НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет198/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Қазақстан мен Қытайдың жан-жақты 
стратегиялық әріптестігі
Жаңа ғасырдың бірінші онжылдығында Қазақстан – Қытай қатынастары 
қарқынды түрде нығая және дами түсті. Менің Қытай Халық Республикасы-
на сапарларым, ал ҚХР төрағасының Қазақстан Республикасына сапарла-
ры тұрақты түрде жасалды.
2002 жылдың 23 желтоқсанында ҚХР-ға сапарым кезінде Цзян Цзэминь 
екеуміз Көршілік, достық және өзара қарым-қатынас туралы келісімге қол 
қойдық. Бұл құжат 1990 жылдары басталған оң қарым-қатынасымыздың 


316
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
маңызды нәтижесі болды, әсіресе энергетика саласындағы стратегиялық 
серіктестігімізге жол ашты.
2003 жылдың наурызына ҚХР төрағасы болып Ху Цзиньтао сайланды. 
Көп уақыт өтпей-ақ, 2003 жылдың маусым айында ол Қазақстанға мемле-
кеттік сапар жасады. Сапар барысында тараптар Қазақстан Республикасы-
ның мұнай-газ саласына инвестиция туралы, ҚХР-ға мұнай құбырын және 
газ құбырын тарту жобасы туралы құжаттарға қол қойды. 2003 жыл Қа-
зақстан мен Қытайдың белсенді энергетикалық ынтымақтастығының баста-
уы болды.
2004 жылдың мамырында Қазақстан – Қытай ынтымақтастығы жөніндегі 
комитет құрылды. 2004 жылдың қыркүйек айында Қытайдың Шыңжаң-Ұй-
ғыр автономиялық ауданына жұмыс сапарымның қорытындысы бойын-
ша «Қорғас» шекара бойындағы халықаралық орталығын құру жөніндегі 
келісімге қол жеткізілді.
Қазақстан – Қытай қарым-қатынасының перспективасы үшін 2005 жыл-
дың 4 шілдесінде Астанада қол қойылған біздің Ху Цзиньтаомен стратегия-
лық әріптестік орнату және дамыту жөніндегі бірлескен декларациямыз 
ерекше маңызды болды. 
Келесі жылы, 2006 жылдың желтоқсан айында ҚХР-ға сапарым кезінде 
«ХХІ ғасырдағы ынтымақтастық стратегиясына» және экономика, энерге-
тика, мәдениет салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі бірқатар құжатқа 
қол қойылды. Ол құжаттардың ішінде Қорғас арқылы темір жолдарды түйіс-
тіру жобасы да бар. 
2007 жылдың тамызында ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао Қазақстанға са-
пармен келді. Тараптар шикізаттық емес секторлардағы ынтымақтастық 
бағдарламасын бекітті. 
2008 жылдың тамыз айында мен Бейжіңдегі Олимпиялық ойындардың 
ашылу салтанатына қатыстым. 
Қытайға 2009 жылдың сәуіріндегі сапарым әлемдік қаржы дағдарысы 
кезінде өтті. Сондықтан келіссөздердің басты тармағы қаржылық және 
сау да-экономикалық салалардағы келісімдер болды. Біз әлемдік экономи-
калық турбуленттілікке қарамастан, 2008 жылы елдеріміздің арасындағы 
тауар айналымы 17 миллиард долларға дейін өскенін мысал еттік. Өзара 
әрекеттестікті жалғастыра беру туралы келісімге келдік.
Басы ҚХР аумағынан басталатын Іле, Ертіс сияқты трансшекаралық 
өзендердің су ресурсын тиімді пайдалану да Қазақстан – Қытай қатынаста-
рында елеулі орын алады. Қазақстан трансшекаралық өзендер мәселесін 
жан-жақты реттеудің әлеуметтік дамуға және шекараның екі жағында да 
қоршаған ортаны сақтауға жол ашатынына сенімді.


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
317
2010 жылдың маусымында ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао Қазақстанға келді. 
Ол стратегиялық әріптестікті дамытуға қатысты бес ұсыныс білдірді. Олар 
– стратегиялық өзара сенімді нығайту; іскерлік ынтымақтастықты кеңейту 
және ортақ мүдделерге қол жеткізу; гуманитарлық салада белсене жұмыс 
істеу және достықты нығайту; өңірлік тұрақтылықты қолдау; көпжақты өза-
ра әрекеттестік және біріккен мүддені қорғау. Мен ҚХР төрағасының баста-
масын толық қолдадым. 
2011 жылдың ақпан айында мен ҚХР-ға тағы бардым. Жиі сапар алма-
суымыз маған және ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоға екіжақты қатынастарды 
жоғары бағалауға және оны жаңа деңгейге көтеруге қатысты ортақ пікірге 
келуімізге мүмкіндік берді. 
Біздің тараптар Іле және Ертіс өзендерінің суының сапасын екі жақтан 
да бақылап тұруға мүмкіндік беретін Трансшекаралық өзендер туралы 
үкіметаралық келісімге қол қойды. 
Қазақстан ҚХР-дағы атом электр стансалары қажеттілігінің 40 процентке 
жуығын өтейтін уран жеткізу туралы келісім жасады. Шикізаттық емес сек-
торлардағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді. Сол кезде 
мен Қытай Қазақстанды сенімді көршісі деп санайтынын және осы сенім 
біздің экономикамыздың қозғаушы күші болатынын айттым. 
2011 жылдың 13–14 маусым күндері, Астанаға ШЫҰ мерейтойлық саммиті 
қарсаңында ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао Қазақстанға кезекті сапармен келді. Біз 
Жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі бірлескен декларация-
ға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау бойынша және ұлттық валюталары-
мызбен алмасу туралы келісімге қол қойдық. 2005 жылы біз қатынастарымыз-
дың стратегиялық деңгейі туралы айтқан болсақ, енді 2011 жылы стратегиялық 
әріптестіктің жан-жақты бола түскенін салтанатты түрде жарияладық.
2000-шы жылдар жоғары деңгейдегі тұрақты байланыс Қазақстан мен 
Қытай арасындағы оң қарым-қатынасты дамытудың басты мәні болғанын 
көрсетті. Жаңа ғасырдың бірінші онжылдығының ортасында Қазақстан – 
Қытай қатынастары стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілсе, ол Қытай 
Халық Республикасы басшыларының үшінші және төртінші буыны – Цзян 
Цзэминь мен Ху Цзиньтао алдындағы Қазақстан Республикасының беделі-
не байланысты болғаны даусыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет