514
қоздыруды Геринг рефлексі деп атайды. Осы тәсілдер
ұстамалы тахикардияның ұстамасын тоқтату үшін клиникада
кеңінен пайдаланылады;
●
жүрекке
симпатикалық-адреналиндік
әсерлердің
әлсіреуінен; бүндай жағдай жоғары жүйке
іс-әрекеттерінің
бұзылыстарында, симпатикалық жүйке жүйесінің орталығы
орналасқан
гипоталамустың
құрылымдық
бүліністерінде,
симпатикалық
жүйке
талшықтарының
рецепторларының
бұзылыстарында байқалады;
●
синустық-жүрекшелік
торабқа
әртүрлі
физикалық,
химиялық
немесе
биологиялық
ықпалдардың,
тікелей
бүліндіргіш
әсерлерінен.
Мәселен,
осы
тораптың
жарақаттануы, оған қан құйылуы синустық брадикардияның
дамуына әкеледі.
Сонымен бірге синустық-жүрекшелік
торапқа улы заттар,
өт қышқылдары, кейбір дәрі-дәрмектер (хинин, опиаттар,
жүрек гликозидтері, холиномиметиктер т. б.)
тежеуші әсер
етеді.
Бұл
факторлар
тым
қарқынды
болғанда
синустық-
жүрекшелік торапта серпін пайда болуын сиретіп қана
қоймай, оны мүлде жоғалтуы мүмкін. Жүрек соғуы қатты
сирегенде қанайналым жеткіліксіздігі дамиды.
-сурет. Жүрек ырғағының номотоптық бұзылыстары.
а. Сау адамның ЭКГ-сы;
б.
Синустык
тахикардия;
в. Синустық брадикардия; г. Синустық аритмия
(дем алғанда жүрек соғуы жиілеп, дем
шығарғанда
сирейді).