Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет220/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   237
Байланысты:
имани гүл

ИМАНИ ГҮЛ
Осы сауалын ол екінші бір ұстазынан сұрайды. Ол 
ұстазы: Әсем саз – ол қасиетті нәрсе емес пе? Мұнда 
аспанның сыры бар, әлемнің үні бар. Қолыңнан келсе бұл 
өнерден жиренбе...», - дейді. Мұны естіп Әбунасыр қатты 
шаттанады. Алайда ол үлкен ұстаз Әбу Мәлік хазіреттің 
өзінен сұрамаққа бекінді. Әбу Мәлік ұстаз былай деп жау-
ап берді:
– Ол да дұрыс, ол да дұрыс. Екі айтушының екеуі 
де дұрыс айтады... Я, солай... Жамандық та, жақсылық 
та адамның өз бойындағы қасиетке сүйенеді. Азғындық 
пен ізгілік ежелден егіз емес пе? Ән-күйдің әуеніне еріп, 
басқа өнер-білімнен қол үзсең, сонымен өміріңді қапыл 
өткізсең өкініш емей немене. Әсем әуен алпыс екі тамыр-
ды бірдей қозғайтын кереметті, құдіретті нәрсе. Оның 
сені билеп әкетуі ғажап емес. Алғашқы айтушы сені сонан 
сақтандырады. Құдіретті өнерді керекті жерінде өлшеумен 
ұстап, тізгінді ақыл-ойға беріп ізгілік іске қоссақ, онан 
келер пайда тағы көп. Көкірек кеңіп көңіл оятар, қиял 
қоздырып қайрат берер тағы сол... Ғылымның ата тегі әр 
ненің өлшеуін білуде емес пе?! Сен ән-күй үйренсең онан 
менің қаупім жоқ. Құдіретті күйдің сиқырлы үнін тежеп 
отыруға сенің ақыл-қабілетің мол жетеді
216
.
216
Ағжан Машанов, әл-Фараби. Жалын баспасы, 1970 ж.


356
Арнайы медициналық түтікшелерде қолдан 
ұрықтандыру арқылы сәби дүниеге әкелуге, 
әсіресе, суррогаттық тәсілге (құрсақ ана)
дініміздің үкімі қандай?
Қолдан ұрықтандыруға қатысты дініміздің үкімін 
айтпас бұрын қолдан ұрықтандырудың не екендігі жайлы 
оқырманға қысқаша түсіндірме бере кетейік. 
«Қолдан ұрықтандыру»
– табиғи жолмен өздігінен 
ұрықтана алмаған жағдайда, әйел жұмыртқа клетка-
лары мен еркек ұрық клеткасын сыртқы ортада ар-
найы медициналық түтікшелер көмегімен біріктіріп 
ұрықтандыру тәсілі. Ұрықтандырылған бұл зигота
217
ар-
тынша әйел жатырына салынады. 
Бұл тәсіл XX ғасырдың алғашқы жартысында ең 
әуелі жан-жануарларда қолданыла бастады. Бір ғана 
еркек малдың ұрығымен мыңдаған ұрғашы малдар 
қолдан шағылыстырылды. Бұл ғылыми жаңалық мал 
шаруашылығына айтарлықтай экономикалық тиімділік 
әкелді. Мыңдаған сиырларға бір ғана бұқа салу қиындық 
туғызатындықтан, шаруа иелеріне бұрынырақта көптеп 
бұқа ұстау, оларды арнайы күту, бағу керек бола-
тын. Енді жаңаша мына тәсіл арқылы оларды күтуге 
жұмсалатын шығын азайды. Оған қоса, бұқаларды 
көптеп ұстағаннан кейін қартайған бұқалардың етін 
өткізу де қолайсыз болатын. Жаңа тәсіл арқылы санау-
лы ғана бұқа ұсталатындықтан басқа еркек малдарды 
жас кезінде сойып етке өткізу де экономикалық пайда 
217
Зигота – әйелдегі жұмыртқалық клетканың еркек ұрығымен 
ұрықтанған кезі.


357
ИМАНИ ГҮЛ
әкелді. Оның үстіне, бұқалардың ұрықтарын зертхана-
да зерттеу арқылы олардың ішінен аурудан таза, етті, ең 
мықтылары таңдалып, ұрықтандыруға қажетті бұқалар 
іріктелетін болды. Сөйтіп, жоғарғы сапада мал төлдету 
мен мал түрлерін көбейтуде бұл тәсіл таптырмайтын 
мүмкіндік сыйлады. 
Кейін келе-келе бұл тәсіл табиғи жолмен ұрықтана 
алмайтын адамдарға да қолданыла бастады. 1978 жылы 
Эдвардс және Стептоу атты дәрігерлер, Джон Браун, Луиз 
Браун атты ерлі-зайыптылардың ұрықтарын түтікшеде 
ұрықтандырып, оны қайтадан Луиз Браунның жатырына 
салады. Сөйтіп, 1978 жылы 25 тамызда Лесли Браун атты 
алғашқы сәби дүниеге келген. 
Қолдан ұрықтандыру екі тәсіл арқылы жүзеге асады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет