Резус ф актор - қанның көптеген антигендік қасиеттерінің
бірі.Қанда бұл фактор болса, доминанттылық қасиет көрсетеді , ал
болмаса, рецессивті белгі деген сөз. Жер шарындағы барлық
халықтардың
86
пайызының қанында резус фактор бар, ал 14
пайызында ол жоқ.
Р епликация - бастапқы матрицалық
ДНК
молекуласының
негізінде жаңа ДНК жіпшелерінің синтезделуі.
Реком бинация - мейоз процесі кезінде гендердің жаңа
комбинацияларының пайда болуы.
Р епарация - физикалық жэне химиялық мутагендердің эсерінен
өзгерген ДНК құрылымының өздігінен қайта қалпына келуі.
Репрессия - транскрипциясына тосқауыл жасау арқылы геннің
активтілігін жою.
Рецессивтілік - доминанттылыққа қарама-қарсы, яғни ген
аллельдерінің біреуінің басыңқы болуы.
РН К (рибонуклеин қышқылы) - рибонуклеотидтерден тұратын
полимер. Оның үш түрі бар: ақпараттық немесе матрицалық М РНК,
тасымалдаушы Т РНК жэне рибосомалық Р РНК.
Рибоза - РНК нуклеотидтердің қүрамына енетін моносахарид
немесе пентоза қанты.
Рибосома - белок биосинтезі жүретін цитоплазмалық органоид.
С ай т - кроссинговер жэне мутагенез кезінде біртұтас қызмет
атқаратын ДНК молекуласының бір бөлігі.
С е л ек ц и ял ы қ м атер и ал - селекциялық жүмыс барысында
сүрыптап алынатын формалар.
Достарыңызбен бөлісу: