Мәдениет терминінің шығу тарихы


Негізгі ұғымдар: Ұлы дала, Көшпелі, номадизм, архетип, обал, сауап



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата26.05.2022
өлшемі1,82 Mb.
#145200
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мәдениеттану Қорытынды слайд

Негізгі ұғымдар: Ұлы дала, Көшпелі, номадизм, архетип, обал, сауап
«Обал» сөзінің ислам шариғатындағы мағынасы «артында өте ауыр азабы бар іс-
әрекет, күнә, қылмыс, азғындық» деп түсіндіріледі. Құранда: «Олар жасаған істерінің
обалын тартады» деген аят бар («Хашыр» сүресі, 15-аят). Бұл аятты мұсылман
ғалымдары «Адамдар жасаған күнәлі істерінің жазасын бұл дүниеде де, ақиретте де 
тартады» деп түсіндірген. Бұрынғы кезде үлкендер «обал-ай!», «обал-дағы-ай!» деген
сөздерді көп қолданған.
Алла разылығы үшін жасалған әрбір жақсы іс сауап болып есептеледі. 
Мысалы, кұлшылық жасау, ғылыммен айналысу, біреудің қажеттілігін
өтеу, қарыз беру, сәлемдесу, аш адамды тойдыру, кішілерге қамқор болу 
– бәрі де сауап істер қатарына жатады. Сондықтан қазақ халқы «сауап
үшін» дегенде, жақсылық жасаушы ақша, төлемақы күтпейді. Өйткені ол
ісінің бұл дүниедегі көзге көрінбес берекесі мен ақиреттегі шексіз мол 
сыйын Алладан күтеді.


Архетип деген не?
Архетип (грек, агсһе — бастау, tupos — бейне) — алғашқы үлгі, 
түпнұсқа. Архетип жалпы адамзаттық рәмізділіктің негізіне, 
шығармашылық жасампаз қиялдың нәр алатын бастауына жатады. 
Мәдени архетиптер — бұл ілкі мәдени түпнұсқалар, адам және
оның табиғат пен қоғамдағы орны жөніндегі түсінік-рәміздер, 
тарихтың терең қойнауларынан үзілмей «өсіп» шығып, қазіргі
мәдениеттің нормалық-құндылық кеңістігінде өз маңызы мен 
мағынасын жоғалтпаған және бүгінгі адамдардың әрекеттеріне
жалпы жоба беретін баптық-құндылық бағдарлар.
Тiлiмiздегi этномәдени сәукеле сөзiнiң о бастағы шығу тегi сақ
дәуiрiне барып тiреледi. Атауды морфологиялық жағынан
талдасақ, екi компоненттен құралған: алдыңғы буынындағы
“сәу” байырғы “сақ” тайпа атының тiлдiк өзгерiске түсуiнен
қалыптасқан. Сөздiң екiншi бөлегiндегi “келе” бас киiм
ұғымындағы архаизм. Яғни, сәукеле этнографизмiнiң
мағынасын “сақтардың бас киiмi” деудiң мүмкiндiгi бар. 
Сақтардың бастарына биiк, тiк тұратын, төбесi шошақтау
келген үшкiр, сәндi бас киiм киетiндiгiн сол дәуiрде өмiр сүрген
грек ойшылдары Страбон, Геродот та куәландырады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет