ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
267
тән миссияны – Еуропа мен Азия арасындағы, мәдениеттер мен дәстүр-
лер арасындағы байланыс миссиясын танытатынын айтты.
Рим Папасы
Қазақстанды «кездесу, алмасу және жаңалық мекені» деп қабылдады. Ол
Қазақстанда қол жеткізілген келісім «барлық адамдарды бейбітқатар өмір
сүруге шақырудың айқын белгісі ретінде бүкіл әлемге көрсетіле алатынын»
ерекше атап өтті.
Жеке кездескенімізде понтифик маған шын жүректен: «Мен Қазақстан
тәуелсіздігінің мығым болғанын тілеймін. Осы мығымдық өмірдің барлық
саласына – экономикаға да, мәдениетке де, саясатқа да тән болсын», –
дегені есімде. Понтификтің
бұл сөзін мен көпті көрген, біздің әлемімізді
жақсарта түсу жолында бірегей үлес қосқан ұлы адамның өз халқым үшін
бұдан әрі де аянбай еңбек етуіме берген батасы деп қабылдадым.
2000 жылдары Астанаға Бүкіләлемдік Ислам лигасының Бас хатшысы
Шейх Абдалла бен Әбдел Мұхсин ат-Түрки бірнеше рет келді. Бұл сапар-
лар Қазақстанның ислам әлемімен етене байланыста екенін айқындай түсті.
Бүкіләлемдік Ислам лигасы Бас хатшысының
дінаралық диалог пен
әлемдік діндерді ұстанушылар арасындағы ортақ сыйластықты дамыту
мәселесіндегі біздің еңбегімізді үнемі жоғары бағалап, қолдап отырғанын
айта кеткеніміз жөн.
2010 жылдың қаңтарында Астанаға Орыс Православ шіркеуінің басшы-
сы Патриарх Кирилл алғаш рет келіп, жаңа Қасиетті
Успен соборын дәріп-
теді. Содан кейін ол Алматы халқымен кездесу өткізді, Гвардияшыл-панфи-
ловшылар паркіндегі Даңқ мемориалына гүлдесте қойды. Кездесуіміздің
соңында Патриарх: «Қазақстан оның еңбексүйгіш және бейбіт халқы, Пре-
зиденті мен елдің болашағы үшін оған үлкен жауапкершілік жүктеген
барлық адамдар Жаратушының ықылысына бөленсін», – деді қоштасып
тұрып.
Достарыңызбен бөлісу: