Негіздері


хемотаксис  (сұйықтыққа) және  реотаксис



Pdf көрінісі
бет180/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

хемотаксис 
(сұйықтыққа) және 
реотаксис
(химиялық 
қоздырғышқа қарсы қимыл жасау) қасиеттеріне байланысты жүреді.
Сперматозоидтар жатырға 30-60 минутта, ал жатыр түтігінің дистальді 
бӛлігіне 1,5–2 сағатта жетіп, аналық жасушаны ұрықтандырады. 
Ұрықтандыру қасиетін 2 тәулік сақтайды.
Сперматозоидтардың ұзындығы шамамен 70 мкм, атқаратын қызметіне 
сәйкес сперматозоидтардың басы, мойны және құйрығы болады (55, Б сурет).
Басында жұмыртқа жасушасын тани білетін 
гликозилтрансфераза 
дейтін 
рецепторы мен тығыз келген, мӛлшері кішілеу ядросы болады. Ядросында 
нуклеогистондар, 
нуклеопротеоаминдер, 
гаплоидты 
жиынтықтағы 
хромосомалар бар. Ядроның алдында акросома орналасқан. Акросомада 
гиалуронидаза және протеаза ферменттері бар. Ферменттер сперматозоидтың
жұмыртқа жасушасына ӛтуін қамтамасыз етеді. Акросомасы Гольджи 
комплексінің туындысы болып табылады. Адам сперматозоидында 23 
хромосома бар, оның 22 аутосома, біреуі жыныс хромосомасы. Жыныс 
хромосомасы ер адамдарда ХУ болғандықтан, сперматозоидтың екі түрі пісіп 
жетіледі, біреулерінде Х болса, біреулерінде У болады. Х-хромосомасының 
салмағы У-хромосомасына қарағанда ауыр, сондықтан оның қозғалысы баяу 
болып келеді. Сперматозоидтың басынан кейін орналасқан қысқа мойны
құйрығымен жалғасқан. Құйрығы – аралық, негізгі және терминальді болып 
бӛлінеді. Аралық бӛлігінде центриоль, микротүтікшелер және оны қоршай 
орналасқан митохондриялар бар. Микротүтікшелердің құрамында тубулин 
белогі болады. Әрбір микротүтікшелерден жұп болып 
динеин
белогының 
ӛсінділері шығып тұрады, оларда АТФ-азаның белсенділігі ӛте жоғары 
болғандықтан, сперматозоидтарды қозғалысқа алып келеді. Егер, ол белок 


126 
болмаса сперматозоидтардың қозғалысы жойылады. Сонымен қатар, оның 
қозғалысына рН ортасы мен дене температурасының атқаратын рӛлі 
маңызды.
Электрондық микроскоп арқылы зерттегенде сперматозоидтың 
басындағы протоплазманың сұйық кристал күйінде болатыны анықталды. 
Сондықтан сперматозоид сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына тӛзімді. 
Мысалы, иондаушы радиацияның, зақымдаушы әсері жетілмеген жыныс 
жасушалармен салыстарғанда спермазоидтарға әсер етпейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет