Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Иммундық серпілістер сатысы



Pdf көрінісі
бет294/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Иммундық серпілістер сатысы. 
Аллерген болып нәруыздар 
мен гликопротеиндер және тін нәруыздарымен байланыса 
алатын химиялық заттар есептеледі. Бұл серпілістер 
молекулалық массасы кішкене және антиденелер өндірілуін 
сергітетін 
қабілеті 
(иммуногендік 
қасиеті) 
аз 
нәруыздарға дамиды. Содан оларға: 

микробтардың 
(туберкулездің 
микобактериялары, 
қызылшаның, шешектің, сарыптың, мерездің, көкжөтелдің, 
туляремияның 
т.б. 
қоздырғыштары), 
майда 
саңырауқұлақтардың нәруыздары

вирустардың нәруыздары; 

химиялық заттар (динитрохлорбензол, никель тотығы, 
бояулар, дәрі-дәрмектер, өсімдік улары т.с.с.);
● 
өндірістік және тұрмыстық (әсемдік бұйымдар, кір 
жуғыш ұнтақтар) заттар; 

ауыстырылып қондырылған, тін нәруыздары т.с.с.– 
жатады. 
Жасушалық иммундық жауап Т-жасушаларымен қамтамасыз 
етіледі. Олар цитотоксиндік және баяу дамитын жоғары 
сезімталдық (БДЖС) түрлерінде болады. Цитотоксиндік түрі 
CD8
+
корецепторлары бар Т
к
-лимфоциттерінің, ал БДЖС – 
CD4

корецепторлары 
бар 
Т
х
-лимфоциттердің 
және 
макрофагтардың қатысуларымен дамиды. 
Организмге сырттан енген немесе өзінде құрылған 
аллергендер макрофагтармен байланыстырылып, өңдеуден 
өткеннен 
кейін, 
интерлейкин-12 
және 
γ-интерферон 
өндіріп, жәрдемші Т
х
0 жасушаларынан Т
х
1 лимфоциттері 
өсіп-өнеді. Бұлар интерлейкин-2 өндіріп, БДЖС-қа 
жауапты 
сезімталдығы 
көтерілген 
Т- 
эффектор 
лимфоциттеріне, цитотоксиндік Т-жендет және Т-жады 


353
жасушаларының 
өсіп-өнуін 
сергітеді 
(12-сурет). 
Организмге аллерген қайталап түскенінде жедел иммундық 
жауап қайтаруда Т-жады жасушаларының маңызы өте зор. 
Сезімталдығы көтерілген Т-эффекторлар мен Т-жендет 
жасушалары аллерген (бактериялар, дәрілер, химиялық 
заттар) орналасқан немесе аутоаллергендері бар ағзалар 
мен тіндерге немесе ауыстырылып отырғызылған ағзаға 
жабысады. Содан олар аллергенмен байланысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет