Қорытынды аттестаттау тапсырмалары


Тіл сапасына қосымша 5 балл беріледі



Pdf көрінісі
бет30/99
Дата27.05.2022
өлшемі2,96 Mb.
#145331
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   99
Байланысты:
ТАПСЫРМАЛАР

Тіл сапасына қосымша 5 балл беріледі. 
Барлығы: [5+5=10 балл]
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


31 
ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ 
(қазақ тілінде оқытылмайтын гуманитарлық бағыттағы сыныптарға) 
Нұсқа №2 
 
Төменде берілген мәтінді оқыңыз.
Абайдың балалық шағы 
 
Абай Құнанбайұлы1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан 
облысының Абай ауданындағы Шыңғыс тауында дүниеге 
келген. Азан шақырып қойған аты Ибраһим екен. Абай ислам 
дінінің қағидаларын барынша құрметтейтін діни отбасында 
өсіп, тәрбие алды. Оның әкесі Құнанбай қажы тобықты 
руының өте ықпалды, орыс тілін жақсы білген биі болды. 
Орыстың алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдерімен қарым-
қатынас жасап тұрды. Ол шыққан тегі сұлтан әулетінен 
болмаса да, Қарқаралы округында алғашқы аға сұлтандардың 
бірі болып сайланды. Ғұмырының аяқ кезінде Меккеге 
қажылыққа барып қайтты. Меккеде Құнанбай қажы салдырған Тәбия қонақүйі әлі 
бар. Қажылықтан қайтып оралған Кұнанбай бұл дүниелік істерден біржола қол 
үзеді. Ақынның бабасы Өскенбай Қазақстанның Солтүстік-шығыс аймағындағы 
әділетті де ықпалды қазақ билерінің бірі болатын. Оның қалдырған данышпандық 
сөздері мен ғибаратты өсиеттері аз емес. Биге қазақтардың алыс жатқан 
руларының адамдары да шағым айта келіп, жүгінетін. Абайдың арғы атасы 
Ырғызбай да атақты би әрі батыр болған.
Абай әуелі ауыл молдасынан сауат ашып, сосын Семейдегі Ахмет Риза 
медресесінде үш жыл оқып білім алады. Ол бала жасынан кітапқа құмар болды, 
араб-парсы және көне түркі әдебиетінің үлгілерімен танысты. Абай қазақтардың 
дәстүрлі әдет-ғұрып заңы мен ислам дінінің қағидаларын терең меңгерді. Онымен 
білім жарыстырудан молдалардың өздері қауіптенетін. Абай халық ауыз 
әдебиетінің үлгілерін өте жақсы білді. Мектеп қабырғасында оқып жүрген 
кезінде-ақ өзінің алғашқы өлеңдерін жаза бастады.
Әкесі Құнанбай Абайды тобықты руының болашақ билеушісі ету 
мақсатымен оқудан ауылға кері қайтарып алады. Мұнда ол халықтың қалың 
ортасына түседі. Билер, ақындар, сазгер-әншілермен, сондай-ақ даланың 
данышпан ойшылдарымен жиі-жиі бірге болып, араласып тұрады. Ақынның 
жастық шағы патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстігіне қарай әскери күшпен 
ентелеп ене бастаған кезімен тұспа-тұс келді. Ол патша үкіметінің округтық 
приказдардағы жағдайының барған сайын нығая түскенін, XIX ғасырдың 60-90-
жылдарындағы әкімшілік реформаларының енгізілгенін өз көзімен көрді. Ол аз 
уақыт болыс болған кезінде, қай істі болса да әділ және адал шешуге талпынды. 
Сол үшін қатардағы қарапайым халықтың терең сый-құрметіне бөленді. Бірақ 
қоғамның күрделі проблемаларын мұндай қарапайым тәсілмен шешуге 
болмайтынына бірте-бірте кәміл көз жеткізе бастайды. Сондықтан да ол 
қазақтардың білім мен ғылым алуын белсене жақтаушыға айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет