ТҰЖЫРЫМ ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢДЕРІ Тәуелсіздік. Бұл – ЖАСАМПАЗДЫҚ ДӘУІРІ.
Қазақстан тәуелсіздік жылдарында негізгі төрт кезеңнен тұратын үлкен
жолдан өтті.
Бірінші кезең. Тәуелсіз мемлекеттің қалыптаса бастауы (1990-шы жыл-
дардың бірінші жартысы).
Екінші кезең. Мемлекеттілікті нығайту және дағдарысты еңсеру (1990-
шы жылдардың екінші жартысы).
Үшінші кезең. Өрлеу және әлемдік дағдарыс арқылы әрі қарай алға басу
(2000-шы жыл – 2010-шы жылдардың басы).
Төртінші кезең. Жаңа жаһандық ахуалда қалыптасқан мемлекет (2010-
шы жылдар).
Елімізде «үштік транзит» – қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеу-
меттік салаларда жүйелі реформалар жемісті жүзеге асырылды.