6
ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІ
(оқыту қазақ тіліндегі жалпы орта білім беретін мектептерге)
Нұсқа №2
Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні:
газет мақаласынан үзінді
Экологиясыз болашақ – келешегі кемел болашақ
«Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізовпен болған
сұхбат.
–
Бүгінде сіз басқарып отырған «Табиғат» экологиялық одағы қандай іс-
шара атқарып жатыр?
–
Табиғатты қорғау бір адамның қолынан келетін шаруа емес. Біз мәселені
көтерген кезде, бүгіннен бастап келер ұрпаққа не қалдыратынымызды, қалай
жасау керек, не істеу керек екенін және оны шешу жолдарын да бірге ұсынамыз.
Сондықтан табиғи байлығымызды қорғап қалу үшін бақылап отыратын бекеттер
аштық. Іске қосылғанына көп болмаса да, төңірегінде тұратын азаматтар тек
алғыстарын білдіруде.
Шарында біздің ұсынысымызбен ұлттық саябақ құрылды. «Медеудің»
маңынан «Жас жұбайлар» паркін де аштық. Балқаш атом стансасынан шығатын
қалдықтың адам денсаулығына тигізер зиянын дәлелдеп, өнеркәсіп жұмысын
біржолата тоқтаттық.
–
Еліміздің экологиясын жақсарту үшін не істеу керек?
–
Біріншіден, Заң жағы реттелу керек. Ең бастысы, қаражат, ынта, тәрбие
болса, біраз мәселе шешіледі. «Бір тал кессең, он тал ек» демекші, көктем
мезгілінде ағаш егуді әдетке айналдыру керек. «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші, табиғатты қорғау - әрбір азаматтың
парызы екенін үнемі естен шығармауымыз тиіс.
Елдос Өмірзақұлы.
Достарыңызбен бөлісу: