глиоциттер немесе
макроглия және
микроглия . Макроглия жүйке түтігінен дамыса, микроглия
мезенхимадан дамып жетіледі.
Макроглияға жататындар :
-
эпендимоглия, - астроглия, - олигодендроглия. Эпендимоглия жұлын ӛзегі мен ми қарыншаларының ішкі қабырғасын
астарлайды. Жасушалары эпендимиоциттер, пішіні куб тәрізді болады.
Эпендимиоциттердің жұлын ӛзегі ішіне қараған бетінде кӛптеген
кірпікшелері болады. Олар жұлын сұйығын жылжытуға қолайлы жағдай
жасайды (136-сурет, А). Базальді жағында миға бағытталған ұзын ӛсіндісі
болады, ол мида механикалық және шектеуші қызметін атқарады. Бұл
жасушаларды
танициттер деп атайды, олардың кӛбісі ІІІ ми
қарыншасының түбінде орналасқан. Сонымен қатар, қарыншадағы қан
тамырлары біріккен жердегі эпендимді эпителиоциттер цереброспинальді
сұйықтықты (ликвор) ӛндіреді. Кӛптеген эпендимиоциттер секреторлық
қызмет атқарады, қанға және ми қарыншаларына активті заттар бӛледі.