалып, еліміз-
дегі ең алғашқы «Астана – Бурабай» автобаны ашылған соң, бұл тораптың 
маңызы бұрынғыдан да арта түсті. 
Құла дүзде бой көтерген елорда өңір табиғатының айрықша қатал-
дығына қарамастан, нағыз жасыл желекті шаһарға айналып шыға келді. 
Астананың әсем саябақтары – қаланың әрі көркі, әрі тынысын кеңітер 
«өкпесі». Қазір қаланы жалпы аумағы 60 мың гектар болатын қалың жа-
сыл сақина қаусырып жатыр. Бұл идеяны ортаға тастаған өзім болатын-
мын – елорданы қоршай егілген ну ағаш бірте-бірте жайылып өсе келе, 
қаланың теріске йіндегі табиғи ормандарға қосылып, тұтасып кетпек. Кө-
галдандырудың дәл мұндай орасан зор жобасы Қазақ жерінде бұған 
дейін болған емес.


194
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Сөз жоқ, Астананың ірі агломерация және ел орталығы ретінде әрі 
қарай дами түсуі ұлттық ауқымдағы басым міндет болып саналады. Сол 
себепті, мен жеке өзім үшін «астананы дамыту арқылы мемлекетті да-
мыту» деген қарапайым сөз тіркесін туындатқан даму формуласын алға 
қойдым.
Қазір бүкіл Қазақстан экономикасы қарқынды даму үдерісіне ілесті. 
Бұған Астананы ауыстыру туралы шешім аз ықпал еткен жоқ, менің оған 
сенімім кәміл. Шеті-шегі жоқ ұзақ жолдың – Қазақстан Республикасының 
тұрақты даму және өрлеу жолының бастауы да осы. Алатаудың қарлы бөк-
терінен Есіл жағалауына көшіп, ұшы-қиырсыз ұлан-ғайыр Қазақстанның 
даму қарқынын айқындап отырған Астананың даму жолы да сол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет