67
бағаланады. Бұл валюталық түсімдер жетімсіздігін бастан кешіруші дамушы
елдер үшін қалыпты болып табылады. Өндірісі дамыған елдер үшін бұл басқа
мәнге ие болуы мүмкін. Мысалы, АҚШ-тың сауда теңгерімінің тапшылығы
(1971 жылдан бастап) оның рыногына күрделілігі жоғары тауар өндіруші
халықаралық бәсекелестерінің (Батыс Еуропа, Жапония, Гонконг, Тайвань,
Оңтүстік Корея, басқа да елдердің) бел сене енуімен түсіндіріледі.
Қалыптасқан
халықаралық
еңбек
бөлінісі
нәтижесінде
ресурстар
халықаралық көлемде тіпті де тиімдірек қолданылуда. АҚШ-тың сыртқы
сауда тапшылығының көрінісі болып жоғарыда аталып өтілген әріттестерінің
аталмыш операциялары бойынша белсенді сальдосы болып табылады.
Өсыдан түскен валюталық түсімдерді олар шетелге капитал салүға
пайдаланады, оның ішінде АҚШ экономикасына да салады.
Сауда теңгерімі мен ел ішіндегі кіріс деңгейінің үмітті жайына қол
жеткізу экономикалық саясаттың түрлі бағыттағы шараларын қолдану талап
етілетін жағдайында туындайтын проблемаларды қарастырайық.
Біз баға деңгейі белгіленді және сұраныс шығару көлемімен толық
қанағаттандырылды деп санайық. Ең алдымен сыртқы сауданың
IS
моделіне
қалайша қосылатынын қарастырайық. Ашық экономикада ел ішінде
өндірілетін тауарлардың бір бөлігі шетелге сатылады. Ал ел тұрғындары осы
сәтте өз ақшаларын шетелдік тауарлар сатып алуға жұмсайды.
Бұл жердегі маңыздысы бұл жағдайда ішкі шығындар ішкі тауар өндіру
көлемін анықтамайды. Ішкі өндіріс көлемі енді ішкі өндіріс тауарлары мен
қызметтерге кететін шығындармен анықталады. Ел тұрғындарының
(резиденттерінің) шығындары жартылай отандық тауарларды сатып алуға,
жартылай шетелдік тауарларды сатып алуға жіберіледі. Осы сәтте ішкі
өндіріс тауарларына деген сұраныс, резиденттердің шығындарымен қатар
өзіне экспортты да қосады, яғни сыртқы сұранысты да.
Мұны 13-ші формула түрінде көрсететін болсақ, ол келесі түрде
көрінеді:
Ішкі өндіріс тауарларына кететін шығын =
Достарыңызбен бөлісу: