9
- балалардың оқуына және жан-жақты когнитивті, әлеуметтік және
эмоционалдық дамуына оң әсер етеді;
- оның түрлері көп, ол балалар үшін көңілді және белсенді әрекет,
сипаты бойынша жан-жақты, әлемді тану мен баланы оқытудың жетекші
әрекеті және негізгі тәсілі болып табылады.
Ойын барысында педагогтер балалардың өз тәжірибелерін оң және
теріс деп талдауға, өз эмоцияларын реттеуге үйретеді, сондай-ақ өмірлік
маңызды дағдыларды дамытады.
Мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру процесінің тиімділігі, сондай-ақ
баланың даму динамикасы туралы ақпарат алу үшін диагностика негізінде
Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізіледі
(бастапқы қыркүйек айында, аралық-қаңтарда және қорытынды-мамыр
айында).
Мониторингтің мақсаты:
- баланың жетістіктерін қадағалау;
- балаларды тәрбиелеу мен дамытуда жеке тәсілдерді қамтамасыз ету;
- түзету іс-шараларын жедел жоспарлау негізінде білім беру процесін
жетілдіру;
- баланың Бағдарлама мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау.
Нәтижелер «Бақылау парағында» толтырылады. Алынған мәліметтер
негізінде Баланың жеке даму картасы толтырылады. Баланың жеке даму
картасының «Түзету іс-шаралары» бөлімінде диагностика мәліметтерінің
қорытындысы бойынша балалармен жұмыс істейтін педагогтер мен
мамандар баланы одан әрі дамыту іс-шараларын толтырады.
Педагогикалық диагностиканы тәрбиеші басқа да педагог мамандармен
тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: