Редакциялау күні
17.10.2018
Сақтау күні
17.05.2022
Дата редакции
17.10.2018
Дата скачивания
17.05.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
3) білім алушылардың әртүрлі қолданбалы программаларды қолдану
арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету;
4) байланыс, ақпарат алмасу және ынтымақтастық үшін ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалануын ынталандыру;
5) білім алушыларды компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері мен
авторлық құқықтарды құрметтеуді үйрету.
4. Оқу бағдарламасында үш тілде оқыту ғана емес, сонымен қатар білім
алушылардың мектептен тыс сабақтарын үш тілде (қазақ, орыс және шетел
тілдерінде) ұйымдастыруды көздейтін үш тілде білім беруді жүзеге асыру
қарастырылған.
5. Оқу бағдарламасының ерекшелігіне оның пән бойынша білім мен
білігінің қалыптасуына бағдарлануы ғана емес, сонымен қатар, білімді
функционалдық және шығармашылық жағынан қолдану, сын тұрғысынан ойлау,
зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды, әртүрлі коммуникациялық әдістерді пайдалану, топта және
жеке жұмыс істей білу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау сияқты кең
ауқымды дағдылар жатады.
6. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең спектрлі дағдылардың табиғи үйлесімде
дамуы - білім алушылардың бойында: «қазақстандық патриотизм және азаматтық
жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және шығармашылық»,
«ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты базалық құндылықтарды
қалыптастырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушылардың
мінез-құлқына және күнделікті іс-әрекеттеріне ынталандырушы болуға арналған
оның тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: