Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


«Сендердің малдарың да, бала шағаларың



Pdf көрінісі
бет136/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   237
Байланысты:
имани гүл

«Сендердің малдарың да, бала шағаларың 
да сынақ ретінде берілді»
112
делінеді. Байлыққа қол 
жеткізу – бақытқа кенелу деген сөз емес. Бай бола тұра, 
жан дүниесі байыз таппай бақытсыздықтан басы қатып, 
тіпті, өздеріне қол жұмсаған адамдар да аз емес. Қаншама 
байлар кедейдің бір күнгі алаңсыз бақытты өміріне зар, 
тіпті сол бақытты бір-ақ күн үшін барлық дүниесін бере 
салуға пейіл. Қара нан мен қара шайды қайғысыз ішкен 
қанағатшыл кедейдің қол жеткізген рахаты мен ләзззатын 
дәулетті кісілердің көбі небір тәтті мен дәмдіні жесе де, 
қол жеткізе алмай жатады.
Бірақ, кедейлікті де бақытқа жетудің төте жолы деп 
түсініп қалмайық. Кедейліктің салдарынан басын тастан-
тасқа ұрып, өмірден түңілген жандар да қаншама. Демек, 
байлық та, кедейлік те адамды бақытты ететін негізгі се-
бептер емес. Себебі, адам тек асқазаннан ғана тұратын 
жаратылыс емес. Оның рухы, жүрегі, ішкі сезімдері, ар-
ожданы бар. Негізінде адам баласын басқа жаратылы-
стардан үстем ететін ерекшеліктері де адамның, міне, осы 
жақтары. Адам баласының осы ішкі рухани жан-дүниесі 
қанағаттандырылмайынша, бүкіл әлемді жалғыз өзі уы-
сында ұстаса да, оның бақыты бәрібір баянсыз, күлкісі 
жалған. 
Шынтуайтында, әр адам жағдайы өзінен жоғарыға 
емес, өзінен де нашар адамдарға қарап өз жағдайына 
қанағат етуді, шүкіршілік жасауды ғұмырының негізгі 
112
Тағабун сүресі/15.


223
ИМАНИ ГҮЛ
ұстанымы ете білсе, өмірден опық жемейтіндігі ақиқат.
Мысалы, кез-келген адам өзінен де жағдайы жақсы адам-
ды өмірде кездестірері шындық. Сонда әлгі адам өз басына 
жетерлік жағдайы болса да, ана адамға қарағанда өзінің ке-
дейлеу болғанын ойлап, ішін әлдебір қызғаныш тырмалап, 
өз-өзін кедей санап, Құдайға назалануы мүмкін. Ал ана 
бай өзінен де бай басқа адамды көріп, ол да бәсекелестік 
пен қызғанышқа шырмалуы ықтимал. Алайда, өздерінен 
де төмен жағдайдағы адамдарға бір сәт көз тастап, өзіне 
берілген жақсылықтарға ой жүгіртсе, Құдайға мұң шағуды 
қойып, шүкіршілікке бет бұрар еді. Адам көбіне есепсіз 
Құдай Тағаланың берген теңдесі жоқ өз бойындағы 
байлықтан хабарсыз. Зағип адам ешқашан үйдің тарлығын 
айтып шағымданбайды. 
«Япырай, «көз»
деген, айна-
лайын, басқа ешбір байлықпен өлшенбейтін Құдайдың 
берген керемет сыйы екен ғой, мен мұны неліктен ерте 
сезінбеді екенмін» деп Құдайдан жатса да, тұрса да басқа 
дүниені емес, тек көзінің айығуын тілейді. Ашаршылыққа 
душар болған жұрт та 
«шіркін, бір үзім нан болса ғой»
деп 
аңсайды. Ол алтын мен күмісті яки жақсы машинаны емес, 
тек соны тілейді. Демек, кедейлік пен байлық адамның өз 
жүрегіндегі «қанағат» сандығында жатыр. Байлық та, 
кедейлік те өзгелерге қарап өлшенгендіктен, бұлардың 
бәрі салыстырмалы түрде болмақ. Пайғамбарымыз бір 
хадисінде: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет