НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет145/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Ақпараттық магистраль
2000-шы жылдары ақпараттық коммуникациялардың серпінді дамуы 
экономикаға және тұрмыс сапасының жақсаруына едәуір септігін тигізді. 
Мемлекеттік басқаруда, экономика және қаржы нарығында, мәдениет пен 
әлеуметтік салада ең алдыңғы қатарлы ақпараттық технологиялар қарқын-
ды түрде енгізіліп жатты. 
1990-шы жылдардың соңында-ақ Қазақстан аумағы арқылы транзит жо-
лымен Майндағы Франкфурттан (Германия) Шанхайға (Қытай) халықаралық 
Транс-Азия-Еуропалық оптикалық-талшықты байланыс желісі тартылды. Бұл 
жоба Қазақстан ішінде де магистральдар желісін жасауға тың серпін берді.


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
229
2001 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстанда ұзындығы 11 мың шақы-
рымға созылған, еліміздің 14 ірі қаласын және 100-ден астам шағын қа-
лаларын, аудан орталықтарын, кенттерді қалааралық және халықаралық 
сапалы сандық байланыспен қамтамасыз еткен оптикалық-талшықты Ұлт-
тық ақпараттық супермагистралінің құрылысы кезең-кезеңімен жүргізілді. 
Осылайша, байланыстың жаңа сапасына қол жеткізілді.
2000-шы жылдары Қазақстан Орталық Азия өңірінде және жалпы 
алғанда, Еуразияда маңызды транзиттік торапқа айналды, әлемдік ақпа-
раттық кеңістікке ойдағыдай кірігіп кетті.
2010-шы жылдардың басында Қазақстан аумағы арқылы Майндағы 
Франкфурттан Гонконгқа ұзындығы 8,7 мың шақырымға созылатын DREAM 
(Diverse Route for European and Asian Markets) трансқұрлықтық оптика-
лық-талшықты магистралі жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет